Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 20053 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 Нормативтік құқықтық тіркеу тізілімінде № 16482 тіркелген, 2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бакінде жариялған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидалары мен нысанында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.Мемлекеттік кірістер органдары тауарларды кедендік декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) бойынша тауарларды сыныптаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде олардың дұрыс сыныптамасы анықталған жағдайда тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ТБЖ кедендік бақылаудың жүргізуін қамтамасыз ететін кедендік бақылау нысандары мен (немесе) шараларын айқындаған кезде УЛА аталған нысандар мен шараларды қолданады.

      Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйе арқылы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ТБЖ тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту бойынша шараларды тағайындағаны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тауарлардың сыныпталуын бақылау кезінде тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту үшін кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін мынадай кедендік бақылау нысандары және шаралар анықталуы мүмкін:

      кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру;

      кедендік сараптама;

      кедендік жете тексеру;

      кедендік тексеру.

      6. ТБЖ айқындаған тауарларды сыныптау бойынша тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту бойынша шаралардың қолдануын УЛА мынадай ережелерді ескере отырып жүзеге асырады:

      1) "Кедендік декларацияны толтыру бойынша нұсқаулық және кедендік декларациялардың нысаны туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру түріндегі кедендік бақылауды жүргізген кезде декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі – ТД) 33-бағанында мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды табыс ету қажеттілігі туралы сұрау салу жолданады.

      Декларант немесе кеден өкілі электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта табыс етілетін сұрау салынған құжаттардың тексеруін УЛА Кодекстің 410-бабында белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырады.

      Сұрау салынған құжаттар табыс етілген және оларды тауарлар шығарылғанға дейін тексеру аяқталған жағдайда, кедендік бақылау нәтижелері тексеріліп жатқан мәліметтердің дұрыстығын және (немесе) толықтығын растағанда, УЛА Кодекстің 192, 193-баптарына сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асырады және "Бақылау нәтижесі" ұяшығында тиісті нәтижені таңдау арқылы ақпараттық жүйесінің "ТБЖ Бақылау" салымында бақылау нәтижесін енгізеді.

      Декларант және (немесе) кеден өкілі тауарларды шығарғанға дейін ТД-да мәлімдеген мәліметтерді растамайтын сұрау салынған құжаттарды ұсынған жағдайда, УЛА:

      тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдайды, оған аумақтық кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және мұндай шешім қабылданған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа және кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды;

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімінің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ТД мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап қойылады;

      тауарды шығару Кодекстің 192, 193-баптарына сәйкес жүзеге асырылады;

      электрондық құжатты жолдау жолымен не қағаз тасымалдағышта кедендік декларацияда немесе қағаз тасымалдағышта берілген тауарларға арналған декларацияларды тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініште тиісті белгіні қою жолымен Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарды шығарудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеген жағдайда мұндай бас тарту үшін негіз болып табылған барлық себептер көрсетіледі.

      Егер кедендік, өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеру Кодекстің 193-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінде аяқталмаған жағдайда, УЛА Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарлардың шығаруын жүргізу мүмкіндігі туралы декларантқа және кеден өкіліне хабарлайды.

      Бұл ретте УЛА ақпараттық жүйе арқылы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен (бұдан әрі – ЕЭК № 112 шешімі) бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді толтыру тәртібіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді декларантқа және кеден өкіліне жолдайды.

      Декларант және (немесе) кеден өкілі көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді енгізген кезде УЛА ақпараттық жүйе арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етудің тіркеуін жүргізеді және Кодекстің 195-бабына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтағанға дейін тауарлардың шығаруын жүзеге асырады.

      Егер сұрау салынған құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсініктемелер, не мұндай құжаттар мен (немесе) мәліметтерді табыс етудің мүмкін еместігінің себептерін түсіндіруді ұсыну және (немесе) болмауы, Кодекстің 410-бабының 7-тармағымен белгіленген мерзімде ұсынылмаған, және Кодекстің 195-бабымен көзделген шарттар сақталмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.

      Мемлекеттік кірістер органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қарағанда өзге түрде белгіленген және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі – Одақ туралы Шарт) 46, 47, 48, 49 және 50-баптарға сәйкес белгіленген тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді және (немесе) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдау жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.

      Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарларды шығарған кезде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру Кодекстің 410-бабының 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарына сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін аяқталады;

      2) кедендік сараптама жүргізуге байланысты тәуекелдердің алдын алу және барынша азайту бойынша ұсынымдар болған кезде, УЛА Кодекстің 54-тарауына сәйкес кедендік сараптаманы тағайындайды және ақпараттық жүйе арқылы кедендік сараптаманы жүргізу үшін ТД-ның 33-бағанында мәлімделген мәліметтерді растайтын декларацияланатын тауарлардың үлгілерін ұсыну қажеттілігі туралы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне сұрау салуды жолдайды.

      Кедендік сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, мұндай тауарлардың сәйкестендіру құралдары мен құжаттарын алу Кодекстің 471-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер кедендік сараптама Кодекстің 193-бабында көзделген тауарларды шығару мерзімінде аяқталған жағдайда, кедендік сараптама актісінің қорытындысы бойынша СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау коды расталған кезде Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асырады және "Бақылау нәтижесі" ұяшығында тиісті нәтижені таңдау арқылы ақпараттық жүйесінің "ТБЖ Бақылау" салымында бақылау нәтижесін енгізеді.

      СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау кодын растамаған кезде УЛА мынадай:

      тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдайды, оған аумақтық кеден органының немесе кеденнің басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды және мұндай шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа және кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімінің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап қояды;

      электрондық құжатты жолдау жолымен не қағаз тасымалдағышта кедендік декларацияда немесе қағаз тасымалдағышта берілген тауарларға арналған декларацияларды тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініште тиісті белгіні қою жолымен Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарды шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеген жағдайда мұндай бас тарту үшін негіз болып табылған барлық себептер көрсетіледі.

      Егер кедендік сараптама Кодекстің 193-бабында белгіленген шығару мерзімінде аяқталмаған жағдайда, УЛА ақпараттық жүйе арқылы:

      Кодекстің 196-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне хабарлайды;

      ЕЭК № 112 шешіміне сәйкес декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ЕЭК № 112 шешіммен бекітілген нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді жолдайды.

      Декларант және (немесе) кеден өкілі аталған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда УЛА ақпараттық жүйе арқылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді тіркеуді жүргізеді және кедендік сараптама аяқталғанға дейін тауарлардың шығаруын жүзеге асырады. Бұл ретте, декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы тауарларды шығару туралы хабарлама жолданады.

      Мемлекеттік кірістер органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қарағанда өзге түрде белгіленген және (немесе) Одақ туралы Шарттың 46, 47, 48, 49 және 50-баптарға сәйкес белгіленген тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді және (немесе) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдау жолымен тауарларды шығарудан бас тартуды жүзеге асырады.

      Жүргізілген кедендік сараптаманың нәтижелері СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешімі қабылдау үшін тауарлар кодын айқындау мәселесі лауазымдық міндеттемелеріне кіретін құрылымдық бөлімшелерге тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін жолдайды;

      3) тауарлардың кедендік жете тексеруін жүргізу кезінде УЛА ақпараттық жүйе арқылы жүргізу орны мен уақыты туралы хабарламаны декларантқа немесе кеден өкіліне жолдайды және Кодекстің 413-бабына сәйкес тауарлардың кедендік жете тексеруін жүргізу бойынша әрекеттерін жүзеге асырады.

      Тауарлардың кедендік жете тексеруін жүргізу үшін УЛА ақпараттық жүйе арқылы лауазымды адамдары кедендік жете тексеруді жүзеге асыратын арнайы бөлімшеге (тексеріп қарау тобына) хабарламаны жолдайды.

      Егер кедендік жете тексеру мерзімі Кодекстің 193-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімінен асып кеткен жағдайда, тауарларды шығару мерзімі кедендік жете тексеруді аяқтау үшін қажетті, алайда Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      Кедендік жете тексеру актілерінің нәтижелері бойынша СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау кодын растаған кезде УЛА:

      Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарды шығаруды жүзеге асырады және "Бақылау нәтижесі" ұяшығында тиісті нәтижені таңдау арқылы ақпараттық жүйесінің "ТБЖ Бақылау" салымында бақылау нәтижесін енгізеді;

      СЭҚ ТН бойынша мәлімделген сыныптау кодын растамаған кезде УЛА Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес іс-қимылды жүзеге асырады және:

      тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдайды, оған аумақтық кеден органының немесе кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және мұндай шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа және кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы тауарларды сыныптау туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және Кодекстің 183-бабына сәйкес ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап қояды;

      тауарларды шығарудан бас тарту туралы электрондық құжатты жолдау жолымен Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарды шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      4) кедендік тексеру түрінде барынша азайту бойынша шараларды тағайындаған жағдайда УЛА ақпараттық жүйе арқылы Кодекстің 193-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде декларантқа немесе кеден өкіліне жүргізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жолдайды және ақпараттық жүйеге тиісті жазбаларды жүзеге асырады. Бұл ретте, тауарларды шығару Кодекстің 195-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындауын қамтамасыз етуді ұсынусыз жүзеге асырылады.

      7. Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді Кодекстің 410, 411, 416, 417 және 418-баптарыңа сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

      Тауарлар шығарылғаннан кейін СЭҚ ТН бойынша тауарлардың дұрыс сыныпталуына тексеруді лауазымдық міндеттеріне тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау мәселесі кіретін мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.";

      10-тармақ мынадай радакцияда жазылсын:

      "10. СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін лауазымдық міндеттеріне тауарлардың кодын айқындау мәселесі кіретін мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі тауарды дұрыс емес сыныптау фактін анықтаған кезде сұрау салынған қосымша құжаттар мен мәліметтер ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды.

      Тауарды сыныптау туралы шешім екі данада ресімделеді және оған аумақтық кеден органының немесе кеденнің басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.

      Тауарларды сыныптау туралы шешімнің бір данасы оған қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізуге жауапты мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі, ол тексеру актісімен бірге тексерілетін тұлғаға жіберіледі (табыс етіледі).

      Екінші дана тауарларды сыныптаудың дұрыстығына жауапты бөлімшеде қалады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай радакцияда жазылсын:

      "12. Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізуге жауапты мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін лауазымдық міндеттеріне тауарлардың кодын айқындау мәселесі жататын мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесіне тауарға арналған декларациялардың және оларға құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ кедендік тексеру барысында белгілі болған, негізгі техникалық сипаттаманы, тауардың коммерциялық сипаттамасын растайтын ақпаратарды және СЭҚ ТН бойынша тауардың жаңа кодын айқындау үшін өзге де ақпараттарды қоса отырып жолдайды.

      СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдау үшін лауазымдық міндеттеріне тауарлардың кодын айқындау мәселесі кіретін мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды сыныптау туралы шешім қабылдайды.

      13. Тауарды сыныптау туралы шешім кедендік мақсаттар үшін қажетті ТД және құжаттарды сақтау тәртібін айқындайтын белгіленген талаптарға сәйкес ТД-мен бірге сақтауға жатады.

      Тауарларды сыныптау туралы шешіммен келіспеген жағдайда декларант (немесе) кеден өкілі жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа жүгінеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов