ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2021 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 452 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18969 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 167 бұйрыққа қосымша |
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленді және объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) объектіні кейіннен кәдеге жарату – күрделі құрылыстың (үйдің, ғимараттың, кешеннің) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін қалпына келтірілетін элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;
2) бөлшектеуге және бұзуға арналған жұмыс жүргізу жобасы (бұдан әрі – ЖЖЖ) – берілген алаңда нақты объектіні бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстардың ұтымды технологиялары мен оларды ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі пысықталатын құжаттама;
3) бұзу – бөлшектеу немесе қирату жолымен құрылыстарды немесе құрылыс элементтерін толық немесе ішінара жою.
3. Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу (кейіннен кәдеге жарату) әзірленген жобалау (жобалау-сметалық құжаттама) негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға (кейіннен кәдеге жаратуға) арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) белгіленеді.
4. Объектінің жауапкершілік деңгейіне байланысты жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген рұқсат құжатының (лицензия, сарапшының аттестаты, аккредиттеу куәлігі) негізінде тұлғалар орындайды.
5. "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген құжаттарды қоса беріп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын, мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жазылған.
8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және құжаттарды түскен күні тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсетіп, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған, мемлекеттік қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидаларда бекітілген талаптарға сәйкестігін техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде, техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, мемлекеттік қызмет берушінің кеңсесі немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды бойынша ақпаратты міндетті түрде ұсына отырып немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшысының атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz (8-7172) 98-35-08, 98-34-82 немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына ("Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы" парағы).
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
16. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өтініш
Кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге жататын
_______________________________________________________________________
(объектінің толық атауы)
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жауапты боламын.
Қабылдады (қолы) __________________
Күні: 20__ ж. "_____"____________
Тапсырды (қолы) __________
"Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға арқылы өтініш берген кезде техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық немесе қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегiн |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат №
20__ жылғы "____"_______ берілген |
Жергілікті атқарушы орган басшысы ________________________________________
__________________________________________________________________________
рұқсат берген органның атауы және басшының тегі, аты, ол бар болған жағдайда
әкесінің аты ұсынылған құжаттамалар
негізінде _________________________________________________________
__________________________________________________________________________
тапсырыс берушінің (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты – жеке тұлғалар
үшін/ұйымның атауы – заңды тұлғалар үшін)
____________________________________________________________________
(объектінің атауы мен орналасқан жері)
__________объектісі бойынша кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу)
жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат береді.
Бас мердігер (егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса)
_________________________ _______________________________________________
_________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Ескертпе:
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ жобалау құжаттамасын бұзғаны үшін қатысқан адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
2. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзіміне ішінде қолданылады.
Жергілікті атқарушы органның басшысы |
_________ | (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты) |