ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген |
"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының, 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы келесі жұмыс түрлерін орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ресми тануы мақсатында жүзеге асрылады:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
4) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу;
5) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған көтергіштерді монтаждауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталуға жатады.
3. "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы алу үшін:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығы бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
5. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған құжаттардың және онда көрсетілген мәліметтердің "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда" (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен бекітілген) белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатты не оны беруден дәлелді бас тартуды ресімдейді және оны портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.
7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші *1 жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (Оператор) мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК РҚ), немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz. электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:
көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен - ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша нысан |
Заңды тұлғаның реквизиттері
(мекенжайы, БСН, телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы ____________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алуға өтініш
_____________________________ "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі
(заңды тұлғаның атауы)
Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден өнеркәсіптің
мынадай салаларында: ____________________________________________________________
(өнеркәсіп саласын көрсету)
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат"
________________________________________________________________________________
(қызметтің түрін көрсету)
беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
____________________________ _______________________________________
(ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы)
"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Комитет) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толықтай автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат немесе оны беруден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша нысан |
Дәлелді бас тарту "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің [Күні] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] хатыңызды және [Сараптамалық қорытындының Күні] жылғы № [Сараптамалық қорытындының нөмірі] [Сараптамалық қорытынды берген мекеменің атауы] сараптамалық қорытындыны қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негізі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының ТАӘ] |
---|
"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша нысан |
Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына АТТЕСТАТ
Аттестатты қолданудың ерекше шарттары: |