"Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 20361 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 137 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 95 бұйрығымен бекітілген

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педогогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу, сондай-ақ олардың қызметін курстан кейінгі қолдау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) біліктілік - тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

      2) курстан кейінгі мониторинг - педагогикалық практиканың нақты жай-күйін курс бағдарламасының күтілетін нәтижелерімен салыстыру мақсатында сертификатталған педагогтердің курстан кейінгі қызметін, оның ішінде қашықтық режимінде бақылау және бағалау жүйесі;

      3) қорытынды бағалау - қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыреттілігін растау рәсімі;

      4) педагогтердің біліктілігін арттыру - оқыту мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      5) педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымы - үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;

      6) педагог қызметін курстан кейін қолдау - педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;

      7) сарапшы - ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының талаптарына педагогтің біліктілік деңгейін және құзыреттілігін растау рәсімін жүзеге асыратын сертификатталған маман;

      8) сертификат - кәсіптік оқытудың нақты тақырыбы, нысаны, мазмұны мен ұзақтығы бойынша қысқа және ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курстарының қорытындылары бойынша берілетін құжат;

      9) сертификатталған тренер - тренерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен және біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын адам;

      10) сырттай қорытынды бағалау - ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтің біліктілік деңгейін және құзыреттілігін растау рәсімі;

      11) тыңдаушы - біліктілікті арттыру курсынан өтуші адам.

      3. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары (бұдан әрі - Курстар) мынадай білім беру деңгейлері бойынша құрылымдалады:

      1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

      2) бастауыш білім беру;

      3) негізгі орта білім беру;

      4) орта білім (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

      5) орта білімнен кейінгі білім беру;

      6) жоғары білім беру;

      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

2-тарау. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібі

      4. Курстар:

      1) еңбек қызметінен қол үзбей (оның ішінде қашықтықтан оқыту нысаны бойынша);

      2) еңбекақысын сақтай отырып еңбек қызметінен қол үзіп немесе ішінара қол үзіп;

      3) шетелде еңбек қызметінен 1 жылға дейінгі мерзімге қол үзіп ұйымдастырылады.

      5. Курстарды педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын келесі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) өткізеді: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, меншік нысанына қарамастан және Жарғыға сәйкес курстар өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындары, заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері.

      Шетелде курстарды білім беру саласындағы уәкілетті орган, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары тиісті бюджеттер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен ұйымдастырады.

      Шетелде курстарды шетелдік білім беру ұйымдары, педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары (бұдан әрі - Шетелдік ұйым) Ұйым мен Шетелдік ұйым арасында жасалған біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету шарты және шетелде Курстар өткізу кестесі негізінде жүргізеді. Шетелде өтетін курстардың қорытындылары бойынша курстан кейінгі қолдау және мониторинг талап етілмейді.

      6. Ұйымдар мыналарды жүзеге асырады:

      1) педагогтерді курстарда оқыту;

      2) педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау;

      3) курстан кейінгі мониторинг.

      7. Курстарда оқуға үміткер педагогтердің:

      1) жоғары педагогикалық, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, сондай-ақ тиісті бейін бойынша өзге кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік білімі, қайта даярлау туралы құжатының болуы;

      2) білім беру ұйымдарында, білім беруді басқару органдарында әдістемелік қолдау органдарында жұмыс істеуі;

      3) білім беру жүйесінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі;

      4) ағылшын тілінен базалық білімі (Тіл құзыреттілігі бойынша курстары үшін) болуы қажет.

      8. Курстарда оқуға үміткер педагог Ұйымға келесі құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курсы тыңдаушысының сауалнамасы;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі/ЖСН;

      4) сертификат көшірмелері (болған жағдайда);

      5) қазақ немесе орыс тілдеріндегі уәждемелік хат (шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін).

      9. Білім беру ұйымы жыл сайын:

      1) педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық даму жоспарын жасайды және өтінім дайындайды;

      2) 1-тамызға дейін:

      аудандық (қалалық) білім бөліміне (бұдан әрі - Білім бөлімі) педагогтерді Курстарға жіберу туралы еркін нысандағы өтінімді;

      облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына (бұдан әрі - Білім басқармасы) педагогтерді Курстарға жіберу туралы еркін нысандағы өтінімді;

      білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық білім беру ұйымдары) педагогтерді Курстарға жіберу туралы еркін нысандағы өтінімді ұсынады.

      10. Білім бөлімі педагогтердің біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастырады, ұсынылған өтінімдерді қарайды және оларды жыл сайын 1 қыркүйекке дейін Білім басқармасына жібереді.

      11. Білім басқармасы жыл сайын 1 қарашаға дейін педагогтерді бөле отырып, алдағы қаржы жылына облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастырады:

      1) қысқа мерзімді Курстарға;

      2) ұзақ мерзімді Курстарға;

      12. Нақты курстарға жіберілетін педагогтердің тізімі бекітілген Жоспарларға сәйкес курстар басталғанға дейін екі ай бұрын қалыптастырылады.

      13. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым, облыстық әдістемелік кабинеттер/орталықтар Курстарды өткізу кестесін (бұдан әрі - Кесте) әзірлейді және білім беру саласындағы Уәкілетті органмен және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен келіседі.

      14. Педагогтер курстарға білім беру ұйымдары, білім бөлімдері, білім басқармалары басшыларының бұйрықтары негізінде жіберіледі.

      15. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарымен, жылдық кестелермен, сабақ кестесімен реттеледі.

      16. Тыңдаушыларды Курсқа қабылдау тыңдаушылардың тізімі қоса берілген білім басқармаларының хаттары негізінде Ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      17. Білім басқармалары жыл сайын (жылына 2 рет - қаңтар, маусым) "Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) сәйкес "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің әкімшілік есептілік нысандары бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары тыңдаушыларының бірыңғай деректер базасына (бұдан әрі - бірыңғай деректер базасы) жібереді.

3-тарау. Біліктілікті арттыру курстарын өткізу тәртібі

      18. Курстарды өткізу бір мезгілде немесе кезең-кезеңімен аудиториялық және қашықтық нысандарында әртүрлі бағыттар мен модульдерді игеру арқылы, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен жүзеге асырылады.

      19. Курстарды мына мамандар өткізеді:

      1) курстық дайындық бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі бар педагогтер;

      2) қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен дайындалған сертификатталған жаттықтырушылар;

      3) кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар өндірістік кәсіпорындардың мамандары мен қызметкерлері;

      4) педагогикалық және бейінді мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы.

      20. Курстарды өткізу кезеңінде Ұйым жеке дәрістер оқуға және практикалық сабақтарды жүргізуге әдіскерлерді, педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын, практиктерді, өндірістік кәсіпорындардың мамандарын, өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдерін тартады.

      21. Курстардың ұзақтығы:

      1) қысқа мерзімді курстар - кемінде 36 академиялық сағат;

      2) ұзақ мерзімді курстар - кемінде 108 академиялық сағат.

      Шетелдегі курстардың ұзақтығы:

      1) қысқа мерзімді курстар - кемінде 36 академиялық сағат;

      2) ұзақ мерзімді курстар - 1 (бір) жылға дейін.

      Курсаралық кезеңде педагог үшін курстардың жиынтық ұзақтығы (5 жылда бір рет) бағыты мен тақырыбына байланысты 36 - 180 сағат аралығын құрайды.

      22. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

      23. Тыңдаушы Ұйыммен елде/шетелде біліктілікті арттыру курсынан өту туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасайды.

      24. Шарт елде/шетелде курстардан өтуді ұйымдастыру бойынша барлық шығыстарды төлеуге байланысты қаражатты аудару үшін негіз болып табылады.

      25. Курстарды аяқтағаннан кейін Шетелдік ұйым біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы бойынша тақырыбы мен сағат көлемін көрсете отырып сертификат (жеке үлгідегі) береді.

      26. Педагог қызметкер Курстан өтуде Шетелдік ұйымнан шығаруға әкеп соғатын теріс нәтижені алған жағдайда, педагог шетелде курстан өтуге байланысты Ұйым жұмсаған нақты шығындарды өтеуді жүзеге асырады.

      27. Ұйым тыңдаушыларды ұзақ мерзімді Курстарды аяқтағаннан кейін тәуелсіз сырттай қорытынды бағалау жүргізуге басқа ұйыммен шарт жасасады.

      28. Қысқа мерзімді Курстар аяқталғаннан кейін Ұйым оқу бағдарламасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бағалау жүргізеді.

      29. Курстарды аяқтаған тыңдаушыларға Ұйым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісіліп, тақырыптары мен сағат көлемі көрсетілген біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы бойынша сертификат береді.

      30. Сертификат ала алмаған тыңдаушылардың мынадай мүмкіндіктері бар:

      1) бір жылда бір реттен артық емес білімін қайта бағалау;

      2) курстардың келесі легімен білімін қайта бағалау;

      3) дәлелді себептер бойынша ағымдағы жылдың ішінде бір лектен екінші лекке ауысу;

      4) дәлелді себептер бойынша аяқталмай қалған Курсты растау құжаттарын ұсына отырып аяқтау.

      31. Оқудан шығарылған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығына және Ұйым құрған ұзақ мерзімді Курстар тыңдаушыларының өтініштері мен шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес Ұйымның шығындарын өтейді.

      32. Сертификатқа Ұйымның басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

4-тарау. Педагог қызметін курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      33. Біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған педагог алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолданады.

      34. Білім беру ұйымының әкімшілігі мектепішілік бақылау және педагог қызметіне мониторинг жүргізу кезінде педагогтің алған құзыреттерін қолдану нәтижелерін қадағалайды.

      35. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар күнтізбелік бір жыл және одан да көп уақыт ішінде педагогке ұсынылатын педагогтің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді қорытынды мониторингілеу және талдаумен бірге алған білімдерін практикада сапалы іске асыру үшін біліктілігін арттырудан өткен педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдауды, оның ішінде қашықтық режиміңде жүзеге асырады.

      36. Педагог қызметін курстан кейінгі қолдауды жүргізудің түрлері:

      1). кәсіби даму нәтижелері;

      2). курстардан өткеннен кейін бірінші күнтізбелік жыл ішінде кемінде үш дербес жұмыс ұйымдастыру және өткізу;

      3). біліктілікті арттыру курстарынан өткен және алған білімін, іскерлігін, дағдысын практикада табысты қолданатын педагогтерді тәжірибе алмасу іс-шараларына қатысуға тарту, олардың тәжірибесін көпшілік алдында тану (бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау);

      4). біліктілікті арттыру бағдарламаларын түзету.

      37. Ұйым педагог қызметін курстан кейінгі қолдау мониторингін үш жыл ішінде жылына бір рет жүргізеді.

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін
курстан кейінгі қолдау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  ____________________________
__________________________
басшысы
(ұйымның атауы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты бар
болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ)
____________________________
тегі
____________________________
аты
____________________________
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
қызметі

Өтініш

      Мен, ___________________________________________________________________________,

      (Т.А.Ә.)

      __________________________________________________ білім беру бағдарламасы бойынша

      Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарында

      оқыту______________тілінде жүргізілетін топта оқу үшін менің кандидатурамды

      қарауыңызды өтінемін.

      ______________

      (өтініш берушінің қолы)

      "____" _______202 жыл

      (өтініш берілген күн)

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін
курстан кейінгі қолдау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  ____________________________
__________________________
басшысы
(ұйымның атауы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты бар
болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ)
____________________________
аты-жөні
_________________________
қызметі

Өтініш

      Мен,___________________________________________________________________________,

      (Т.А.Ә.)

      шетелде___________________________(оқитын ел) Қазақстан Республикасы педагогтерінің

      біліктілігін арттырудың ______айлық/жылдық курсында (3 айға дейін немесе 1 жылға дейін)

      оқу______________тілінде жүргізілетін топта оқу үшін менің кандидатурамды қарауыңызды өтінемін.

      ______________

      (өтініш берушінің қолы)

      "____" _______202 жыл

      (өтініш берілген күн)

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін
курстан кейінгі қолдау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары тыңдаушыларының сауалнамасы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


ЖСН


Туған күні


Лауазымы


Білімі


Біліктілік санаты (дейін жарамды)


Жұмыс орны (өңірді көрсете отырып ұйымның толық атауы)


Жалпы өтілі


Педагогикалық өтілі


Оқыту тілі


Үйінің мекенжайы


Байланыс телефоны


Электронды поштасы


Қосымша ақпарат


Алдыңғы біліктілікті арттыру курстары: курс тақырыбы, өткен орны, мерзімі мен ұзақтығы.


  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін
курстан кейінгі қолдау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПЕДАГОГТЕРДІҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
БІЛІМ БЕРУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГОВ

Сертификат
Т.А.Ә./Ф.И.О. ____________________________________________________

Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін
арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша
курсты аяқтады

окончил (а) курсы
по образовательной программе повышения квалификации педагогов
Республики Казахстан

Келісу
Согласование
Келісілген күні: 20__жылғы "___"______
Дата согласования: "__ "___20
Ұйымның атауы ___________________________________________________________________________
Наименованиеjорганизации
Ұйымның жетекшісі _________________________________________________________________________
Руководительiорганизации
ПҚМКH№000000
Берілген күні: 20__жылғы "___"______ Дата выдачи: "__" ___20 __ года