"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20309 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181
бұйрығына қосымша

"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін (бұдан әрі - ТЖК) беру тәртібін айқындайды.

      2. ТЖК теңіз кемесінің бортында (әскери кемені қоспағанда) оның экипажының құрамында жұмыс істейтін, сондай - ақ сауда мақсатында теңізде жүзу мақсаттары үшін пайдаланылатын аралас (өзен - теңіз) жүзу кемесі (бұдан әрі - кеме), сондай-ақ оқу орнында оқитын және практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

      3. ТЖК кеме бортында жұмыс істейтін немесе жүзу практикасынан өту үшін кемелерге жіберілетін оқу орындарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

      ТЖК Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерге жұмыс істеу үшін жалданатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

      ТЖК бес жылға қолданылу мерзіміне беріледі.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға:

      1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (идентификациялау үшін):

      Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығын мемлекеті берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның кәсіби дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);

      4) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi көшірме, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.

      Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:

      Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме капитанын және экипаж мүшелерiн жалдау құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;

      кемеде көрсетілетін қызметті алушының айналысатын қызметi туралы жазбасы бар теңiзде жүзу кiтапшасы;

      Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).

      5) көрсетілген мемлекеттік қызметті үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

      Көрсетілген құжаттармен бірге оның көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.09.2021 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы ТЖК-ні ресімдеу барысында алынған биометриялық деректердің шаблонын оның мүддесінде пайдалануға арналған сауалнама-өтініште қамтылған рұқсатқа үйлестіру орталығына оның портында кеме орналасқан мемлекетке немесе транзиттік жүріп өту мемлекетінің кіруі (кетуі) мәселесін шешу үшін шет мемлекеттердің көші-қон биліктерінің және басқа да құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша ТЖК иесінің биометриялық деректерін жіберуге құқық беру үшін қол қояды.

      7. Сауалнама-өтінішке көрсетілетін қызмет алушы сауалнама-өтінішті қабылдайтын, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қатысуымен қол қояды.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын қабылдау аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызмет алушыны цифрлық камераны пайдалана отырып, суретке түсіру және арнайы сканерді пайдалана отырып, қол саусақтарының іздерін алу жүзеге асырылады, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес хабарлама-қолхат беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды.

      10. ТЖК-ні беру туралы шешім қабылдау үшін мынадай негіздердің болуына тексеру жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат;

      3) көрсетілетін қызметті алушының кемедегі жұмысын растайтын құжаттар;

      4) көрсетілетін қызметті алушыда қолданылу мерзімі өтпеген бір ТЖК-нің болмауы;

      5) ТЖК-ні ұлттық қауіпсіздік органдарымен беруді келісу.

      11. ТЖК-ні ұлттық қауіпсіздік органдарымен беруді келісу бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде сауалнама - өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жіберу арқылы жүргізіледі.

      12. ТЖК-ні беруді келісу кезінде ұлттық қауіпсіздік органдары Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы келісу туралы ақпаратты жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ТЖК - ні беруді келісуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіге Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы хабарлайды. Бұл ретте сауалнама-өтініш көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылмайды.

      13. Келісуге жіберілетін сауалнама-өтініштерді тіркеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні беруді келісуді есепке алу журналында жүргізіледі. Осы журналға келісу нәтижелері енгізіледі.

      14. Осы Қағидаларда 5-қосымшада көрсетілген. ұсынылған құжаттарды тексеру және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы жазбаша қорытынды дайындайды.

      15. ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздемелердің болуын тексеру нәтижелері туралы қорытынды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен бірге ТЖК-ні беру туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға беріледі және оң шешім болған жағдайда, теңізшінің жеке куәлігін жасау. Беру және бақылау ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ТЖК АЖ) деректерді енгізу бойынша жауапты көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін беріледі.

      16. Беру үшін негіздер тексеру нәтижесінде теріс болған жағдайда, ТЖК ресімделмейді. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ТЖК беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      17. Оң шешім қабылданған жағдайда, ТЖК бланкісі ресімделеді және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.

      18. ТЖК осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні беру журналына белгі қою арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне беріледі.

      ТЖК-ні беру алдында ТЖК-нің дұрыс толтырылуын тексеру және ТЖК-ге енгізілген биометриялық деректерді пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының талап етуі бойынша ТЖК-ге енгізілген, арнайы техникалық құралдарсыз оқуға болмайтын, оған қатысты кез келген деректерді тексеруге мүмкіндік беретін жабдыққа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Сауалнама-өтініш оған берілген ТЖК туралы деректер енгізілгеннен кейін сканерленеді және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық дерекқорында, ал сауалнама-өтініштің түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушінің арнайы ісінде сақталады.

      Берілген ТЖК туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің электрондық дерекқорына енгізіледі және үйлестіру орталығына жіберіледі.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-бағанының 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсынбаған жағдайлар үшін және ТЖК-ні беру туралы оң шешім болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға оның құжаттары қабылданғаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама және ресімделген ТЖК-нің беткі жағының көрсетілетін қызметті беруші куәландырған көшірмесі беріледі.

      ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама көрсетілетін қызметті алушыға ТЖК-ні беруді есепке алу журналына қол қойғызып беріледі. ТЖК-ні ресімдеу және ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтама беру туралы деректер көрсетілген қызметті берушінің ТЖК жүйесінің электрондық дерекқорында сақталады.

      20. ТЖК-ні ресімдеу туралы анықтаманы бұрын алған көрсетілетін қызметті алушыға беру осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ресімделген ТЖК-ні беру туралы өтініш пен 5-тармақтың 4) тармақшасында жүгінген күні құжат ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      23. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.09.2021 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшесі - Порттың теңіз әкімшілігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беру

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі немесе осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша қағаз немесе электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 540-бабына сәйкес ТЖК бергенi үшiн мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 (бес жүз) пайызын құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушілер - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің/Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарты:
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктін www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында және "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) ТЖК-ні беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi - өтiнiш-сауалнама);
2) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін):
Қазақстан Республикасының азаматы үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығын мемлекеті берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) көрсетілетін қызметті алушының кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның кәсіби дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);
4) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi көшірме, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:
Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме капитанын және экипаж мүшелерiн жалдау құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;
кемеде көрсетілетін қызметті алушының айналысатын қызметi туралы жазбасы бар теңiзде жүзу кiтапшасы;
Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).
Көрсетілген құжаттармен бірге оның көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында мыналар: анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және өтініштер бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      _______________________________________________________________________

      20 __ жылғы "____" ___________ №_____

 

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру туралы ӨТIНIШ-САУАЛНАМА

      1. Тегi, аты, әкесiнiң аты___________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), егер олар өзгертiлсе, қашан және қайда)

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі_______________________________________________________

      3. Туылған жылы, айы, күнi ________________________________________________________

      4. Жынысы ______________________________________________________________________

      5. Туған жерi ____________________________________________________________________

      (республика, облыс, елдi мекен)

      6. Тұратын (тiркелген) жерi ________________________________________________________

      (индексі, республика, облыс,

      ________________________________________________________________________________

      елдi мекен, көше, үй, пәтер, телефон)

      7. Азаматтығы ___________________________________________________________________

      8. Басқа мемлекеттің азаматтығы (егер бар болса көрсету) _______________________________

      9. Жеке басын куәландыратын негiзгi құжат __________________________________________

      сериясы____________нөмiрi_______________ 20______жылғы __________________берiлген

      ________________________________________________________________________________

                                                      (кім берген)

      10. Шетелдiк паспорт (егер бар болса) сериясы _________№ ____________________________

      20 ____ жылғы " ___" ____________ берiлген _________________________________________ (кім берген)

      11. Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн алу: бастапқы, пайдаланғанның, бүлінгеннің, жоғалғанның орнына (қажеттісін сызу).

      12. Оқу орындарында оқуды және әскери қызметтi қоса алғанда, еңбек кiтапшасынан және теңiзде жүзу кiтапшасынан соңғы бес жылдағы еңбек қызметi туралы үзінді көшiрме:

Айы және жылы

Лауазымы және қысқартусыз жұмыс орны, әскери бөлiмнiң нөмiрi

Ұйымның, әскери бөлiмнiң мекенжайы

түсуi

шығарылуы













      (Өтiнiш-сауалнаманың екiншi жағы)

Айы және жылы

Лауазымы және қысқартусыз жұмыс орны, әскери бөлiмнiң нөмiрi

Ұйымның, әскери бөлiмнiң мекенжайы

түсуi

шығарылуы













      20 ____жылғы "____" ___________      ______________________________

      (өтiнiш берушiнiң қолы)

      Мен____________________________________________________________________________

                                    (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      өзімнің жеке деректерiмдi, саусақ таңбаларының биометрикалық шаблондарын және цифрлық

      фотосуреттi пайдалануға, соның iшiнде оларды шет мемлекеттердiң иммиграциялық және

      басқа да құзыреттi органдарына тапсыруға, қажет болған кезде теңiзшiнiң жеке куәлiгiн

      пайдалана отырып, менiң жеке басымды сәйкестендiруге байланысты мәселелердi менiң

      мүддемде шешуге рұқсат етемiн.

      20__жылғы "____" _______________      ____________________________________

      (өтiнiш берушiнiң қолы)

      Құжаттарды қабылдау күнi 20__жылғы "____" ___________________________ Тiркеу №______

      _________________________________________________ __________________________

      (өтiнiш-сауалнаманың қабылдаған адамның лауазымы)            (қолы, тегi, аты-жөнi)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi берiлдi

      № KAZ __________________                  20____жылғы "___" ____________________

      (нөмiрін көрсету)                                          (берiлген күнi)

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

ҚОЛХАТ-ХАБАРЛАМА

      _________________________________________________________________________ берiлдi

      (өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      20 __ жылғы "____" ___________ одан мынадай құжаттар қабылданды:

Р/с №

Құжаттың атауы

Саны

1

2

3



















      Ұсынылған құжаттардың жиыны:____________ дана.

      Құжаттар 20___ жылғы "___" __________ № _______ болып тiркелді.

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________ _______________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң аты-жөнi, тегi)                        (қолы)

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, тегi) (қолы)

      20 ___ жылғы "___" _____________

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша

Теңiзшiнiң жеке куәліктерін беруге келiсулерді есепке алу журналы

Р/с

Тегi, аты, әкесiнiң аты

Келiсуге жiберiлген күнi

Ұлттық қауiпсiздiк органының ТЖК беруді келiсу күнi және нөмiрi

Келiсу нәтижесi (келiсiлдi немесе келісуден бас тартылды)

Келiсу нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге пошталық хабарламаны жiберу күнi

1

2

3

4

5

6



















  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн ресiмдеу және беру үшiн негiздердi тексеру нәтижелерi туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      Өтiнiш берушi ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (егер болса),

      ________________________________________________________________________________

      азаматтығы, туылған күнi және жерi)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке басты куәландыратын құжат №, берілген күнi, кiм берген)

Р/с №

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшін негiздер

Негiздердi тексеру нәтижелерi

1

Қазақстан Республикасы азаматтығының, шетел азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалардың тұруға ықтиярхаттың болуын қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң жеке басын тексеру


2

Өтiнiш берушiнiң теңiз кемесiнде жұмыс iстейтiнiн растайтын құжаттар


3

Өтiнiш берушiде теңiзшiнiң екiншi жеке куәлiгiнiң болмауы


4

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн берудi ұлттық қауiпсiздiк органымен келiсу

20__ жылғы "___" _______________
№ _____

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшін негiздердін тексеру нәтижесiнде өтiнiш берушi

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________ анықталды (теңiзшiнiң жеке куәлiгiн берудi ресiмдеудi, берудi немесе оны

      беруден бас тартуды негiздейтiн қысқаша қорытынды)

      ______________________________________ _________________ ________________________

      (Тексеру жүргiзген қызметкердiң лауазымы)      (қолы)                  (тегі, аты-жөнi)

      ТЖК БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГIЛЕР

      (ТЖК-ні ресiмдеу туралы немесе ТЖК-ні беруден бас тарту туралы анықтамалар)

      Қорытындыны бекiтемiн (бекiтпеймiн).

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн (ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтаманы) беруге рұқсат етемiн (рұқсат етпеймiн) (қажетсiзiн сызып тастау):

      ТЖК берiлдi (ресiмделдi) (қажетсiзiн сызып тастау)

      № KAZ_________________________ 20____жылғы "____" _______________

      _____________________________ ________________ ______________________

      (лауазымы)                  (қолы)                  (аты-жөнi, тегі)

      20____жылғы "_____"__________________

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi 20____жылғы "____" _______________дейiн жарамды.

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру журналында тiркелді №________ реттiк №_______

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
6-қосымша

      20__жылғы "_____" ______________ _№______

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (туылған күнi және жерi, азаматтығы)

      20__жылғы "_____" ______________ № ______ теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру туралы

      өтiнiш-сауалнаманы қарау және теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру негiздерін тексеру кезiнде

      теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру үшiн мынадай негiздің жоқ екенi анықталғаны туралы хабарланады,

      ________________________________________________________________________________

      (жоқ негiздi көрсету)

      оның мiндеттiлiгi осы Қағидалардың 16-тармағымен айқындалған, осыған байланысты

      теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тартылды.

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тартуды жауапкершілігіне алған ұйымның атауы және мекенжайы)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруден бас тарту туралы шешiмнiң тiркеу нөмiрi және күнi:

      20__жылғы "_____" ______________ № ______

      ________________________________ ________________ _______________________________

      (лауазымы)                  (қолы)                        (аты-жөнi, тегі)

      М.О.

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
7-қосымша

Теңiзшiнiң жеке куәлiктерін берудi есепке алу журналы

Р/с

ТЖК нөмi рi

Өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әке сiнiң аты

ТЖК-ні беруге ұсынған ұйым (немесе жазбаша өтiнiш)

ТЖК-ні ресiмдеу туралы анықтаманы алу күнi және қолы

Кеме бортында жұмыс iстейтiнiн куәландыратын құжат

ТЖК-ні беру күнi

ТЖК-ні алу туралы қолы

ТЖК-ні жарамсыз деп тану немесе ТЖК-ні алып қою күнi

ТЖК-ні жою туралы актінің нөмiрi және күнi

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


































  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
8-қосымша

      20__жылғы "_____" ______________ шығ. №_______

Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн ресiмдеу туралы АНЫҚТАМА

      ________________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (туылған күнi және жерi, азаматтығы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________ негiзiнде берілді

      (ұсынымы бойынша дайындық деңгейі мен денсаулық жағдайының теңiз кемелерiнiң экипаж

      мүшелерiне қойылатын талаптарға сәйкестiгін растайтын теңiзшiнiң жеке куәлiгi немесе

      құжаттары ресiмделген ұйым атауын көрсету)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi ресiмделдi № KAZ ______________________

      (нөмiрiн көрсету)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн ресiмдеу күнi 20__жылғы "_____" ______________

      Куәлiк 20__жылғы "_____" ______________ дейiн жарамды

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгi теңiз кемесiнің бортында жұмыс iстейтiнiн куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейiн берiлуге жатады.

      __________________________ _______________ ___________________________

      (лауазымы)                        (қолы)                  (тегi, аты-жөнi)

      М.О.

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
9-қосымша

Ресiмделген теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беру туралы ӨТIНIШ

      Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң басшысы ______________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болса)

      _______________________________________________________________________________

      (туған күнi және жерi, азаматтығы)

      жұмыс iстеушiнiң ерекшелiктерi ___________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (лауазымы мен кеменің атауы, кеме иесi)

      Бұдан бұрын ресiмделген № KAZ ___________________________________________________

      (нөмiрiн көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      (ТЖК-ні ауыстыру кезiнде тапсыруға жататын ТЖК-нің нөмiрiн, кiм және қашан бергенін

      көрсету)_________________________________________________________________________

      ТЖК-нi берудi сұраймын

      Теңiз кемесiнде жұмыс iстейтiнімді куәландыру үшiн мынадай құжаттарды ұсынамын:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ұсынылған құжаттарды, олардың нөмiрлерi, қашан және кiм бергенiн атап көрсету)

      20__жылғы "_____" ______________ __________ ________ __________________________

                              (күнi)            (қолы)                        (тегі, аты-жөнi)

      ТЖК-ні БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГIЛЕР

      (немесе ТЖК-ні беруден бас тарту)

      Теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруге рұқсат беремiн (рұқсат бермеймiн) (қажетсiзiн сызып тастау).

      ТЖК берiлдi (ресiмделдi) (қажетсiзiн сызып тастау)

      № KAZ ________________ 20___ж. "_____" _________________

      (нөмiрiн көрсету)                  (берiлген күнi)

      _______________________________________ __________ _________________

      (ТЖК-ні беру туралы шешiм қабылдаған            (қолы)                  (тегі, аты-жөнi)

      адамның лауазымы)

      20__ жылғы "____" ___________________ (күнi)

      ТЖК 20__ жылғы "____" _________ дейiн жарамды.

      ТЖК-ні беру журналында тiркелді

      №_______ реттiк № ______

  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
10-қосымша

      20__жылғы "_____" ______________ № _____

Кеме иесiнiң теңiзшiнiң жеке куәлiгiн беруге № _______ ҰСЫНЫСЫ

      Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң басшысы________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болса)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (туылған күнi және жерi, азаматтығы) _______________________________________________

      теңiзшiнiң жеке куәлiгiн берудi сұраймын ерекше белгiлерi

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________ лауазымына тағайындалған

      ________________________________________________________________________________

      (кеме атауы, кеме иесi) жұмыс орнының ұсынылғанын растайтын құжаттар

      ________________________________________________________________________________

      Негiз:___________________________________________________________________________

      __________________________ 20__жылғы "_____" _______________ № ____ бұйрық

      ________________________________________________________________________________

      __________________________ __________________ ___________________________________

      (лауазымы)                  (қолы)                        (аты-жөнi, тегі)М.О.