"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 ақпанда № 20066 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      623 және 624-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "623. Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау Бюджет кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкімдіктер органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша кредитордың шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасасу арқылы ресімделеді.

      624. Қайта құрылымдауды жүргізу үшін қарыз алушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттамаларды енгізеді:

      1) қарыз алушының қаржылық жағдайын және қаржылық жағдайды сауықтыру жөніндегі шараларды қамтитын бизнес-жоспар;

      2) құзыретіне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кіретін мемлекеттік органның қорытындысы немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және/немесе жергілікті атқарушы органның қорытындысы.

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      Жоғарыда көрсетілген комиссияның оң қорытынды алғаннан кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлейді және оны республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына жолдайды.

      Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қаулы жобасын жақын арада болатын республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі алынған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаулы жобасын бекіткеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, сенім білдіруші (бар болған жағдайда) қол қойылған Кредиттік шартқа қосымша келісім жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық органға бес жұмыс күнінің ішінде қол қоюға енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 624-1-тармағымен толықтырылсын:

      "624-1. Мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда қарыз алушы кредитордың шешім қабылдау сәтінде есептелген тұрақсыздық төлемін (айыппұл, өсімпұл) кредитордың шешімінде көрсетілген мерзімде төлейді.

      Кредитор негізгі борышты өтеу мерзімін өзгертуді келіскен жағдайда, тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімпұл) кредитордың шешім қабылдау сәтіне дейін де есептеледі.

      Қарыз алушыға қатысты жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану немесе оңалту рәсімін енгізу кезінде тұрақсыздық төлемін (айыппұл, өсімпұл) тоқтату не есептеу 2014 жылғы 7 наурыздағы "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабы 5 тармағының 2-тармақшасындағы сот бекіткен оңалту жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      663 және 664-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "663. Мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган құқық белгілейтін және өзге де меншік құқығы туындағанын растайтын (ауыртпалық салу құқығы) құжаттардың негізінде сенім білдірілген өкілмен (агентпен) және/немесе сот орындаушысымен, банкроттық басқарушымен, бюджеттік кредиттер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдауды ұйғаратын қарыз алушымен және/немесе өзге де мүдделі тұлғалармен келісім жасасады.

      664. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 663-тармағында анықталған жасасқан келісімге сәйкес мүлікті қабылдауды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 665-1-тармағымен толықтырылсын:

      "665-1. Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға кредитор шешімінің негізінде кредиттік шарт тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.

      Борышты аудару бюджеттік кредит бойынша борышты өтеу есебіне өндіріп алынған (ұсынылған) мүлікті берген кезде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару кредитор, қарыз алушы және жаңа қарыз алушы арасында келісім жасасу арқылы ресімделеді.

      Бюджеттік кредит бойынша сыйақыны есептеу бюджеттік кредит бойынша борышты аудару туралы кредитордың шешімі қабылданған сәттен бастап тоқтатылады. Кредитордың шешімі қабылданған сәтте бюджеттік кредит бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда, өсімпұлды (айыппұлдарды) есептеу мүлікті мемлекеттік меншікке іс жүзінде қабылдағанға дейін тоқтатылмайды.

      Кепілдік қамтамасыз етуден босату кредитор, қарыз алушы және жаңа қарыз алушы арасында жасалған Келісім бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (Д.Ә. Темірбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі