Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 21 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 наурызда № 20163 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары бекітілсін.

      2. "Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 227 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19686 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 24 наурыздағы
  № 21 қаулысымен
бекітілген

Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заң), "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару тәртібін айқындайды.

      Қағидалардың мақсаттары үшін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар түсініледі.

      2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеу Заңның 14-бабына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттар:

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтар үшін - 2020 жылғы 1 маусымға дейін;

      басқа елді мекендерде мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтар үшін - 2020 жылғы 15 маусымға дейін ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту тәртібі және есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі

      4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) есептік тіркеуден өту үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

      3) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттар;

      4) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбардтың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін);

      5) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар (акционерлер, қатысушылар) уәкілеттік берген тұлға бекіткен және компанияның толық құрылымын, қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі), маркетинг жоспарын (клиенттік базаны қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды ашатын таяудағы үш жылға арналған бизнес-жоспар.

      Осы тармақшаның талабы қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаларға қолданылмайды;

      6) микрокредиттерді беру қағидалары;

      7) соңғы үш жылдағы салық декларациясын (қызметін көрсетілген мерзімнен аз жүзеге асыратын субъектілер үшін - соңғы салық кезеңдері үшін);

      8) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік (аудиторлық ұйым растаған, бар болса);

      9) басшы қызметкерлер мен құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттар (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      10) басшы қызметкерде жоғары білімінің болуын растайтын құжаттар;

      11) басшы қызметкерлерде және құрылтайшыларда (қатысушыларда, акционерлерде) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      12) филиалдар мекенжайларының тізімі.

      Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген құжаттар PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - стандарт) келтірілген.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген, Қазақстан Республикасының резиденттері басшы қызметкерлерде және құрылтайшыларда (қатысушыларда, акционерлерде) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын мәліметтерді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын басшы қызметкерлер және құрылтайшылар (қатысушылар, акционерлер) бойынша шет тілінде ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуы немесе апостильденуі тиіс (жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда). Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариат куәландырып, уәкілетті органға ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдау және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдау және тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты орындаушы) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген жағдайда өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш түскен және оны тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жолдайды.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ұсынылған құжаттардың толық болуы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыны микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыны тізілімге енгізу туралы хабарламаның жобасын, жазбаша түрде дәлелді жауап әзірлейді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жауапты бөлімше басшысының қолын қойдырады және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды.

      Есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жауапты бөлімше басшысының қолын қойдырады және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Заңның 15-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолданады.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 3 шілдеде № 8555 тіркелді) белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде ақпараттандыру автоматты режимде жаңартылып тұрады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Шағым жазбаша нысанда беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданатын шағымда:

      1) шағым берілетін көрсетілетін қызметті берушінің атауы (жоғары тұрған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болса);

      2) шағым беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) және тұрғылықты тұратын жері не заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;

      3) жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиалы мен өкілдігі) үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      4) актісіне (шешіміне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің атауы немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      5) шағым беруші тұлға өзінің талаптарын және дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;

      6) шағым берілген күн;

      7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

      12. Шағымда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

      13. Шағымға тікелей оны беретін адам не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

      14. Шағымды уәкілетті көрсетілетін қызметті беруші басшысының қабылдағанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады, онда шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіледі.

      Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады: 8-800-080-7777 немесе 1414.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберген кезде шағым туралы ақпарат жеке кабинеттен қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы хабарлама, қарауға жауап немесе қараудан бас тарту туралы жазбалар) кезінде жаңартылады.

4-тарау. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару тәртібі

      15. Уәкілетті орган Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізеді.

      Тізілім көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      16. Уәкілетті орган тізілімге Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның орналасқан жері туралы мәліметтерді енгізеді.

      17. Уәкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды тізілімнен Заңның 16-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша шығарады.

      18. Уәкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым ұсынған, өтініште немесе құжаттарда көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша хабарлама жібереді.

      19. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген атауға және орналасқан жерінің мекенжайына енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарлайды.

  Есептік тіркеуден өту үшін
ұсынылатын құжаттар тізбесін
қоса алғанда, микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың есептік тіркеуден
өту, сондай-ақ микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың тізілімін жүргізу
және тізілімнен шығару
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      _________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард)

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймын.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________;

      2) өтініш берушінің орналасқан жері

      _________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі

      _________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса интернет-ресурс)

      2. Өтініш берушінің қатысушылары (акционерлері) туралы мәліметтер

      1) _______________________________________________________________

      (жеке тұлға - қатысушының (акционердің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болса),

      заңды тұлға - қатысушының (акционердің) атауы, сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      2) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      3) тіркелуі, тұрғылықты тұратын жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (ел, индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      4) бұрын құрылтайшы (акционер, қатысушы) не өтініш беруші заңды тұлға қатысушысының (акционерінің) басшы қызметкері "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын осы ұйымды микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімінен алып тастау туралы уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе бірінші басшысы болған не болмағаны туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      5) бұрын өтініш берушінің қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болғаны не болмағаны туралы немесе болып табылатыны туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      6) өтініш берушінің қатысушысы (акционері) дауыс беруші акциялардың он немесе одан көп пайызына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) тура және (немесе) жанама иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер:

      _________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан жері, қызметінің түрі және ұйымды мемлекеттік тіркеу туралы деректер)

      _________________________________________________________________

      (иелік ету: тура және (немесе) жанама, ұйымның қатысушыға (акционерге) тиесілі дауыс беруші акциялары санының ұйымның дауыс беруші акцияларының жалпы санына қатынасы немесе ұйымның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі)

      Ескерту: Осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларын кредиттік серіктестіктер толтырмайды.

      3. Өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы мәліметтер:

      1) _______________________________________________________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), лауазымы)

      2) жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (болса)


      3) білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломының деректемелері (күні және нөмірі (болса))

1

2

3

4

5






      4) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      5) Өтініш берушінің басшы қызметкерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларына иелік етуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан орны

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе өтініш берушінің басшы қызметкеріне тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының санына қатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      6) уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты ұсынған тұлғаның қаржы ұйымындағы, банк және (немесе) сақтандыру холдингіндегі лауазымды, сондай-ақ өтініш берушінің басшы қызметкері ретінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңді көрсете отырып, еңбек қызметі (өтініш берушінің басшы қызметкерінің бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі:

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымынан босатылу себептері

Жетекшілік ететін бөлімшелер, негізгі функционалдық міндеттер

1

2

3

4

5

6

7








      7) өтініш берушінің басшы қызметкері бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасау қабілеті жоқ банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейінгі не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі (атқарушы органның және оның орынбасарының функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы болғандығы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      8) қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшысы ретінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылған-тартылмағандығы

      _________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күні, ұйымның,

      _________________________________________________________________

      сот талқылауындағы жауапкердің атауы, қаралған мәселе заңды күшіне енген

      _________________________________________________________________

      сот шешімі көрсетілсін (ол шығарылған жағдайда)

      9) тағайындалған (сайланған) күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылған-тартылмағандығы

      _________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      _________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, тәртіптік жаза қолдану

      _________________________________________________________________

      туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      10) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының бар екендігі туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      11) басшы қызметкерге қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымына орналасу және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің бар екендігі туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Ескерту. Мінсіз іскерлік бедел деп кәсібилігін, адалдығын растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымына орналасу және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің болмауы түсініледі.

      4. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана мен парақ саны:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      5. Мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың күні мен нөмірі

      _________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпарат пен құжаттарды уәкілетті органға уақтылы ұсынуды растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), лауазымы

      _________________________________________________________________

  Есептік тіркеуден өту үшін
ұсынылатын құжаттар тізбесін
қоса алғанда, микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың есептік тіркеуден
өту, сондай-ақ микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың тізілімін жүргізу
және тізілімнен шығару
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)




      20 __ жылғы "____" _____________

      ______________________________________________________ ___________

      Мәліметтерді беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      және қолы (растаушы құжаттарды қоса бере отырып)

  Есептік тіркеуден өту үшін
ұсынылатын құжаттар тізбесін
қоса алғанда, микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың есептік тіркеуден
өту, сондай-ақ микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың тізілімін жүргізу
және тізілімнен шығару
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Ломбардтың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер

      _________________________________________________________ үй-жайы

      (өтініш берушінің толық атауы)

      заттарды ломбардта сақтау, ломбардтар үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету бойынша талаптар белгілеуді, ломбардтарда заңсыз табылған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл шараларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 19709 болып тіркелген) бекітілген ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес болатын мынадай аймақтардан тұрады.

Үй-жайдың орналасқан жері:_______________________________

Ломбардтың үй-жайы

Сипаттама (еркін нысанда сипаттау)

Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бейнебақылау жүйелерімен, күзет сигнализациясымен және шұғыл шақыру пультімен жабдықталуы (бар/жоқ)

Операциялық касса



Клиенттерге қызмет көрсету аймағы



Заттарды, кепіл мүлкін сақтауға арналған орын



      20 __ жылғы "____" _____________

      ______________________________________________________ ___________

      Мәліметтерді беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      және қолы (растаушы құжаттарды қоса бере отырып)

  Есептік тіркеуден өту үшін
ұсынылатын құжаттар тізбесін
қоса алғанда, микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың есептік тіркеуден
өту, сондай-ақ микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың тізілімін жүргізу
және тізілімнен шығару
қағидаларына
4-қосымша

"Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның тізіліміне енгізу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабының 8-тармағына сәйкес ақылы негізде.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке тіркеу алымы төленеді, ол 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ куәландырылған өтініш;
2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;
3) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
4) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбардтың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін);
5) құрылтайшылар (акционерлер, қатысушылар) құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам бекіткен және компанияның толық құрылымы, қызмет стратегиясы, қызмет бағыттары мен ауқымдылығы, қаржылық перспективалары (алғашқы үш қаржы (операциялық) жылына арналған бюджеті, есеп айырысу балансы, пайда мен зиянының шоты, маркетингтік жоспары (клиенттік базаны қалыптастыру) қамтылған таяудағы үш жылға арналған бизнес-жоспар, сондай-ақ еңбек ресурстарын тарту, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жоспары.
Осы тармақшаның талаптары қарыздар беру бойынша қызметті жүзеге асыратын және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаларға қолданылмайды;
6) микрокредиттерді беру қағидалары;
7) соңғы үш жылдағы салық декларациясы (қызметін көрсетілген мерзімнен аз мерзімде жүзеге асыратын субъектілер үшін - соңғы салық кезеңдері үшін);
8) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік (аудиторлық ұйым растаған, бар болса);
9) басшы қызметкерлердің және құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттар (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
10) басшы қызметкердің жоғары білімінің болуын растайтын құжаттар;
11) басшы қызметкерлердің және құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын құжаттар (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
12) филиалдар мекенжайларының тізімі.
Қағидалардың 4-тармағы 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген құжаттар құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын басшы қызметкерлер және құрылтайшылар (қатысушылар, акционерлер) бойынша шет тілінде ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге (жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариат куәландырған құжат ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат беру;
2) егер микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамауы;
3) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қаршадағы Заңның (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген талаптардың бірі сақталмау;
4) Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімін сақтамау.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.finreg.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы жеке кабинет арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.finreg.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
8-800-080-7777, 1414.


  Есептік тіркеуден өту үшін
ұсынылатын құжаттар тізбесін
қоса алғанда, микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың есептік тіркеуден
өту, сондай-ақ микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың тізілімін жүргізу
және тізілімнен шығару
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімі 20 __жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

Берілген тіркеу нөмірі

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның түрі

1

2

3

4

      кестенің жалғасы:

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бизнес- сәйкестендіру нөмірі

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның мекенжайы (орналасқан жері)

5

6

7

      кестенің жалғасы:

Телефон, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурсы (бар болса)

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізу күні

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімінен шығару күні

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімінен шығару негізі

8

9

10

11