ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19057 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы шегiнде қызметін жүзеге асыру үшін қазақстандық кеме иелері тартатын, шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн барлық кемелерге (бұдан әрi - шетелдiк кемелер) қолданылады.
Кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан, өз атынан кемені пайдаланатын Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғасы қазақстандық кеме иесі болып табылады.
2-тарау. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібі
3. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсатты (бұдан әрi - рұқсат) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілетті орган) қазақстандық кеме иесіне каботажды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті (бұдан әрі – өтініш беруші) жүзеге асыру үшін бередi.
4. Өтініш беруші уәкілетті органға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алу үшін өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жолдайды.
Өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) кертірілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандартында келтірілген.
Уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі 9 (тоғыз) жұмыс күнін құрайды.
5. Рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болмау жағдайында беріледі.
6. Рұқсат әрбiр шетелдiк кемеге шартта (келісімшартта) көрсетiлген мерзімге, соның негiзiнде жұмыстың нақты түрлерін орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге, бiрақ 1 (бiр) жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
Шарт (келісімшарт) рұқсатты алуға өтінім беретін қазақстандық кеме иесі және шетелдік кеменің меншік иесі немесе шетелдік кемені жалдайтын кеме иесі немесе орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) тапсырыс берушінің арасында жасалады.
7. Кемені басқа шарттың (келісімшарттың) шеңберінде жұмыстардың өзге де түрлерін орындау үшін басқа кеме иесіне беру кезінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жаңа рұқсат алу қажет.
8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты), не заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаларға қатысты ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Уәкілетті орган басшысының орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болуын немесе болмауын анықтау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді уәкілетті органның ресми сайтында орналастырады және 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімнің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.
10. Егер өтiнiм уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қазақстандық кеме иелерiнен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн өздеріне тиесілі кемелермен шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат түспесе, ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос кемелер жоқ деп есептеледi.
11. Оң қорытынды болған кезде уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатты рәсімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жолдайды.
Рұқсат беруден бас тарту Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
12. Ұқсас түрдегі бос Қазақстандық және осы мақсаттар үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар кемелердің болуы негізінде рұқсат берудің дәлелді бас тартуымен келіспеген жағдайда, өтініш беруші мынадай қосымша құжаттарды қоса бере отырып өтініш қайта енгізіледі:
1) танылған шетелдік сыныптау қоғамының еркін нысандағы қорытындысы (қазақстандық кеменің жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық жарамсыздығын негіздеу қажет болған жағдайда);
2) тапсырысты орындау үшін қажетті кемеге жұмыстар тапсырыс берушісі еркін нысандағы техникалық ерекшелігі.
Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармасымен қамтамасыз етіледі. Шет тіліндегі құжатқа нотариалды куәландырылған аударманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
13. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
14. Берiлген рұқсаттар туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жiбередi.
Рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешіктірмей шетелдiк кеме Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиiс.
15. Уәкілетті органның қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Уәкілетті орган шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысаны |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алуға өтінім
1. Кеменің атауы___________________________________________________
2. Кемені тіркеу порты______________________________________________
3. Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
________________________________________________________________
4. Кеменің туы_______________________________________________________
5. Кеме түрі_________________________________________________________
6. Кеме сыныбы______________________________________________________
7. Кеме өлшемдері: ұзындығы ________ ені _______ борт биіктігі____________
8. Тіркелім сыйымдылығы: таза ______________ жалпы _________________
9. Шөгу ___________________________________________________________
10. Салынған күні мен орны____________________________________________
11. Бас қозғалтқыштардың қуаты (бар болса) ___________________________
12. Кеменің меншік иесі ____________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, төлқұжат деректері (жеке тұлғалар үшін);
атауы, орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін)
13. Шарт (келісімшарт) жасалған кеме иесі _____________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, төлқұжат деректері (жеке тұлғалар үшін); атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін)
14. Шарттың (келісімшарттың) атауын, қолданылу күнін және мерзімін көрсете отырып, кеме қызметінің жоспарланған түрлері ________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
15. Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзу ауданы ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
16. Рұқсат қажет етілетін мерзім________________________________________
17. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелердің өздеріне тиесілі шетел кемесі тартылатын қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне қатысты қазақстандық кеме иелерімен келіспеу себептері (бар болса) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған мәліметтердің және қоса берілетін құжаттардың дұрыстығын растаймын
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы "__" __________ (қолы)
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" (бұдан әрі – портал): www. egov. kz, www. eli cens e. kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 9 (тоғыз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көсетілетін қызмет тегін жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Порталда: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Ескертпе:
* кемелерден мұнаймен ластанудан болған залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлік Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген тәртіппен беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Егер сыныптау куәлігін немесе кеменің техникалық жарамдылығын растайтын өзге де құжатты және жолаушылар куәлігін сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен танымаған шетелдік сыныптау қоғамы берсе, онда "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған сыныптау қоғамынан растау қажет.
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
|