Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 19893 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған ) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер бетіндегі түсірулерді, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      2) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жай-күйде ұстап тұру үшін оларды кезең-кезеңмен және бірізді пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;

      3) жайылымдарда жайылатын ауыл шаруашылығы жануарлары (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы жануарлары) – ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер;

      4) жайылымдардың оты-суының молдығы – жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі;

      5) жайылымдарды пайдаланушы – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдарды пайдалану құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;

      6) жайылымдарды ұтымды пайдалану – жайылымдардың азықтық ресурстарын олардың экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып және табиғатты қорғау нормаларын (жайылымдардың жалпы алаңына арналған жүктеменің шекті жол берілген нормасын қоса алғанда) сақтай отырып, қалыпты жай-күйі мен молығуы сақталатындай жағдайда пайдалану;

      7) веб-порталдағы жайылымның нөмірі – веб-порталда жайылым учаскесіне берілетін және оның орналасқан орнын айқындауға (сәйкестендіруге) арналған бірегей код;

      8) жайылым тарихының кітабы – веб-порталда қалыптастырылатын, жайылымның кеңістіктік жай-күйі мен мөлшерлерін көрнекі түрде көрсететін, жайылым айналымы, жайылымның құрамы мен көлемдері туралы ақпаратты қамтитын жер пайдалануға арналған электрондық құжат;

      9) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жайылымдардың ұтымды пайдалануын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) белгіленген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу деректері пайдаланылады";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жайылымдарды ұтымды пайдалану мынадай іс-шараларды қамтиды:

      1) жайылымдарды жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып пайдалану;

      2) жайылым тарихының кітабын қалыптастыру;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) қамтамасыз ету;

      4) жайылымдарды күнтізбелік графикті ескере отырып пайдалану;

      5) жайылымдардың шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау, жерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстануына жол бермеу.

      4. Жайылымдарды пайдаланған кезде жергілікті атқарушы орган немесе жайылым пайдаланушы жер учаскесін пайдалану құқығын алған күннен бастап өз бетінше бір айлық мерзімде веб-порталда жайылым тарихының кітабын қалыптастыруды, сондай-ақ Жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарлары санының болуын қамтамасыз етеді.

      5. Жүктеме нормасын қамтамасыз ету мақсатында жайылым пайдаланушының пайдалануындағы ауыл шаруашылығы жануарларының басы, жайылымдардың оты-суының молдығы туралы деректер пайдаланылады.

      Жайылым пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылдың 1 сәуіріндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш қабылданады.".

      9-тармақ алып тасталсын.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрықтың 2-тармағы 2) тармақшасының бесінші, он бірінші, он екінші, он тоғызыншы және жиырма үшінші абзацтары пилоттық режимде қолданысқа енгізілетін Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      7. Қағидалардың 3-тарауы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 7 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 6), 11), 12), 15) және 16) тармақшалары, 4-тармағының 2) тармақшасы, 6 және 7-тармақтары пилоттық режимде қолданысқа енгізілетін Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) агрохимиялық қызмет – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану – жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол берілмеуін, қажетті өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жерлерді оңтайлы пайдалануды қамтитын жер ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тозуы – жердің табиғи-шаруашылық маңызының төмендеуіне әкеп соғатын табиғи және антропогендік әсер ету нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің қасиеттерінің нашарлауы;

      4) ауыспалы егіс – белгілі бір жер учаскесінде уақытымен ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми негізделген кезектестіріп егу;

      5) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – меншік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар жеке немесе заңды тұлға;

      6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылаулар, жер бетіндегі түсірілімдер, зерттеп-қараулар, түгендеулер нәтижелерін, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағат деректерін, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      7) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жай-күйде ұстап тұру үшін оларды кезең-кезеңімен және бірізді пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;

      8) жайылымдарда жайылатын ауыл шаруашылығы жануарлары (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы жануарлары) – ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер;

      9) жайылымдарды ұтымды пайдалану – жайылымдардың азықтық ресурстарын олардың экологиялық ерекшеліктерін ескеріп және табиғатты қорғау нормаларын (жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілген нормасын қоса алғанда) сақтай отырып, қалыпты жай-күйі мен өсімінің молаюы сақталатындай жағдайда пайдалану;

      10) жайылымдардың оты-суының молдығы – жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі;

      11) веб-порталдағы жайылымның нөмірі – веб-порталда жайылым учаскесіне берілетін және оның орналасқан орнын айқындауға (сәйкестендіруге) арналған бірегей код;

      12) жайылым тарихының кітабы – веб-порталда қалыптастырылатын, жайылымның кеңістіктік жай-күйі мен мөлшерлерін көрнекі түрде көрсететін, жайылым айналымы, жайылымның құрамы мен алаңдары туралы ақпаратты қамтитын жер пайдалануға арналған электрондық құжат;

      13) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеме нормасы (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) – "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы;

      14) танап – ормансыз, аумағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын, көбінесе жеткілікті дәрежеде тегіс кең жер учаскесі;

      15) танап тарихының кітабы – веб-порталда қалыптастырылатын, танаптардың кеңістіктік жай-күйі мен оның жер пайдалану мөлшерлерін көрнекі түрде көрсететін, ауыспалы егіс, жыртылатын алқаптардың құрамы мен алаңдары туралы ақпаратты қамтитын жер пайдалануға арналған электрондық құжат;

      16) веб-порталдағы танаптың нөмірі – веб-порталда танапқа берілетін және оның орналасқан орнын айқындауға (сәйкестендіруге) арналған бірегей код;

      17) топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуі – соңғы екі агрохимиялық және (немесе) агромелиорациялық зерттеп-қарау нәтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі.

      3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдалануын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес алынған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуын мониторингтеу деректері пайдаланылады.

      4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану:

      1) жерлердің құнарлылығын ұстап тұруды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы қарашірік құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгілі бір деңгейі);

      2) танаптар/жайылымдар тарихының кітабын қалыптастыруды;

      3) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін ұстап тұруды және арттыруды;

      4) жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып ауыспалы егістерді сақтауды/жайылымдарды пайдалануды;

      5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;

      6) мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде жайылымға түсетін оңтайлы жүктемені қамтамасыз етуді;

      7) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерлерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстауына жол бермеуді;

      8) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.

      5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінде мынадай құжаттардың болуы қажет:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 180 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16070 болып тіркелген) бекітілген "Егінге себу қорытындылары туралы есеп" (код 141112214, индексі 4-аш, кезеңділігі жылдық), "Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы" (код 141112203, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық), "Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп" (код 141112201, индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыспалы егістер жоспары (жерлерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланған кезде);

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылым айналымы жоспары (жайылымдарды пайдаланған кезде).

      6. Веб-порталдың көрсетілетін қызметтерін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алулар туралы және ақпараттандыру туралы заңнамаларда белгіленген тәртіппен сатып алады.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібі

      7. Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді (шабындық жерлерді, көпжылдық екпелерді және өндірістік емес аймақтарды: жолдар, орман екпелері, өзендер, көлдерді қоспағанда) пайдаланған кезде веб-порталда танаптар тарихының кітабын қалыптастырады, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдалану үшін шығарылатын ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде бекітілетін ауыспалы егістер жоспарына сәйкес ауыспалы егісті сақтап отырады.

      Жайылымдарды пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өндірушісі веб-порталда жайылымдар тарихының кітабын қалыптастырады, сондай-ақ Жүктеме нормасының жиырма пайызынан кем емес және одан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарлары санының болуын қамтамасыз етеді.

      Жаңадан сатып алынған жер учаскелері бойынша танаптар тарихы кітабын қалыптастыру жер учаскесіне тиісті құқықтар алынған күннен бастап бір ай мерзімде қамтамасыз етіледі.

      Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар танаптар мен жайылымдар тарихының кітабын өз бетінше жүргізеді.

      8. Ауыспалы егістер жоспарын ауыл шаруашылығы өндірушісі өсірілетін дақылдарды ротациялаудың таңдалған жүйесіне қарай ауыл шаруашылығы дақылдарының толық айналымына сәйкес келетін кезеңге бекітеді. Бекітілген ауыспалы егістер жоспарының бір данасы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органға жолданады.

      9. Мынадай көрсеткіштер бойынша топырақ құнарлылығын айтарлықтай төмендетуге жол берілмейді:

      1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы қарашірік құрамының бес пайыздан артық, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының жиырма пайыздан артық төмендеуі;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері өте төмен және төмен жер алаңдарының он пайыздан артық ұлғаюы;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералды тыңайтқыштармен шекті рұқсат етілген концентрациялардан жоғары ластануы;

      4) эрозия нәтижесінде жоғарғы қарашірік қабаты қуатының 5 сантиметрден артық азаюы;

      5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының ұлғаюы:

      хлоридтердің 0,4 пайыздан артық;

      сульфаттардың 0,8 пайыздан артық;

      топырақта сортаңданудың 5 пайыздан артық жоғарылауы.

      6) арамшөптердің (рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары арамшөптер мөлшері) не карантиндік өсімдіктердің өсуі салдарынан жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуы.

      10. Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін облыстың тиісті ауданы бойынша орта деңгейде, бірақ орташа аудандық көрсеткіштен сексен бес пайыздан азайтпай ұстап тұрады.

      11. Ауыл шаруашылығы өндірушісі мал шаруашылығы мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланғанда ауыл шаруашылығы жануарларының:

      1) Жүктеме нормасынан кемінде жиырма пайыз;

      2) Жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде қамтамасыз етеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тарау 01.01.2021 дейін қолданыста болады – осы бұйрықтың 7-тармағын қараңыз.

3-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету тәртібі

      12. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығы және ауыл шаруашылығы өндірушісі осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген талаптарды орындау мониторингін агрохимиялық қызмет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге топырақтық, агрохимиялық, фитосанитариялық зерттеп-қараулар және жерлердің мониторингін жүргізу кезінде алынған деректер негізінде жүзеге асырады.

      Жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құқық белгілейтін құжаттар берілгеннен кейін бір ай мерзімде жаңадан берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жайында агрохимиялық қызметті хабардар етеді.

      Агрохимиялық қызмет ауыл шаруашылығы өндірушісі құқық белгілейтін құжаттарды алғаннан кейін алғашқы күнтізбелік жыл ішінде топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жүргізеді.

      13. Жыртылған қабаттағы жалпы қарашірік құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа өлшемді құрамының көрсеткіштері тәлімі жерде жеті жылда бір рет және суармалы жерде бес жылда бір рет циклділікпен жүргізілетін топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша айқындалады және агрохимиялық зерттеп-қараудың бастапқы (базалық) турында және кейінгі турларында белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.

      14. Өсімдік шаруашылығының мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша ауыл шаруашылығы өндірушісі алған ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі туралы деректер тиісті дақылдар бойынша орташа аудандық түсімділік көрсеткіштерімен салыстырылады.

      Орташа аудандық түсімділік дақылдар бөлінісінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылатын және суарылмайтын жерлер бөлінісінде есептеледі.

      15. Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін тиісті дақылдың орташа аудандық көрсеткішінен сексен бес пайыздан кем деңгейде үш жыл қатарынан алуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланбау болып табылады.

      16. Жайылымға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушісіне тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы деректер пайдаланылады.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылғы 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш қабылданады.

      Егер ауыл шаруашылығы өндірушісі мал өсіру (күтіп-бағу) технологиясында қорада күтіп-бағу әдісін пайдаланатын болса, есептемелер жүргізу кезінде қорада күтіп-бағылатын мал саны есептелмейді.

      17. Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы жануарларының екі жыл қатарынан Жүктеме нормасынан жиырма пайыздан аз болуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.

      18. Ауыл шаруашылығы өндірушісінде ауыл шаруашылығы жануарлары санының Жүктеме нормасынан шекті түрде артық болуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы өндірушісінің қосымша жер учаскелерін алуы (сатып алуы) жайылымға түсетін жүктемені қайта есептеуге негіз болады.

  Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді ұтымды
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
_________________________
басшысы
(заңды немесе жеке
тұлғаның атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі,қолы)
20 ___жылғы "____"
_______________

Ауыспалы егістер жоспары

Тиісті танап (алқап) орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Танаптың кадастрлық нөмірі, оның алаңы, гектар

Ауыспалы егістер жоспарын жасаған жылға дейінгі алдыңғылар (дақылдар)

Жоспарлы кезеңге дақылдарды орналастыру

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл

20 _ жыл


1 ______ гектар













2 ______ гектар













3 ______ гектар













4 ______ гектар













5 ______ гектар













6 ______ гектар













7 ______ гектар













8 ______ гектар












  Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
ұтымды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
_______________________
басшысы
(заңды немесе жеке
тұлғаның атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты
(барболса), тегі, қолы, )
20 ___жылғы "____"
_________________

