ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
9) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.10) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 1-қосымша |
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:

мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін жібереді.
8. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лицензия берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы қызметкерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) заңды тұлға-лицензиатты біріктіру, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
3) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
4) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен."Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)

(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қағаз тасығышта ___________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ____________________________________________________________
Банк шоты _______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. 1-кестеге сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
Мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңдық құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. 2-кестеге сәйкес тиісті білімі, дайындығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер.
Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Маманның, техниктің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын қызме ті | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/ нострифика циялау туралы мәліметтер) (бұл баған рентгендік тексеріп-қарау аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшы лар үшін толтырылмайды |
Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні | Оқу және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (бұл баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілер дегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазымының атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (бұл баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілер де, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғы ларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтыры лады) | Персо налды "А" тобының персона лына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
3. 3-кестеге сәйкес мынадай рұқсат етілген жұмыстармен лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
1) жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде іргетастарды салу;
2) объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде:
металл конструкцияларды монтаждауды;
монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
шатыр жабу жұмыстары;
3) байланыспен, аварияға қарсы қорғанумен, бақылау және дабыл беру жүйесімен, көліктегі, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектілеріндегі, өзге де тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі бұғаттаумен, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары.
Бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
Лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
4. 4-кестеге сәйкес иондаушы сәуле шығару көздері мен радиоактивті қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған қойма туралы ақпарат қамтылған мәліметтер – бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
Мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңдық құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
5. 5-кестеге сәйкес ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауға жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер – бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, және (немесе) иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы | Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі | Тағайындау туралы бұйрықтың күні |
1 | 2 | 3 |
6. 6-кестеге сәйкес персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер – бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/дара кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші бұл бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттар
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Өтініш беруші бекіткен қабылдау актілері және сынау хаттамаларының, жүйенің, жабдықтардың және персоналдың пайдалануға қосуға дайындығы жөніндегі акті – осы тармақ ядролық қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
2. Өтініш беруші бекіткен объектінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі алдын ала есеп – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
3. Өтініш беруші бекіткен объектiнi пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын (жобаланатын ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары үшін) пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
4. Еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, салыстырып тексеруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметті құру туралы бұйрық және қызмет туралы ереже; техникалық қызмет көрсетуді жүргізу нұсқаулығы; техникалық қызмет көрсетуді жүргізу графигі және бағдарламасы – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
5. Өтініш берушінің радиациялық қауіпсіздік қызметін құру туралы бұйрығы, радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже, радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту сертификаттары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты;
6. Өтініш беруші бекіткен сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы;
7. Өтініш беруші бекіткен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық;
жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық;
персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті жөніндегі нұсқаулық – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
8. Өтініш беруші бекіткен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Персонал мен халықты радиациялық авариядан және оның салдарынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары тек радиациялық қауіптіліктің 1 және 2-санаттағы объектілері үшін ғана талап етіледі.
9. Өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтауға арналған әдістеме, аварияға қарсы жаттығуларды өткізу бағдарламалары – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
10. Өтініш беруші бекіткен радиациялық жағдайды бағалау арқылы өндірістік бақылау бағдарламасы;
радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін бекітетін құжат;
радиациялық бақылауды өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар – осы тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты.
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылған
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы өзгерген _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері өзгерген ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарылған__________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орные ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерткен ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ____________________________________________________________
Банк шоты _______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
|
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 2-қосымша |
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасына, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін жібереді.
8. Материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының қызметкерлері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лицензия берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының қызметкерлері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының қызметкерлерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) заңды тұлға-лицензиатты біріктіру, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
3) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
4) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен."Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қағаз тасығышта __________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда) қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыруына келіседі.
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үйжайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – осы тармақ уранның, торийдің және плутонийдің изотоптары бар радиоактивті заттарды пайдалану қызметіне және ядролық материалдарды өткізу және сақтау жөніндегі кіші қызмет түріне қатысты емес.
2-тарау. Радиациялық қауіпсіздік бойынша қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Қызметті құру туралы (немесе жауапты адам туралы) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты-жөні және атқаратын лауазымы | Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жүргізу құқығына берілген лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
3-тарау. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы | Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі | Тағайындау туралы бұйрықтың күні |
1. | 2. | 3. |
Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі.
4-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) |
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына |
Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
5-тарау. Тиісті білімі, даярлығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың, техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте |
Маман ның, техник тің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) (осы тармақ рентгендік тексеру аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) |
Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмыс | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшылар үшін толтырыл майды) |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазым | Персо налды "А" тобының персоналына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, даярлығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі.
6-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/ | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/ | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі |
Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Меншік құқығындағы радиоактивті қалдықтарға арналған қойма туралы ақпарат қамтылған мәліметтер осы тарауға сәйкес 6-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – осы тармақ тек ядролық материалдарды пайдалану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі.
7-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
7-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) атауы) | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқықтары болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы) | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі |
Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ядролық материалдарға арналған қойма туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 7-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* - осы тармақ уранның, торийдың және плутонийдың изотоптары бар радиоактивті заттарды пайдалану қызметіне және ядролық материалдарды өткізу қызметтің кіші түріне қатысты емес. Ядролық материалдарды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі.
8-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызмет көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
8-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарттың нөмірі мен жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі |
Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/ жеке тұлғаның атауы | Лицензия нөмірі / рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен ядролық материалдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 8-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметінің кіші түрі үшін ғана талап етіледі.
9-тарау. Ядролық материалдарды тасымалдау жөніндегі лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
9-кесте |
Лицензия нөмірі / рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
Ядролық материалдарды тасымалдау жөніндегі лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 9-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу қызметінің кіші түрі үшін ғана талап етіледі.
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттар
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы);
өлшеу құралдарын және радиациялық бақылау аспаптарын салыстырып тексеру сертификаттары – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламенті 192-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулық.
3. Ядролық материалдарды физикалық қорғау жоспары – осы тармақ уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қатысты емес.
4. Өтініш беруші бекіткен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесінің бағдарламасы – осы тармақ мәлімделген қызмет құрамында уран өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу жөніндегі жұмыстар болған кезде ядролық материалдарды өткізу және табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты болады.
5. Өтініш беруші бекіткен мынадай құжаттар:
физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;
жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық; персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті бойынша нұсқаулық;
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті – физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық, жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық тек ядролық материалдарды қолдану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі. Жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті радиациялық қауіптіліктің 1 және 2- санатындағы объектілер үшін ғана талап етіледі.
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы __________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
|
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 3-қосымша |
"Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін жібереді.
8. Материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лицензия берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) заңды тұлға-лицензиатты біріктіру, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
3) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
4) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/ | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі |
Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі арнайы үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – осы тармақты егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу және сақтау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді.
2-тарау. Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Маман ның, техник тің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострифика циялау туралы мәліметтер) (осы тармақ рентгендік тексеру аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) |
Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазым атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілерде, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғыларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтырылады | Персо налды "А" тобының персона лына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандар мен техниктердің білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді.
3-тарау. Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Қызметті құру туралы (немесе жауапты адам туралы) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты-жөні және атқаратын лауазымы | Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жүргізу құқығына берілген лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
4-тарау. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды, және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы | Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі | Тағайындау туралы бұйрықтың мерзімі |
1 | 2 | 3 |
Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алуға және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі.
5-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады) |
Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге жұмыс орындарын өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – осы тармақты егер өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды иеленуші және/немесе баланс ұстаушы болып табылмаса және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді.
6-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) |
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 6-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін осы тармақты орындау талап етілмейді. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен жасалады.
7-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
7-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиоактивті заттарды, аспаптарды және қондырғыларды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі қойма туралы ақпарат қамтылған мәліметтер осы тарауға сәйкес 7-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі; егер құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар аралық немесе уақытша жеке сақтауды қажет етпейтін болса және әрдайым пайдалану және қайта зарядтау барысында жұмыс орнында болса, онда осы тармақты орындау талап етілмейді.
8-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
8-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 8-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – осы тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды және радиоизотоптық тексеріп-қарау жабдықтарын пайдалану жөніндегі жұмыстарға ғана талап етіледі. Егер өтініш беруші құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды иеленуші және/немесе баланс ұстаушы болып табылмаса, осы тармақты орындау талап етілмейді.
9-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
9-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 9-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – мәлімделген қызмет құрамында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау операциясы болған кезде осы тармақты орындау талап етіледі.
10-тарау. Лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
10-кесте |
Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау бойынша лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 10-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – мәлімделген қызмет құрамында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау операциясы болған кезде осы тармақты орындау талап етіледі.
"Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттар
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы) – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
2. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген радиациялық бақылау жүргізу хаттамасы (өтініш берушінің балансында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хат), радиациялық бақылау жүргізу жоспары; радиациялық бақылау аспаптарын салыстырып тексеру сертификаттары және радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасы немесе өтініш берушінің балансында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хат – егер өтініш беруші радиоактивті заттардың, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылардың меншік иесі және/немесе баланс ұстаушысы болып табылмаса және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін осы тармақты орындау талап етілмейді. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын және өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хатты беру тек құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларға ғана қатысты болады;
3. Өтініш беруші бекіткен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
персоналдың авария жағдайындағы іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісі немесе өтініш берушінің балансында радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды түгендеу актісін беру туралы кепілді хат;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын анықтайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті;
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентінің 193-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулық – радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары және мәлімделетін жұмысты орындаудың технологиялық регламенті радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы объектілер үшін ғана талап етіледі; радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісін ұсыну талап етілмейді.
4. Шоғырды калибрлеу және сапасын бақылауды жүргізу бойынша медициналық физиктерді арнайы даярлау туралы дипломдар мен құжаттар; радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасы және шоғырларды калибрлеуді жүргізудің және сапаны бақылаудың соңғы хаттамасы – бұл тармақ құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды пайдалану жөніндегі жұмыстарға ғана қатысты.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы __________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
"Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 4-қосымша |
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасына, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін жібереді.
8. Материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) лицензиялау басқармасының қызметкерлері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лицензия берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) лицензиялау басқармасының қызметкерлері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының, ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) лицензиялау басқармасының қызметкерлерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша немесе бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен."Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру мірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _______________________
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ____________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
|
3-қосымша |
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі қажетті өндірістік-техникалық базалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе, осы тармақты орындау талап етілмейді.
2-тарау. Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Қызметті құру туралы (немесе жауапты адам туралы) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты-жөні және атқаратын лауазымы | Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану /нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлық жүргізу құқығына берілген лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы, радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлері ішінен тағайындалады.
3-тарау. Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды және (немесе) иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы | Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі | Тағайындау туралы бұйрықтың мерзімі |
1 | 2 | 3 |
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу мен бақылауға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бұйрық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі.
4-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге жұмыс орындарын өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – егер өтініш беруші қол жүгін, багажды тексеру үшін рентген жабдықтарында жұмыстар жүргізетін болса және осы жабдықтардың меншік иесі және/немесе баланс ұстаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақты орындау талап етілмейді.
5-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) |
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт осы тарауға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
6-тарау. Жеке қорғану құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте |
Құралдың атауы және қысқаша сипаттамасы | Шыққан жылы | Қорғасын эквиваленті |
1 | 2 | 3 |
Жеке қорғану құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 6-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдаланатын жұмыстарға ғана қатысты.
7-тарау. Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
7-кесте |
Маман ның, техник тің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) (осы тармақ рентгендік тексеру аппараттарында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазым атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілерде, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғыларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтырылады) |
Персо налды "А" тобының персо |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, даярлығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандар мен техниктердің біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 7-кестеге енгізіледі.
8-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
8-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 8-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – осы тармақ өтініш беруші қол жүгін, багажын тексеріп-қарау үшін рентген жабдықтарында жұмыстар жүргізген кезде және осы жабдықтардың меншік иесі және/немесе баланс ұстаушысы болып табылмайтын жағдайды қоспағанда, қол жүгі мен багажды тексеріп-қарау, көлікті, материалдарды, заттарды тексеріп-қарау, адамды және иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларды тексеріп-қарауға арналған жабдықты пайдалану жөніндегі жұмыстарға ғана қатысты болады.
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілет қызмет қағидаларына 4-қосымша |
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттар
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Радиациялық қауіпсіздік бойынша қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы) – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлері ішінен тағайындалады.
2. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген радиациялық бақылау жүргізу хаттамасы (өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар және қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хат), радиациялық бақылауды жүргізу жоспары; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаты және радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасы немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хат – егер өтініш беруші қол жүгін, багажын жете тексеру үшін рентген жабдықтарында жұмыстар жүргізетін болса және осы жабдықтардың меншік иесі және/немесе баланс ұстаушысы болып табылмаған жағдайда, бұл тармақты орындау талап етілмейді. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын және өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хатты ұсыну иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларға ғана қатысты болады.
3. Өтініш беруші бекіткен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісі немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар және қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісін ұсыну туралы кепілді хат;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламенті 193-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау нұсқаулығы.
4. Атом энергиясын қолдану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасы немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар сатып алғаннан кейін бір ай ішінде аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының көшірмесін ұсыну туралы кепілді хат – осы тармақ иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдалану және дайындау бойынша жұмыстарға ғана қатысты.
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
_________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы "___" ___________ № ___________, ___________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)
қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі
________________________________________________________________
2) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгерген ______
3) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгерген
________________________________________________________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________________________________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда
________________________________________________________________
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі __________________________________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ бойынша қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________
________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
__________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы __________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша |
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
|
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
"Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 5-қосымша |
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-мен қолы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде бастапқы тексеру туралы қорытындыны қоса бере отырып, құжаттар пакетін "құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығарудың генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу", "аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлiк құралдарын радиациялық бақылау", "өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің бар болуын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу" және "персоналды дозиметрлiк жеке бақылау" қызметтің кіші түрлері бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.7-1. Рұқсат беру бақылауын жүргізу үшін және "ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау" қызметінің кіші түрі бойынша лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін бастапқы тексеру туралы қорытындыны қоса бере отырып, құжаттар пакетін ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына және ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.
"Иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау" және "ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызметінің кіші түрі бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізу үшін және мемлекеттік лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін бастапқы тексеру туралы қорытындыны қоса бере отырып, құжаттар пакетін өзінде қалдырады.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.8. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) лицензиялау және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жұмыскерлері құжаттар пакеті және (немесе) мәліметтер келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік лицензияны берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының және (немесе) лицензиялау басқармасының және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жұмыскерлері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.9. Лицензиялау басқармасының жұмыскері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы және (немесе) лицензиялау басқармасы және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасы жұмыскерлерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекетік лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік лицензия және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымша немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-мен қолы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша немесе бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен."Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _______________________
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Маманның, техниктің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын қызме ті | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострифика циялау туралы мәліметтер) (бұл тармақ рентгендік тексеру аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшы лар үшін толтырылмайды) | Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілер дегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазымының атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілер де, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғы ларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтыры лады) | Персо налды "А" тобының персона лына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі.
2-тарау. Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Қызметті құру туралы (немесе жауапты адам туралы) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты-жөні және атқаратын лауазымы | Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жүргізу құқығына берілген лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы және радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызметінің түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
3-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) |
Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық құралдарды қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу жөніндегі кіші қызмет түрлеріне ғана жатады;
иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау. Персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
4-тарау. Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Иелік құқығын растайтын немесе өзге заңды құқықтарды растайтың құжат | Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы | Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың мақсаты | Шыққан жылы және өндіруші ел | Зауыттық нөмірі және түгендеу күні | Техника лық паспорт тың нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық құралдарды қоса алғанда, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға және аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге, монтаждауға, бөлшектеуге, зарядтауға, қайта зарядтауға, жөндеуге ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін орындау талап етілмейді.
5-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау және персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды орындауға ғана қатысты.
6-тарау. Теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте |
Оқыту сыныбының, оқыту жабдықтарының, техникалық құралдың, радиациялық бақылау аспабының қысқаша сипаттамасы және атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжаттың атауы | Өзге заңды құқықтар болған жағдайда | Оқыту жабдығының, техникалық құралдың немесе радиациялық бақылау аспабының тағайындалуы | Зауыттық нөмірі және түгендеу күні (оқыту сыныптарына толтырылмайды) | Саны | Техникалық паспорттың нөмірі (радиациялық бақылау аспаптары үшін) | |
Шарттың нөмірі, күні және қолдану мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлға/ жеке кәсіпкер/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ / Жеке сәйкестендіру нөмірі | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қажетті радиациялық бақылаудың теориялық және практикалық оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 6-кестеге енгізіледі.
Ескертпе:
* – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
7-тарау. Тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен күзет қызметтерін көрсетуге көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
7-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 7-кестеге енгізіледі*.
Ескертпе:
* – осы тармақ ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке құжаттар
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын құжаттар (сертификаттар, куәліктер, куәліктер) – құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын, медициналықты аспаптарды қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу кіші қызмет түрі үшін отандық дайындаушы зауыттар немесе олардың уәкілетті ұйымдары берген (сертификаттар, куәліктер, куәліктер) құжаттарды ұсыну талап етілмейді және кемінде екі техник талап етіледі. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін осы тармақты орындау талап етілмейді. Қызметтің кіші түрі үшін ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау құжаттарды (сертификаттарды, куәліктерді, куәліктерді) ұсыну талап етілмейді.
2. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы) – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады. Осы тармақ персоналды жеке дозиметрлік бақылау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау және ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін орындау талап етілмейді.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес өтініш беруші бекіткен мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық– осы тармақ:
құрамында радиоизотоптық иондаушы сәуле шығару көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
иондаушы сәуле шығару көздерінің жұмыс сапасын, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау жөніндегі қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты.
4. "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11204 болып тіркелген) медициналық рентген жабдықтарының пайдалану параметрлеріне бақылау жүргізу талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен рентген аппаратының әрбір типінің тексерілетін негізгі параметрлерін, түсірілген суреттерді алу жүйесін және оларды бағалау шарттарын, пайдаланылатын қосалқы жабдықтарды сипаттай отырып сынау бағдарламасы – осы тармақ иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20323 болып тіркелген) "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысанының 4-кестесінің 1-бағанында көрсетілген құжаттар);
өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары – құрамында радиоизотопты иондаушы сәуле шығару көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналықты қоса алғанда, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға және аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге, монтаждауға, бөлшектеуге, зарядтауға, қайта зарядтауға, жөндеуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін осы тармақты орындау талап етілмейді.
6. Өтініш беруші бекіткен персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық – осы тармақ ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты;
7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20323 болып тіркелген) "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету" қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 6-кестесінің 2-бағанында көрсетілген құжаттардың көшірмелері) – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
8. Ядролық және/немесе радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мамандығы бойынша кемінде үш жыл оқыту тәжірибесі, арнайы даярлығы және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек кітапшалары және/немесе оны тоқтату күні мен негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарттары) бар оқытушылардың білімі, арнайы даярлығы (даярлау бағдарламаларын қоса бере отырып) туралы құжаттар – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты;
9. Өтініш беруші бекіткен, нақты сабақтар өткізетін оқытушының тегі көрсетілген, теориялық және практикалық даярлықты бөліп көрсете отырып, сағат бойынша бөле отырып оқыту бағдарламасы – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты;
10. Тыңдаушылардың білімін тексеруге арналған билеттер (тесттер) – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты;
11. Өтініш беруші бекіткен мәлімделетін қызмет сапасын қамтамасыз ету саласындағы өтініш берушінің саясатын сипаттай отырып, мәлімделетін жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы, оқытушыларды іріктеу, жұмысқа жіберу, олардың біліктілігін қолдау және арттыру рәсімі мен тәртібі, өтініш беруші мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын нормативтік құжаттар тізбесі, құжаттаманы басқару жүйесі, оқитындардың білімін бақылау рәсімдері, мәлімделген қызметте пайдаланылатын әдістемелердің сапасын қамтамасыз ету – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы "___" ___________ № ___________, ___________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)
қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда
Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі
________________________________________________________________
2) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі
________________________________________________________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы
_________________________________________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда
________________________________________________________________
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _____________________________________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________
________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы__________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша |
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
|
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 6-қосымша |
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік көрсетілетін қызметерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал)– нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына және ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін жібереді.
8. Ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының және ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лицензия берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының және ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасы және ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша немесе бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен."Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
_______________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті арнайы үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* - осы тармақты егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, рекультивациялау қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді.
2-тарау. Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Қызметті құру туралы(немесе жауапты адам) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты, әкесінің аты және атқаратын қызметі | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні, (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу өткізген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлықтан өткізу құқығына лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
3-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (берілген мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жұмыс орындарында, ластанған жабдықтар, бұйымдар, материалдар, топырақта, қалдықтарда өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі.
4-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) |
Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен шарттар жасалады.
5-тарау. Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте |
Маманның, техниктің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын қызметі | Қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) (осы тармақ рентгендік тексеру аппараттарында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификаттардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазымының атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілерде, ядролық материалдарды өткізуден басқа ядролық қондырғыларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтырылады) | Персоналды "А" тобының персоналына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, арнайы даярлығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – жұмысшылардың болуы қызметтің барлық кіші түрлеріне, техниктердің болуы тек үй-жайларды, жабдық пен материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) қызметінің кіші түрінде ғана қажет.
6-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте |
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/ арнайы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/ арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде радиоактивті қалдықтарға арналған қойма туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* - егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында және аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту және рекультивациялау қызметінің кіші түріне жұмыстар жүргізсе, осы тармақты орындау талап етілмейді
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттар
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы); радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыруға жауапты адам туралы бұйрық – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы және радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер қатарынан тағайындалады.
2. Радиациялық бақылау жүргізу жоспары, радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары.
3. Өтініш беруші бекіткен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
авариялық жағдайларда персоналдың іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық;
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
радиоактивті қалдықтарды тіркеу журналы;
жұмыстың негізгі тәсілдерін, қалдықтарды жинау, сұрыптау, сақтауға беру, өңдеу, қайта өңдеу, сақтау, көму тәсілдерін және кезеңдерін, үй-жайларды, жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыруды қоса алғанда, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті – персонал мен халықты радиациялық авариядан және оның салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары және мәлімделетін жұмыстарды орындаудың технологиялық регламенті тек радиациялық қауіптіліктің 1 және 2-санаттағы объектілері үшін ғана талап етіледі.
4. Өтініш беруші бекіткен радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жоспар – осы тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген; ________
2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын өзгерту ________
3) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайын өзгерту ________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы;________
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту; ________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы ________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________________
________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
__________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы"__________________
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
______________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша |
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметкезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
|
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 7-қосымша |
"Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік көрсетілетін қызметерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптыкөздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптыкөздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптыкөздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына рұқсат беру бақылауын жүргізу және лицензия берудің ерекше шарттарын белгілеу үшін жібереді.
8. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лицензия берудің ерекше шарттарын және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша немесе бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Маман ның, техник тің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) (осы тармақ рентгендік тексеру аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазымының атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілер де, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғы ларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтыры лады) | Персо налды "А" тобының персона лына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, даярлығы бар және қызметтің мәлімделген түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктер мен жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі.
2-тарау. Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Қызметті құру туралы(немесе жауапты адам) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты, әкесінің аты және атқаратын қызметі | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні, (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлықтан өткізу құқығына лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
3- тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – персоналды жеке дозиметрлік бақылау өткізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалынады.
4-тарау. Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған қажетті арнайы көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Арнайы көлік құралының атауы, маркасы | Арнайы көлік құралының мемлекеттік нөмірі | Арнайы көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған қажетті арнайы көлік құралдары туралы мәліметтер осы тарауға 4-кестесіне сәйкес енгізіледі.
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке құжаттар
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (немесе жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығы).
2. Радиациялық бақылау жүргізу жоспары; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары; радиациялық бақылау аспаптарын жалға алған жағдайда радиациялық бақылау аспабын жалға алу шарты.
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсанындағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда" көрсетілген Санитариялық қағидаларға 6-қосымшадағы талаптарға сәйкес өтініш беруші бекіткен мәлімделген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық.
4. Өтініш беруші бекіткен жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық - жаңа және пайдаланылған ядролық отынды тасымалдау жағдайында ұсынылады.
5. Өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналдың іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық.
6. Тасымалдауға болжанған аспаптардың, қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрлері жөнінде, сонымен бірге тасымалдау жоспарланған көліктік қаптама комплектілері жөнінде түсіндірме жазба – еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші немесе лицензиат қол қояды.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген; ________
2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын өзгерту ________
3) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайын өзгерту ________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы; ________
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту; ________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы ________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________________
________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы __________________
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 8-қосымша |
"Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа аумақтардағы қызметке біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа аумақтардағы қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесін;
мәліметтер нысанын;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа аумақтардағы қызметке құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және лицензиялау басқармасына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің ішінде, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер мен бастапқы тексеру туралы қорытындысын ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына рұқсат беру бақылауын жүргізу үшін жібереді.
8. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкері құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны дайындайды.
9. Лицензиялау басқармасының қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы қызметкерінің қорытындысын қарайды, осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, лицензиялау басқармасының қызметкері лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
13. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 – 9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушы) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
16. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса.
17. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанында берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа аударады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш нысанында берілуі мүмкін.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.20. Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жазбаша немесе бейнеөтініш арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз түрінде берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте |
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* - персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
2-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте |
Келісімшарт атауы | Шарттың нөмірі мен жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (осы мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді ұсыну туралы шарт үшін толтырылады) | Шарт жасалған заңды тұлғаның/ жеке кәсіпкердің/ жеке тұлғаның атауы | Лицензия нөмірі/ рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету" және "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа аумақтардағы қызмет" түрлеріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жұмыс жүргізілетін жердегі өндірістік радиациялық бақылау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі.
3-тарау. Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте |
Қызметті құру туралы(немесе жауапты адам) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты, әкесінің аты және атқаратын қызметі | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні, (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлықтан өткізу құқығына лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі *.
Ескертпе:
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
4-тарау. Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте |
Маман ның, техник тің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын лауазымы | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер) (осы баған рентгендік тексеру аппараттарында жұмыс істейтін персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазымының атауы, жұмыс кезеңі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілер де, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғы ларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтыры лады) | Персо налды "А" тобының персона лына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тиісті білімі, даярлығы бар және қызметтің мәлімделген түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктер мен жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі.
"Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке құжаттар
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Полигонда жүргізілетін болжамды жұмыстарының тізбесі бар түсіндірме жазба – еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші немесе лицензиат қол қояды.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес өтініш беруші бекіткен мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық.
3. Радиациялық бақылау жүргізу жоспары (меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда).
4. Радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары (меншікті радиациялық бақылау қызметі болған жағдайда).
5. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы).
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген; ________
2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын өзгерту ________
3) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайын өзгерту ________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы;________
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту; ________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы ________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________________
________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
___________________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың
атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауын өзгерту _________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерін өзгерту ______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы __________________
5) "Объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы" бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту ____________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы
________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
Банк шоты ______________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша |
"Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде – 10 (он) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | "Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 9-қосымша |
"Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Ескерту. Қағидалар алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 10-қосымша |
"Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Ескерту. Қағидалар алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 21.05.2021 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 11-қосымша |
"Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесінің көшірмесін беруді жүзеге асырады.
4. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күні оларды қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының қарауына береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындап, жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасы толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне құжаттар топтамасын қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасына жібереді.
14 (он төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының жұмыскері және ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы ұсынылған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесінің дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы қорытындыларды дайындайды, одан әрі көрсетілетін қызметті берушінің басқармаларының басшыларына келісуге кіргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынылған қорытындылар негізінде:
- ұсынылған қорытындылардың бірінде ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігі туралы тұжырым болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хатты ресімдейді;
- егер барлық қорытындыларда ұсынылған құжаттардың дұрыстығы туралы тұжырым болса ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесін келісу-хатты ресімдейді.
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесін келісу-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хат көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылған туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерімен сотқа шағымдана алады.
Өтініш
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісуді сұраймын.
Өтінішке ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесі қоса беріледі.
Заңды тұлғаның басшысы __________________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні 20__жылғы "_____" ___________
"Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
"Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисаптар әдістемесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Мемлекеттік қызметті көрсетуінің құжаттар мен нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен ұсынылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күн. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесін келісу-хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы). |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электронды түрде ұсыну ерекшеліктерін ескеретін басқа да талаптар | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777. |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірі № 123 бұйрығына 12-қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11222 болып тiркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11450 болып тiркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 69 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15012 болып тiркелген, 2017 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 205 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15338 болып тiркелген, 2017 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 238 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15544 болып тiркелген, 2017 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 365 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16008 болып тiркелген, 2017 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
7. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16324 болып тiркелген, 2018 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
8. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 114 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16797 болып тiркелген, 2018 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17276 болып тiркелген, 2018 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
10. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 қазандағы № 401 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17635 болып тiркелген, 2018 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18318 болып тiркелген, 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
12. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 187 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18722 болып тiркелген, 2019 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 358 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 19581 болып тiркелген, 2019 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).