"Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 20062 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11638 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары";

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "

3. Фото - және бейнетіркеуге арналған материалдық құралдар, техникалық құралдар

52

Бейнетіркеуіш

дана

1

7 жыл

Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде

Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары және фитосанитариялық бақылау бекеттері

Портативтік бейнетіркеуіш – сырғанамайтын жабыны бар соққыға төзімді корпус; кең бұрышты объектив; инфрақызыл LED жарықтандырғыш, лазерлі нысана көрсеткіш, IR-түнгі көру

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі