БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Арнайы есепке алу бөлімі:
мекемеге қабылданған әрбір сотталған туралы мәліметтерді сотталғандардың қозғалысын есепке алуға және жеке істерін тіркеуге арналған журналға (бұдан әрі - журнал) еркін нысанда жазады;
әрбір сотталғанға жеке іс арнайды;
Бұл ретте, жеке істерді есепке алу жазбалары жариялауға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана ұсынылады.
екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына (бұдан әрі – ОАДҚ) сотталғандар туралы және бір тәулік ішінде – жазалардың орындалуы туралы мәліметтерді енгізеді.
8. Мекемеге келгені әрбір сотталған туралы арнайы есепке алу бөлімі екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа, оның зайыбына (жұбайына), сотталғанның таңдауы бойынша туыстарының біріне немесе заңды өкіліне (бұдан әрі – заңды өкілдер) хабарлама жібереді.
Шетелдіктің келіп түскені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |