Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 20057 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 19 ақпандағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және cуармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың әрекеті суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезіндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекемелерге қолданылады.

2-тарау. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі

      3. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме мынадай ақылы қызмет түрлерін көрсетеді:

      1) суармалы жерлердің топырақтық-мелиорациялық және тұздық түсірілімін жүргізу;

      2) ыза сулардың деңгейіне гидрорежимдік бақылаулар жүргізу;

      3) жерүсті және жерасты суларының ирригациялық бағалауын жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      4) Жерүсті және жерасты суларына ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5) бақылау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымалар бұрғылау.

      4. Республикалық мемлекеттік мекеме суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді Заңның 6-бабы 1-тармағының 40-2) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сәйкес жүзеге асырады.

      5. Республикалық мемлекеттік мекеме өз қызметіне сәйкес ақылы қызмет түрлерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш беруші) жазбаша өтініші негізінде көрсетеді.

      6. Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      7. Өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету жөніндегі өтінішті есепке алу журналында тіркеледі, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      8. Журнал тігіледі, нөмірленеді, сондай-ақ, бірінші басшының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (бар болса) расталады.

      9. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлерінің тізбесі және көрсетілетін қызметтердің тарифтері республикалық мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпарат орындарында орналастырылады.

      10. Ақылы қызмет түрлері республикалық мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.

      11. Ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдайлар жасалады (құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақтандырылады).

      12. Өтініш берушілермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын міндетті түрде қолдана отырып және өтініш берушіге бақылау-кассалық машинаның чегін бере отырып, республикалық мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы, ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша республикалық мемлекеттік мекеменің бақылау шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізіледі.

      13. Ақылы негізде қызмет алған өтініш берушіге республикалық мемлекеттік мекеме шот-фактура береді.

      14. Республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлерінен түсетін қаражат "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен жасалатын түсімдер және шығыстар жоспарларына сәйкес жұмсалады.

      15. Қызметтерді сатудан түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

      16. Республикалық мемлекеттік мекеме ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынатын ақшаның түсуін және жұмсалуын есепке алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6443 болып тіркелген) және "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрықтарымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Суармалы жерлердің
мелиорациялық жай-күйіне
мониторинг және бағалау
жүргізу кезінде республикалық
мемлекеттік мекеменің ақылы
қызмет түрлерін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Кімге:____________________________________________________________________

      (республикасының мемлекеттік мекеменің толық атауы)

      Кімнен:___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      Өтініш берушінің мекенжайы _______________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)

      Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________________

      (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi,

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

ӨТІНІШ

      __________________________________________________________________________

                  бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуіңізді сұраймын.

      Өтініш беруші ___________________________________________________________

                                    (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Суармалы жерлердің
мелиорациялық жай-күйіне
мониторинг және бағалау
жүргізу кезінде республикалық
мемлекеттік мекеменің ақылы
қызмет түрлерін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету жөніндегі өтінішті есепке алу журналы

Тіркеу №

Қабылдау күні

Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе оның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Ақылы көрсетілетін қызметтердің түрлері

Қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы

Өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

1

2

3

4

5

6































  Суармалы жерлердің
мелиорациялық жай-күйіне
мониторинг және бағалау
жүргізу кезінде республикалық
мемлекеттік мекеменің ақылы
қызмет түрлерін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      ___________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      ______________________________ республикалық мемлекеттік мекемесі

      _______________________________ ақылы қызметтер түрлерін көрсету үшін

      Сіздің өтінішіңізді және тиісті құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ____________________________________________________________;

      2) ____________________________________________________________;

      3) ____________________________________________________________;

      4) ____________________________________________________________;

      5) __________________________________________________________ қабылдайды.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.

      __________________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,

      қолы)

      Телефоны _________________________________________________________________

      Алдым:__________________________________________________________________

      (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе оның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "