"Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 31-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 48-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 наурызда № 20110 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 2023 жылғы 18 қазандағы № 153-НҚ бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 18.10.2023 № 153-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 31-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14083 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағындағы 489) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құрылысқа арналған инженерлік іздеулер. Сейсмикалық шағын аймақтандыру. Жалпы ережелер" Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларында 1.02-02-2016:

      5.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.2 Қазақстан Республикасы аумағындағы сейсмикалық аймақтандыру бойынша жұмыстар меншіктің кез келген нысанындағы мамандандырылған ғылыми және өндірістік ұйымдармен орындалады.";

      5.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.6 Сейсмикалық аймақтандыру бойынша жұмыстардың нәтижесіне ұлттық ғылыми кеңеспен мақұлданған карта жатады. Сейсмикалық аймақтандырудың картасы Қазақстан аумағында іздеу, жобалау және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын барлық ұйымдар үшін олардың ведомстволық бағынуына тәуелсіз міндетті нормативтік құжат болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық
шаруашылық істері Комитетінің төрағасы
М. Жайымбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі