ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Атауы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 № 450/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 № 450/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жумагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығына 1-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Атауы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 № 450/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидалары
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 № 450/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсатты тіркеу, есепке алу және беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру тәртібі
2. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 № 450/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мыналарды ұсынады:
1) көрсетілген қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу туралы өтініш;
2) меншік құқығын растайтын құжаттардың немесе әуе кемесін жалға алу шартының не аэротүсірілім жұмыстарына әуе кемесі бар меншік иесінің қызметтер көрсетуіне жасалған шарттың электрондық көшірмелері;
3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;
4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
5. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауап дайындайды.
Дәлелді түрде бас тарту одан әрі өтінішті қарау үшін көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қолы қойылған электронды нысанда жолданады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
8. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қолы қойылған, қоса берілген құжаттармен аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге келісу туралы сұратуды дайындайды және жолдайды.
9. Мемлекеттік органдар қоса берілген құжаттармен аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге келісу туралы сұратуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, көрсетілетін қызметті берушіге оң не теріс жауаптар жолдайды.
Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру келісілді деп есептеледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік органдардан оң жауап алғаннан бастап, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысаны бойынша ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзіммен рұқсатты береді не көрсетілген мерзімдерде рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 № 450/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
11-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат не дәлелді бас тарту береді.
Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалар ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
13. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу рұқсаттардың және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүргізіледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.11.2022 № 450/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
"Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 13 (он үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Төлемақы мөлшері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Құжаттардың тізбесі |
1) электрондық құжат нысанындағы аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті | Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан |
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш
Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын.
Аэротүсірілім объектілерінің аумақтық орналасуы _________________________
аэротүсірілім алаңы __________________________________ (шаршы шақырым)
аэротүсірілімнің мақсаты ______________________________________________
аэротүсірілімнің техникалық шарттары __________________________________
аэротүсірілім шарттары және уақыты ____________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті | Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан |
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты | |
(бар болса), тегі не заңды | |
тұлғаның толық | |
атауы ____________________ |
Дәлелді бас тарту
Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті
Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай
себеппен аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Аэротүсiру жұмыстарын | |
жүргiзуге арналған рұқсаттарды | |
тіркеуді, есепке алуды және | |
беру қағидаларына | |
4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2022 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті | Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан |
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат
Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болсы), тегі не заңды тұлғаның толық атауы
____________________________________________________________________
Жұмыстардың түрі және мақсаты _______________________________________
Жұмыс учаскесінің орналасқан жері ____________________________________
Жүргізуге өтініш берілген мынадай жұмыстарға рұқсат берілді _____________
Р/с № | Сұралатын жұмыстардың атауы | Жұмыс көлемі | Жұмыс көлемі | ||
Өтініш берілді |
Өлшем бірлігі | Рұқсат берілді |
Өлшем бірлігі | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
20__ жылғы "___"______ дейін жарамды |
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығына 2-қосымша |
Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
1. "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 маусымда жарияланған);
2. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11262 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған).
3. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 693 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12380 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанында жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 318 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 318 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтар тізбесінің 3-тармағының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14171 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған).
5. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 468 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 16 қаңтарда жарияланған).
6. "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 40 бұйрығының 1-тармағы он жетінші абзацының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18268 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған).
7. "Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18557 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 22 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.