"Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 наурызда № 20124 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында:

      26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша есептілікке:

      бюджеттік кредиттер және олар бойынша сыйақылар;

      бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер;

      бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек;

      пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек;

      1420 "Болашақ кезеңдердің шығыстары" шотында көрсетілген болашақ кезеңдердің шығыстары;

      уақытша орналастырылған ақша бойынша кредиторлық берешек;

      егер 5-ДБ-Б немесе 5-ДБ-Ө нысанында көрсетілген дебиторлық берешек танылғанда, бірмезгілде корреспонденциялау кезінде ол туындаған жағдайда 3130 "Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" және 4130 "Бюджет алдындағы ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" шотында көрсетілген бюджетпен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша берешек;

      активтерді басқарудан түсетін кірістер бойынша берешек (инвестициялар объектісінің таза кірісі бөлігінің түсімдерінен, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерден, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне, мүлікті жалға беруден) сомалары қосылмайды.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының функционалдық немесе экономикалық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда, бюджеттік есептілікте кредиторлық және дебиторлық берешек шығыстардың жаңа кодтары бойынша көрсетіледі.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есеп өзіне мынадай бөлімдерді (кіші бөлімдерді) қамтиды:

      1) кірістер (І):

      салық түсімдері;

      салықтық емес түсімдер;

      негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

      трансферттер түсімдері;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер (ІІ);

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кірістер (ІІІ);

      4) шығындар (ІV):

      5) Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ төлеу (V);

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу (VІ);

      7) таза бюджеттік кредит беру (VІІ):

      бюджеттік кредиттер;

      бюджеттік кредиттерді өтеу;

      8) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо (VІІІ):

      қаржы активтерін сатып алу;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсім;

      9) бюджет тапшылығы (профициті) (ІX);

      10) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру (X):

      қарыздардың түсуі;

      қарыздарды өтеу;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары;

      11) "Бюджет қаражатының қалдықтары" анықтамалық бөлімі:

      қаржы жылының басына бюджет қаражатының қалдықтары;

      жыл соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары.

      Бюджет тапшылығы (профициті) мына формула:

      Db(Pb) = D+Іp+Іd-Z-Pr-Wk-K-S бойынша анықталады, мұндағы

      Іp – Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер;

      Іd – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кірістер;

      Pr – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу;

      Wk – Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ төлеу.

      Алынған көлемнің теріс белгісі бары бюджет тапшылығы, оң белгісі бары – профициті болып табылады.";

      85-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің атқарылуы туралы айлық есепті – толық көлемде есептіден кейінгі айдың 8 – күнінен кешіктірмей АЖ арқылы, онда жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және ерекшелігін, ал есептің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімі бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын, функционалдық кіші топтарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды және ерекшеліктерін қамтиды, оны кейіннен осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес қалыптасқан мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы растай отырып, есептіден кейінгі айдың аяғына дейін;";

      87-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) есепті айдағы республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы айлық есеп деректерін, сыртқы қарыздар есебінен есепті кезеңнің соңғы айының кассалық операцияларын есепке алмастан – есептіден кейінгі айдың 3 – інен кешіктірмей; сыртқы қарыздар есебінен есепті кезеңнің соңғы айының кассалық операцияларын ескере отырып – есептіден кейінгі айдың 8 – нен кешіктірмей.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Жергілікті бюджеттер бойынша даму бюджеттік бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары инвестициялық жобалар, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыру, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға берілген инвестициялар бойынша, сондай-ақ өзінің мазмұны бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыруға және "Басқалар" деген бөлімде көрсетілетін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға жатпайтын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып, 6-ДББ нысан бойынша қалыптастырады.

      1-бағанда кодтар толтырылады:

      бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы – функционалдық топ, функционалдық кіші топ, бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік;

      2-бағанда түсімдер сыныптамасы көрсеткішінің атауы, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы;

      3-бағанда Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджеттің сомасы көрсетіледі;

      4-бағанда оның орындалу барысында Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджеттің сомасы көрсетіледі;

      5-бағанда есепті қаржы жылына түзетілген бюджет – Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыланбай Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, бекітілген немесе нақтыланған бюджет сомасы;

      6 және 7-бағандарда төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының және жылдың басынан өсу қорытындысымен есепті кезеңге міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетіледі. Түсімдер бойынша 6-баған, шығыстар бойынша 6 және 7-баған толтырылады, бұл ретте 6-бағанда бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейіне дейін төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетіледі (қоса алғанда);

      8-бағанда қабылданатын міндеттемелер сомасы көрсетіледі;

      9-бағанда төленбеген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;

      10-бағанда бюджет түсімдерінің орындалу сомасы және /немесе жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен есепті кезеңге бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер көрсетіледі.

      11-бағанда бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе есепті кезеңге түсімдердің жиынтық жоспары мен бюджетті қаржыландыру сомаларына есепті кезеңге бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының пайыздық қатынастары көрсетіледі;

      12-бағанда бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе есепті кезеңге бюджеттің атқарылатын (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) сомаларына есепті кезеңге бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер сомасының пайыздық қатынастары көрсетіледі;

      Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есептердің негізінде қалыптастырады.

      Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті ведомство, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне сәйкес қалыптастырады.";

      мынадай мазмұндағы 88-1 тармақпен толықтырылсын:

      "88-1. Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есепті жасау үшін ведомство есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне сәйкес АЖ-ге инвестициялық жобалардың жылдық сомалары бойынша деректерді жүктейді.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті айдан кейінгі ағымдағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей ведомствоға осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес 7-БИЖ нысаны бойынша АЖ-де қалыптастырылған инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларын атқару туралы есепті электрондық түрде ұсынады.

      7-БИЖ нысаны былайша толтырылады:

      1) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 13, 15, 16 және 17-бағандарды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері толтырмайды (осы бағандардың мазмұны АЖ-дан автоматты түрде алынатын болады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылатын болады;

      2) 10-бағанда әрбір инвестициялық жобалар бойынша есепті кезеңге арналған міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары көрсетіледі;

      3) 11-бағанда әрбір инвестициялық жобалар бойынша есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары көрсетіледі;

      4) 12-бағанда әрбір инвестициялық жобалар бойынша есепті кезеңге арналған қабылданған міндеттемелер көрсетіледі;

      5) 14-бағанда әрбір инвестициялық жобалар бойынша есепті кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер көрсетіледі.

      Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларын атқару туралы есепке орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға) немесе мемлекеттік мекеменің басшысы қол қояды, қойылған қолдар таратылып (тегі және аты-жөні) жазылған болуы тиіс.";

      91-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде жиынтық) айлық/жылдық есептерді, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есептерді, жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган нысандар бойынша электрондық түрде ілеспе хатпен тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.";

      1, 2, 10 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 26-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау нысандарының тізбесі


Нысандардың нөмірлері

Нысандардың атаулары

айлық

тоқсандық

жартыжылдық

жылдық

1

2

3

4

5



жарты жылдық

жылдық

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп – 1-АҚ нысаны*



жарты жылдық

жылдық

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп –1- АҚ-УО нысаны**



жарты жылдық

жылдық

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ-нысаны



жарты жылдық

жылдық

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп -3- ӨШ-нысаны


тоқсандық


жылдық

Кредиторлық берешек туралы есеп -4-КБ-Б нысаны


тоқсандық


жылдық

Кредиторлық берешек туралы есеп 4- КБ-Ө нысаны


тоқсандық


жылдық

Дебиторлық берешек туралы есеп 5-ДБ-Б нысаны


тоқсандық


жылдық

Дебиторлық берешек туралы есеп 5-ДБ-Ө нысаны

айлық



жылдық

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөле отырып, даму бюджеттік бағдарламаларын атқару туралы есеп- 6-ДББ нысаны

айлық



жылдық

Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы туралы есеп – 7- БИЖ нысан

айлық



жылдық

Бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

айлық



жылдық

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есеп

айлық




Бюджет сыныптамасы бойынша шығыстар бойынша жиынтық есеп, 4-20 нысаны

айлық



жылдық

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

      Ескертпе:

      *1-АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін

      **1-АҚ-УО нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына
  2-қосымша

Мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті ұсыну нысаны

р/с №

Есептер нысандарының атауы

Есептерді ұсыну нысаны:

мемлекеттік мекемелер

жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары

облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар

республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (ведомстволар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарын орындау туралы есеп – 1-АҚ/1-АҚ-УО-нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

2

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ нысаны

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

3

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ-нысан


электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта


-

-

-

4

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Б-нысан

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

Электрондық түрде және қағазтасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы - толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары деңгейіне дейін)

5

Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Ө- нысан

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы -толықкөлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары деңгейіне дейін)

6

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Б- нысан

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы, электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы –толық көлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары деңгейіне дейін)

7

Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Ө нысан

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы және электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы (жылғы -толықкөлемде, тоқсандық - біріктірілген форматта берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты қоса бере отырып, ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растамасымен– біріктірілген форматта (РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары деңгейіне дейін)

8

Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп

-

-

-

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша бюджет түсімдерін және бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктерін және функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар (қағаз тасығышта жылдық есеп) бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып, АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

-

9

Республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

-

-

-

-

-


айлық - ЭҚАБЖ арқылы бюджетке түсімдерді қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бөлімі бюджет түсімдері сыныптама түсімдерінің санаттары мен сыныптарын қамтуы, ал бюджет шығыстарын қамтитын есеп бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын және кіші топтарын қамтуы тиіс; жылдық – АЖ және ЭҚАБЖ арқылы толық көлемде болуы тиіс

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

-

-

-


-

-

АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

 
11

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуытуралы есеп







АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

12

Бюджет сыныптамасы жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (4-20-нысаны)

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы


-

-

-

13

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

-

-

-

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

Электрондық түрде және қағазтасығышта

Электрондық түрде және қағаз тасығышта

-

14

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы туралы есеп- 7- БИЖ нысан



Электрондық түрде





      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      РББӘ – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;

      ЭҚАБЖ – электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      АЖ – ақпараттық жүйе.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
10-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан _________________ жылға арналған Есепті кезең _________________бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бюджеттің атауы)

      Индекс: 7-БАЕ нысаны

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттары;

      бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар

      Қайда ұсынылады: жоғары тұрған бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: айлық, жылдық

      Ұсынылу мерзімі:

      - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттары үшін аудан(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органы белгілейді;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган үшін облыс бюджетінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органымен белгіленеді;

      - (астана, республикалық маңызы бар қала) облыс бюджетінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 8 күнінен кешіктірмей және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей;

      - ведомство үшін - сыртқы қарыздар есебінен есепті кезеңнің соңғы айының кассалық операцияларын есепке алмастан - есептіден кейінгі айдың 3-інен кешіктірмей; сыртқы қарыздар есебінен есепті кезеңнің соңғы айының кассалық операцияларын ескере отырып - есептіден кейінгі айдың 8-інен кешіктірмей.

      Республика (облыс, қала, аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,

      ауылдық округ)________________________

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік сыныптама кодтары

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына арналған нықтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет

1

2

3

4

5


І. Кірістер





Салықтық түсімдер





Салықтық емес түсімдер





Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер





Трансферттер түсімдері





ІІ. Шығындар





Жалпы сипаттағы Мемлекеттік қызметтер





Қорғаныс





Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық,қылмыстық-атқарушылық қызмет





Білім беру





Денсаулық сақтау





Әлеуметтік көмек және Әлеуметтік қамсыздандыру





Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық





Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік





Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану





Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары





Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі





Көлік және коммуникация





Өзгелер





Қызмет көрсету





Трансферты





ІІІ. Таза бюджеттік кредит беру





Бюджеттік кредиттер





Бюджет кредиттерін өтеу





ІV. Қаржылық активтермен жасалтын операциялар бойынша сальдо





Қаржы активтерін сатып алу





Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер





V.Бюджеттің тапшылығы (профициті)





VІ. Бюджеттің тапшылығын (профицитін) қаржыландыру





Қарыздардың түсуі





Қарыздарды өтеу





Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары





Анықтама ретінде:





Бюджет қаражатының қалдықтары





Қаржы жылының басына бюджет қаражатының қалдықтары





Есепті кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдықтары




      кестенің жалғасы

Есепті кезеңге арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландыруды жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары

Қабылданған міндеттемелер

Төленбеген міндеттемелер

Бюджеттік Бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджет түсімдерін және /немесе төленген міндеттемелерді атқару

Есепті қаржы жылына арналған түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарлама лар) бойынша бюджет түсімдерін атқару және/ немесе төленген міндеттеме лер (10- баған:6- баған), %

Атқарылған (бекітілген, түзетілген) бюджетке бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджет түсімдерін атқару және/ немесе төленген міндеттемелер, %

төлемдер бойынша

міндеттемелер бойынша

6

7

8

9

10

11

12








      Облыстың, республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың ауданның

      әкімі (облыстық маңызы бар) __________ ______________________________

                                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Мөр орны

      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті

      уәкілетті органның/ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,

      ауылдық округ әкімдер аппаратының басшысы _______ _________________________

                                                (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Есепті қалыптастыруға жауапты

      құрылымдық

      бөлімшесінің басшысы __________ _____________________________________

                                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Ескертпе: осы Қағидалардың 63-тармағында нысанға толтыру бойынша түсіндірме келтірілген

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
12-қосымша

_____________ жылға арналған Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп

      Мерзімділігі: айлық, жылдық

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік сыныптама кодтары

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бекітілген (түзетілген) бюджет

атқарылуы

атқарылуы %

1

2

3

4

5


І. Кірістер





Салықтық түсімдер





Салықтық емес түсімдер





Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер





Трансферттер түсімдері





ІІ. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер





ІІІ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түскен инвестициялық кірістер





ІV. Шығындар





Жалпы сипаттағы
Мемлекеттік қызметтер





Қорғаныс





Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет





Білім беру





Денсаулық сақтау





Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру





Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық





Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік





Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану





Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары





Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі





Көлік және коммуникация





Өзгелер





Борышқа қызмет көрсету





Трансферты





V. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ төлеу





VІ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу





VІІ. Таза бюджеттік кредит беру





Бюджеттік кредиттер





Бюджет кредиттерді өтеу





VІІІ. Қаржылық активтермен жасалтын операциялар бойынша сальдо





Қаржы активтерін сатып алу





Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсім





ІX . Бюджет тапшылығы (профициті)





X. Бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру





Қарыздардың түсуі





Қарыздарды өтеу





Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары





Анықтама ретінде:





Бюджет қаражатының қалдықтары





Қаржы жылының басына бюджет қаражатының қалдықтары





Есепті кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдықтары




  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 243 бұйрығына
5-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
26-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы туралы есеп есепті кезең ______________ жыл mіnfіn.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған

      Индекс: 7-БИЖ нысан

      Ұсынатын тұлғалар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

      Қайда ұсынылады: ведомствоға

      Кезеңділігі: айлық, жылдық

      Ұсыну мерзімі: - есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей

      Өлшем бірлік: мың теңге

Коды

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет

Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың жиынтық жоспары

функционалдық топ

бюджеттік бағдарлама әкімшісі

бағдарлама

кіші бағдарлама

инвестжобаның коды

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11






Барлығы











І.Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар - барлығы











ІІ. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар - барлығы











ІІІ.Нысаналы даму трансферттері - барлығы











ІV. Кредиттер - барлығы











V.Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер - барлығы






      кестенің жалғасы

Қабылданған міндеттемелер

Төленбеген міндеттемелер (12-баған–14-баған)

Бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы

Есепті кезеңге ауытқуы (14-баған-11-баған)

Есепті кезеңге бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы (14-баған/11-баған х100)

Бір жылға арналған жоспарға төленген міндеттемелердің атқарылуы (14-баған/ 9-баған х100)

12

13

14

15

16

17



















      Бюджеттік бағдарламалар

      әкімшісінің басшысы________________________________________________

                              (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Бюджеттік бағдарламалар

      әкімшісінің бас бухгалтері _________________________________________________

                              (қолы) (тегі, аты,әкесінің аты (болған кезде)

      Ескертпе: осы Қағидалардың 88-1-тармағына сәйкес нысанға толтыру бойынша түсіндірме