"Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20298 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлецметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 2 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 3 сәуірдегі
№ 124 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 26 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
қосымша

Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - қор) әлеуметтік төлем жүзеге асыралады.

      3. Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (бұдан әрі - әлеуметтік төлем) келесі санаттарға жүзеге асырылады:

      1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері;

      2) карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері;

      3) жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - БЖТ төлеуші);

      6) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар (бұдан әрі - АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      7) мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - коммерциялық емес ұйымдар) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері.

      4. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті жұмыскерлердің өздері бермеген жағдайды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтар (бұдан әрі - аудандық (қалалық) штабтар) әлеуметтік аударымдар төлеушілер ұсынған ақпарат негізінде айқындайды, олардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы болып табылады.

2-тарау. Әлеуметтік төлемді ұйымдастыру тәртібі

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау жүзеге асырылады.

      6. Әлеуметтік төлем:

      1) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;

      2) өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға БЖТ төлеушілері;

      3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға тағайындалмайды.

      7. Әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті жұмыскерлердің өздері бермеген жағдайды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларында аталған адамдарға төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) штаб берген қорытынды негізінде тағайындалады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға әлеуметтік төлем тағайындау үшін, сондай-ақ әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негіз болып табылады.

3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі

      8. Әлеуметтік төлем алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер жұмыскерлердің жалақы сақталмайтын демалыста жүргені туралы мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті аудандық (қалалық) штабқа жібереді.

      9. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтінішті жұмыскерлердің өздері берген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) береді.

      10. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш келесі тәсілдердің бірі арқылы беріледі:

      1) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы;

      Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген ақпарат диалог форматында ұсынылады;

      3) Enbek.kz. порталы арқылы;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш талап етілмейді.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес берілген өтінішке SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады.

      Бұл ретте, егер осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше шарттар болса, сондай-ақ қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы өтініш берген жағдайда, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі қызметкерлерге автоматтандырылған режимде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламалар қалыптастырады.

      11. Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысында төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізбесі айқындалады.

      Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысы және әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш Мемлекеттік корпорацияның филиалына осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      12. Қорытынды беруден бас тартуды аудандық (қалалық) штаб келесі жағдайларда шығарады:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мәліметтер болмаған кезде;

      2) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісіне немесе карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектісіне немесе коммерциялық емес ұйымдарға жатпайтын болса;

      3) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші мемлекеттік коммерциялық емес ұйым болып табылса.

      13. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берілген күннен бастап бір рет тағайындалады және "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

      "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдайдың әрекет ету мерзімі ұзартылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім төтенше жағдайдың әрекет ету мерзіміне дейін ұзартылады.

      14. Мемлекеттік корпорацияның филиалы осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініштерді, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші берген жағдайда аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық іс макетін (бұдан әрі - ЭІМ) жасайды, онда осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көзделген өтініштен тағайындау үшін қажетті мәліметтер, ал өтінішті әлеуметтік аударымдарды төлеуші ұсынған жағдайда аудандық (қалалық) штаб қорытындысынан мәліметтер, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама, осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша 3-тармақта көрсетілген әр адамға жеке әлеуметтік төлемдерді тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасы автоматты түрде енгізіледі.

      Қалыптастырылған ЭІМ қордың филиалына жіберіледі.

      15. Қор филиалы бір жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ-ні қарайды және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі - шешім) қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарт болған кезде әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік корпорация Қордың филиалы бекіткен әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешімдер негізінде бір жұмыс күні ішінде тағайындалған әлеуметтік төлемдердің сомаларын әлеуметтік төлемдерге қажеттілікке енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті күн сайын қалыптастырады.

      17. Қор график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін күн сайын Мемлекеттік корпорацияны қаржыландыруды жүргізеді.

      18. Мемлекеттік корпорация қаражатты алып, бір жұмыс күні ішінде графикке сәйкес әлеуметтік төлемдерге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына қаражат аудару жолымен алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомалары бойынша, сондай-ақ артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.

      19. Әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезеңінде күн сайын жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі еңбек демалысында жүрген жұмыскерлердің тізімінде бар болған кезде, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама болған кезде осы Қағидалардың 9 және 11-тармақтарында көрсетілген адамдарға қордың филиалы қабылдаған әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім туралы мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың 20__ жылғы __ _________ № __ қорытындысы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге ________________________________________________________ (ұйымның атауы/өтінім берушінің (Т.А.Ә. (бар болса)

      өтінішін қарап, Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

      қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып

      табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері

      олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді

      жүзеге асыру қағидаларының 4-тармағы негізінде ұсынылған тізім бойынша жалақысы

      сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне

      байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындау жолымен

      төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған

      адамдардың тізімін анықтау туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: ________________________________

      Комиссия мүшелері*: ______________________________

      _______________________________

      _______________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      * ескертпе: тек қағаз жеткізгіште

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Өтініш

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________

      ЖСН ___________________________________________________________________________

      Банктің атауы ___________________ банк шотының нөмірі______________________________

      Пошта мекенжайы (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      Телефон ____________________ E-mail ______________________________________________

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді Қазақстан

      Республикасының заңнамасында жол берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға

      және пайдалануға келісім беремін.

      Жалған ақпарат немесе дәйексіз құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірісімнен айырылғанымды растаймын.

      Өтінім берушінің қолы ____________________________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Өтініш

      ________________________________________________________ аудандық (қалалық) штабқа

      (аудан, қала)

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы/өтінім берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      Ұйымның/өтінім берушінің мекенжайы:______________________________________________

      (аудан, қала)

      E-mail __________________________ Телефон ________________________________________

      Жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге төтенше жағдай кезеңінде

      қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер

      тағайындау жолымен төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісімнен

      айырылу себебінен әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Банктің атауы

Банк шотының нөмірі

Мобильді телефон нөмірі







      Жалған ақпарат немесе дәйексіз құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Ұйымның басшысы _______________________________________________________________

      (SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауы)

      Жеке шоттың № __________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________________________

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________________________

Төлеушінің атауы

Әлеуметтік аударымдар/міндетті зейнетақы жарналарын төлеу күні

Төлеушінің БСН немесе ЖСН

Әлеуметтік аударымдар

Міндетті зейнетақы жарналары

Кезең (ай және жыл)

Әлеуметтік аударымдар сомасы (теңге)

Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы

1

2

3

4

5

6







      Жиыны:

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне/жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі

      ________________________________________________________________________________

      (4-бағаннан күнтізбелік айлардың саны)

      Соңғы 24 айдағы әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу, қайта есептеу үшін орташа

      айлық кіріс______________________________________________________________________

      Жауапты орындаушы:_______________________________________________________

      Үзіндінің күні мен уақыты:___________________________________________________

      Шығарылған күні:__________________________________________________________

  Төтенше жағдай кезеңінде
міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыларға және
нысанасы жұмыстарды орындау
(қызметтерді көрсету) болып
табылатын азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша
кіріс алатын, салық агенттері
олар үшін міндетті зейнетақы
жарналарын төлеген жеке
тұлғаларға әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      Коды _______________________

      Облыс (қала) _______________

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ______________________ облысы (қаласы) бойынша филиалының төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы 20____ жылғы "___" ___________ № ___ ШЕШІМІ

      1. Тағайындалсын (бас тартылсын):

      Істің № _________________________________________________________________________

      Тегі____________________________________________________________________________

      Аты____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)___________________________________________________________

      Туған күні ______________________ жынысы ________________________________________

      (күні, айы, жылы)                              (әйел, ер)

      Жүгінген күні: 20___ жылғы _______________________________________________________.

      20___ жылғы " "________________ жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру

      жүйесіне/жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі _____ ай.

      20___ жылғы " "_______________ мен 20___ жылғы " "_____________ аралығындағы төтенше

      жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемнің мөлшері _____________________________ сомасында.

      (сомасы санмен және сөзбен көрсету қажет)

      2. _________(себебі көрсетілсін) әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартылсын

      Филиал басшысы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Филиал маманы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Шешім жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))