БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:
121 "Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
034 "Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен" бюджеттік кіші бағдарламасын алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен";
694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
100 "Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 "Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Премьер Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"001 Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
100 Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету";
2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 004 және 016 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 205 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
"205 Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру
004 Сыртқы қарыздар есебінен
016 Республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру есебiнен";
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
1 "Әскери мұқтаждар" функционалдық кіші тобында:
208 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 107 және 108 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"107 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде қорғаныс объектілерін жөндеу
108 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде қорғаныс объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау";
03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:
1 "Құқық қорғау қызметi" функционалдық кіші тобында:
201 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
076 "Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 126 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
"126 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне төтенше жағдай кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтілген режимде қамтамасыз еткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін салу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен";
9 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:
221 "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 066 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
"066 Зираттар бар крематорийлер салу үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері";
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 099 бюджеттік бағдарламасымен 314 және 373 бюджеттік бағдарламалар әкімшілермен толықтырылсын:
"314 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жайлы қалалық орта басқармасы
099 Зираттар бар крематорийлер салу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
373 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы
099 Зираттар бар крематорийлер салу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" функционалдық кіші тобында:
225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
203 "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 112 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
"112 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға және шығыстардың осы бағыты бойынша жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 072 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"072 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және шығыстардың осы бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
240 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
006 "Мәдениет пен өнер саласындағы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
"102 Мәдениет және өнер саласында қызметін жүзеге асыратын білім беру объектілерін салу, реконструкциялау";
9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 107, 108 және 110 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"107 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде білім беру объектілерін жөндеу
108 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде білім беру объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау
110 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде білім беру объектілерін салу және (немесе) реконструкциялауға нысаналы даму трансферттері";
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық кіші тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
053 "Арнайы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
113 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға және Алматы облысының облыстық бюджетіне, Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттерi" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"113 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға және Алматы облысының облыстық бюджетіне, Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық күшейтуге, сондай-ақ инфекциялық ауруханаларды орналастыру үшін тез салынатын кешендер құруға берілетін нысаналы даму трансферттерi";
мынадай мазмұндағы 074, 108 және 110 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"074 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
108 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау
110 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін салу және (немесе) реконструкциялауға нысаналы даму трансферттері";
9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"107 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жөндеу";
06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық кіші тобында:
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 082 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"082 Тұтынушылық кредиттер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу жөнінде жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ға нысаналы аударым";
9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 081, 107, 108, 110 және 112 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"081 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шараларын іске асыру
107 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іс-шараларын іске асыру
108 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласы нысандарын жөндеу
110 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік-мәдени объектілерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері
112 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
мынадай мазмұндағы 015 және 034 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 088 бюджеттік бағдарламасымен 457 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
088 Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне кредит беру
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"009 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
228 "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"103 Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтау үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын толықтыруға берілетін нысаналы даму трансферттері";
316 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы", 343 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" және 383 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мындай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 085 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын :
мынадай мазмұндағы 085 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"085 Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
457 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" және 478 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
024 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:
487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
015 "Шағын қалаларды үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:
240 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 022, 107, 108, 110 және 113 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"022 Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын цифрлаудан өткізу
107 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде мәдениет және спорт объектілерін жөндеу
108 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде мәдениет және спорт объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау
110 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде мәдениет және спорт объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері
113 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу";
09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
9 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік бағдарламасы бар 207 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"207 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
107 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану объектілерін жөндеу";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
249 "Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, өткізуге жағдай жасау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 110 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
"110 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
250 "Қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
"103 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
105 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"105 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
255 "Өсімдік шаруашылығы өнiмiн өндіруді, өткізуді дамыту үшін жағдай жасау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 112, 114 және 115 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
"112 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
114 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне басым дақылдар өндіруді субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
115 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер";
113 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"113 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
2 "Су шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
207 "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 108 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"108 Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде су шаруашылығы нысандарын салу және (немесе) реконструкциялау";
5 "Қоршаған ортаны қорғау" функционалдық кіші тобында:
254 "Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
008 "Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Ішкі қарыздар есебінен";
11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
1 "Өнеркәсiп" функционалдық кіші тобында:
249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 010 және 012 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"010 Тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақаны субсидиялау
012 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту";
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
223 "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
011 "Ұшқышсыз және ұшатын ғарыштық аппараттарды жіберу үшін орта кластағы жаңа буын ғарыштық мақсаттағы зымыран базасында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран комплексін құру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"011 Ұшқышсыз ғарыш аппараттарын ұшыру үшін заманауи орта санатты ғарыш зымыранының базасында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру";
012 "KazSat-2R" ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру үшін "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"012 "KazSat-2R" ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалану";
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
1 "Экономикалық қызметтерді реттеу" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік бағдарламасы бар 243 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"243 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
103 Шағын және орта бизнесті қолдауға "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жарғылық капиталын кейіннен ұлғайту үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту";
3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:
243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
087 ""Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"087 "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде іс-шараларды іске асыру";
087 "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 110 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"110 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:
211 "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 065 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"065 "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" АҚ-ға нысаналы аударым";
223 "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 004 және 016 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 006 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
"006 Өнімді инновацияларды ынталандыру
004 Cыртқы қарыздар есебiнен
016 Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";
243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 203 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"203 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығыстарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"014 "Казақстан патрон зауыты" жобасын іске асыру үшін "Steel Manufacturing" ЖШС-нің жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Қазтехнологиялар" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |