Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20006 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 142-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 708 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12443 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 7 бұйрығымен бекітілген

Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 142-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органның операциялық жоспарын (бұдан әрі – операциялық жоспар) әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Операциялық жоспарды әзірлеу тәртібі

      2. Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді және мемлекеттік органның веб-сайтына орналастырылады.

      3. Операциялық жоспар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

      4. Операциялық жоспар мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өзге де міндеттерден тұрады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін қоса алғанда өз қызметінің барлық саласын қамтиды.

      5. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының құрылымы мынадай:

      1) мемлекеттік органның іс-шаралары;

      2) тәуекелдерді басқару бөлімдерінен тұрады.

3-тарау. Операциялық жоспарды іске асыру және мониторингілеу тәртібі

      6. Операциялық жоспарды іске асыру операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жолымен жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты жинаудың, жүйелеудің және талдаудың үздіксіз процесі мониторинг болып табылады.

      8. Операциялық жоспарды мониторингілеу мақсаты мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін оның іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.

      9. Операциялық жоспарды мониторингілеу:

      1) операциялық жоспарды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;

      2) операциялық жоспарды іске асыруда құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар іс-қимылдарының үйлесімділігін;

      3) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жоспарланған нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін операциялық жоспарды уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз етеді.

      10. Операциялық жоспарды мониторингілеу тоқсан сайын мемлекеттік органның мониторингілеуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.

      11. Операциялық жоспарды мониторингілеу үшін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары өз құзыреті шегінде мониторингілеуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат ұсынады.

      12. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат мақсаттар мен нысаналы индикторлары бөлінісінде жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны және орындалмағаны (орындалмау себептерін көрсете отырып) туралы ақпаратты қамтиды.

      13. Операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін беріледі.

      14. Құрылымдық бөлімшенің немесе ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы ұсынылатын ақпараттың шынайылығын, толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етеді.

      15. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат негізінде мониторингілеуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп дайындалады.

      16. Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп операциялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, лауазымды тұлғалардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы жөніндегі ұсынымдарын және операциялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды қамтиды.

      17. Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін беріледі.

      18. Мониторингінің нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлға:

      мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін арттыруға (өзге де іс-шараларды айқындауға);

      анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер шығарады.

      19. Операциялық жоспар мониторингінің қорытындылары бойынша және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік органның операциялық жоспары түзетуге жатады.

4-тарау. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау тәртібі

      20. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу мақсатында бұзушылықтарды анықтау, жою және жол бермеу үшін іс-шараларды талдау арқылы операциялық жоспардың мониторингі негізінде жүзеге асырылады.

      21. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12544 болып тіркелген) бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік органның ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

  Операциялық жоспарды әзірлеу,
іске асыру, мониторингілеу және
іске асырылуын бақылау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

_____ жылға арналған операциялық жоспары 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

№ р/с

Атауы

Бюджеттік бағдарламаның коды

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

І. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша іс-шаралар


1-стратегиялық бағыт


1.1-мақсат


1-нысаналы индикатор


2-нысаналы индикатор


Іс-шаралар






2-стратегиялық бағыт


2.1-мақсат


1-нысаналы индикатор


2-нысаналы индикатор


Іс-шаралар





ІІ. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар







2-бөлім. Тәуекелдерді басқару

№ р/с

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

Іске асырылу мерзімі

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

1-мақсат






      Операциялық жоспарды әзірлеуге жауапты

      құрылымдық бөлімшенің

      басшысы                         _____ ( Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)

      (қолы)

  Операциялық жоспарды әзірлеу,
іске асыру, мониторингілеу және
іске асырылуын бақылау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (мемлекеттік органның атауы) ______________ жыл бойынша

      (есептік кезең)

      операциялық жоспарды іске асыру туралы есебі

1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

№ р/с

Атауы

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Іс-шаралардың нақты орындалуы

Орындалмау себептері

Ұсынымдар, оның ішінде операциялық жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар

1

2

3

4

5

6

7

8

І. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша іс-шаралар


1-стратегиялық бағыт


1.1-мақсат


1-нысаналы индикатор


2-нысаналы индикатор


Іс-шаралар








2-стратегиялық бағыт


2.1-мақсат


1-нысаналы индикатор


2-нысаналы индикатор


Іс-шаралар







ІІ. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар









2-бөлім. Тәуекелдерді басқару

№ р/с

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушы

Тәуекелдерді нақты басқару

Орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

7

1-мақсат








      Операциялық жоспардың іске

      асырылуы туралы есепті

      қалыптастыруға жауапты

      құрылымдық бөлімшенің

      басшысы                               _____ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)

      (қолы)