"Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 наурызда № 20137 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Күдіктiмен немесе айыпталушымен некеге тұрғысы келетiн адам тергеу изоляторына тұрғылықты жері немесе тергеу изоляторы орналасқан орны бойынша АХАТ органы куәландырған өтiнiшті (ерікті нысанда), сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның көрсетілген күдiктiмен немесе айыпталушымен кездесуiне берген рұқсатын (ерікті нысанда) ұсынады. Некеге тұруға ниет білдіру туралы өтiнiш келiп түскен кезде тергеу изоляторының әкiмшiлiгi оны күдіктiге немесе айыпталушыға өзiне қатысты бөлiгiн толтыру үшiн бередi.";

      101-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты болған кезде, некені тiркегеннен кейiн күдіктіге немесе айыпталушыға Заңның 17-бабына сәйкес жұбайымен (зайыбымен) кездесуге рұқсат етеді.";

      15-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 16 наурызы
№ 219 бұйрығына қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесi
тергеу изоляторларының iшкi
тәртiптеме қағидаларына
15-қосымша
  нысан
  № ________________________
(облыс атауы)
  тергеу изоляторының бастығына

Туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуге рұқсат қағазы

      Азамат(ша) ________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасы ҚК-нің _____ бабында көзделген қылмысты жасағаны үшiн жазаға

      тартылған, ____жылғы "__" ______ туған,

      ________________________________________________________________________________

      (қылмыстық процесті жүргiзетін органның атауы)

      тiркелген _____________________________________________ -мен кездесуге рұқсат етiлгенiн

      (күзетпен ұсталатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      хабарлаймыз.

      ___________________________________________________________ қолы ________________

      (қылмыстық процесті жүргiзетін адамның лауазымы, тегі)

      20___ жылғы "___" __________

      КЕЛIСЕМIН

      ___________________________________________________________ қолы ________________

      (қылмыстық процесті жүргiзетін орган басшысының лауазымы, ТАӘ (болған жағдайда)

      20___ жылғы "___" __________