Жайылым айналымдары жоспары

Жайылымның кадастрлық нөмірі

Пайдалану жылдары

2017

2018

2019

2020

2021

20---





























      Толтыру мысалы

Жайылымның кадастрлық нөмірі

Пайдалану жылдары

2017

2018

2019

2020

2021

20---

12-345-789-012:34

көктем

күз

демалыс

жаз

көктем

күз

12-345-789-012:35

жаз

көктем

күз

демалыс

жаз

көктем

12-345-789-012:36

демалыс

жаз

көктем

көктем

демалыс

жаз

12-345-789-012:37

күз

демалыс

жаз

көктем

күз

демалыс

Қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері

Р/с №

Облыс

Топырақ типі

Қарашірікпен қамтамасыз етілуі, %

Қоректік элементтермен қамтамасыз етілуі, милиграмм/килограмм

өте төмен, аз

төмен

оңтайлы

жеңіл гидролизделетін азотпен

жылжымалы фосформен

ауыспалы калиймен

өте төмен, аз

төмен

оңтайлы

өте төмен, аз

төмен

оңтайлы

өте төмен, аз

төмен

оңтайлы

1

Ақмола

Кәдімгі қара топырақ

3,8

4,3

4,8

<30

48

48-60

<10

18

19-30

<100

240

>410

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

250

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

220

>410

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

12

13-30

<100

220

>410

2

Ақтөбе

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

44

44-60

<10

15

16-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

3

Алматы

Кәдімгі сұр

0,8

1,0

1,2

<25

32

32-50

<10

16

17-30

<100

240

>410

Шалғынды сұр топырақ

1,5

1,7

2,0

<25

31

31-50

<10

15

16-30

<100

240

>410

Тау етегіндегі күңгірт күрең

2,5

2,8

3,3

<25

34

34-50

<10

16

17-30

<100

260

>410

Шалғынды-батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

31

31-50

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

220

>410

Ашық сұр топырақ

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Сұр-құба

0,5

0,7

0,8

25

31

31-50

<10

15

16-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі қара

3,8

4,2

4,8

<30

49

49-60

<10

15

16-30

<100

250

>410

4

Атырау

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

35

35-50

<10

11

12-30

<110

240

>410

Жайылма-шалғынды

1,4

1,6

1,9

<25

33

33-50

<10

15

16-30

<110

270

>410

Шалғынды-батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

31

31-50

<10

15

16-30

<110

260

>410

Құба

0,8

1,0

1,2

<25

34

34-50

<10

14

15-30

<110

240

>410

Сұр-құба

0,5

0,7

0,8

<25

36

36-50

<10

14

15-30

<110

230

>410

 
5

Шығыс Қазақстан

Таулы қара топырақ

5,7

6,5

7,5

<30

55

55-60

<10

16

17-30

<100

260

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

36

36-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

220

>410

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

12

13-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі қара

3,8

4,2

4,8

<30

45

45-60

<10

16

17-30

<100

250

>410

Тау етегіндегі күңгірт күрең

2,5

2,8

3,3

<25

38

38-50

<10

15

16-30

<100

230

>410

Тау етегіндегі ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Таулы қоңыр

3,7

4,1

4,9

<30

48

48-60

<10

14

15-30

<100

240

>410

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

42

42-60

<10

14

15-30

<100

250

>410

6

Жамбыл

Ашық сұр топырақ

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

Кәдімгі сұр топырақ

0,8

1,0

1,2

<25

32

32-50

<10

15

16-30

<100

220

>410

Тау етегіндегі күңгірт күрең

2,5

2,8

3,3

<25

35

35-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Тау етегіндегі ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

Шалғынды сұр

1,5

1,7

2,0

<25

35

35-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Таулы қоңыр

3,7

4,1

4,9

<30

48

48-60

<10

14

15-30

<100

250

>410

7

Батыс Қазақстан

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

12

13-30

<100

210

>410

8

Қарағанды

Кәдімгі қара топырақ

3,8

4,3

4,8

<30

45

45-60

<10

14

15-30

<100

240

>410

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

44

44-60

<10

14

15-30

<100

230

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

35

35-50

<10

13

16-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

12

13-30

<100

215

>410

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

11

12-30

<100

210

>410

9

Қостанай

Кәдімгі қара топырақ

3,8

4,3

4,8

<30

48

48-60

<10

16

17-30

<100

250

>410

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

33

33-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

 
10

Қызылорда

Шалғынды-батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

35

35-50

<10

15

16-30

<100

201

>410

Сұр-құба

0,5

0,7

0,8

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Жайылма шалғынды

1,4

1,6

1,9

<25

34

34-50

<10

14

15-30

<100

215

>410

Ашық сұр топырақ

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

12

13-30

<100

210

>410

11

Маңғыстау

Құба

0,8

1,0

1,2

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<110

240

>410

Сұр-құба

0,5

0,7

0,8

<25

35

35-50

<10

14

15-30

<110

230

>410

Шалғынды-батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

33

33-50

<10

15

16-30

<110

260

>410

12

Павлодар

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күрең

2,1

2,4

2,9

<25

33

33-50

<10

12

13-30

<100

220

>410

Күңгірт күрең

1,6

1,9

2,2

<25

37

37-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

11

12-30

<100

210

>410

13

Солтүстік Қазақстан

Кәдімгі қара топырақ

3,8

4,3

4,8

<30

48

48-60

<10

17

18-30

<100

250

>410

Оңтүстік қара топырағы

2,8

3,1

3,6

<30

42

42-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

37

37-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

 
14

Түркістан

Кәдімгі сұр топырақ

0,8

1,0

1,2

<25

32

32-50

<10

16

17-30

<100

220

>410

Ашық сұр топырақ

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі күңгірт күрең

2,5

2,8

3,3

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Сұр-құба

0,5

0,7

0,8

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Сұр-қоңыр

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Шалғынды сұр топырақ

1,5

1,7

2,0

<25

34

34-50

<10

16

17-30

<100

220

>410

15

Нұр-Султан қаласы

Күңгірт күрең

1,6

1,9

2,2

<25

41

41-60

<10

14

15-30

<110

250

>410

16

Алматы қаласы

Таулы қара топырақ

5,7

6,5

7,5

<25

55

55-60

<10

16

17-30

<110

260

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

41

41-60

<10

14

15-30

<110

260

>410

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

11

12-30

<110

240

>410

Шалғынды сұр топырақ

1,5

1,7

2,0

<25

35

35-50

<10

15

16-30

<110

250

>410

17

Шымкент қаласы

Кәдімгі сұр топырақ

0,8

1,0

1,2

<25

32

32-50

<10

16

17-30

<100

220

>410

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 252 бұйрығымен
бекітілген

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жердің пайдаланылуын мониторингтеу) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасы және 2-тарауы пилоттық режимде қолданысқа енгізілетін Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;

      5) қоғамдық кеңестер – министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;

      6) уақытша жер пайдаланушылар (бұдан әрі – жер пайдаланушылар) – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген адамдар;

      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер бетіндегі түсірулерді, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      8) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:

      1) егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі;

      2) шабындықтарда - жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;

      3) жайылымдарда - жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың санының "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;

      4) көпжылдық екпелерде - есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күту, егін жинау және тегістеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі жатады.

      4. Ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымсыз пайдалану жағдайларына (шабындық жерлерді, көпжылдық екпелер мен өндірістік емес аудандарды: жолдар, орман екпелері, өзендер, көлдерді қоспағанда) егістердің расталмауы және жер пайдаланушыда екі жыл бойы жайылымға жаятын ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың Жүктеме нормасының жиырма пайызындай мөлшерде болуы жатады.

      Жерлерді ұтымды пайдалану бөлігіндегі мониторинг Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының және Жайылымдарды тиімді пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      5. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану арқылы жердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталында жүзеге асырылады. Веб-порталдың көрсететін қызметтерін мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар сатып алады.

      Бұл ретте, веб-порталдың жұмыс істеуін және оны жерді қашықтықтан зондтаудың өзекті деректерімен, жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың деректерімен қамтамасыз етуді веб-порталдың көрсететін қызметтерін жеткізуші жүзеге асырады.

      6. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган веб-порталда жердің пайдаланылуын және ұтымсыз пайдаланылуын мониторингтеуді жүргізу кезінде алынған нәтижелерді мынадай деректерді пайдалана отырып талдайды:

      жерді қашықтықтан зондтау;

      ақпараттық деректер базасы;

      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жыл сайынғы жер балансы;

      жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәлімет алуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы.

      Жер пайдаланушыларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны жағдайындағы деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш алынады.

      Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің, жер балансының және жерді қашықтықтан зондтау бойынша нақты жер пайдаланудың арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мәліметтерді нақтылау туралы сұрау жібереді.

      7. Веб-порталда мыналар жүзеге асырылады:

      1) ауыл шаруашылығы жерлерін танаптар/жайылымдар тарихы туралы кітаптарды қалыптастыру мәніне талдау;

      2) танаптар тарихы кітаптарының толықтығын алдыңғы үш жылдағы, ағымдағы және келесі жылдардағы ауыспалы егістер бойынша деректерді енгізу мәніне талдау;

      3) соңғы екі жылдағы егістердің болу/болмау мәніне танаптар тарихы кітаптарындағы деректерді қашықтықтан зондтау деректерімен салыстырмалы талдау;

      4) жайылым тарихы кітаптары деректерінің Жүктеме нормасының сақталуы тұрғысынан талдау.

      8. Жергілікті атқарушы орган мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын веб-порталда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жер учаскелері туралы ақпаратты қалыптастырады, жер пайдаланушыға жазбаша хабарлама жібереді және жер заңнамасында белгіленген тәртіппен аталған жер учаскелері бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, содан кейін мемлекеттік кірістердің аумақтық органына ақпарат жолдайды.

      Осы кезеңдерге жер учаскесінің еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдаланылмаған уақыты кірмейді.

3-тарау Ақпараттық технологияларды қолданбай жерлердің пайдаланылуын мониторингтеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      9. Мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттары негізінде, қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мониторингтелуі тиіс жер учаскелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау және тиісті ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлеу жолымен жүзеге асырады.

      Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы жасалған шарттың нәтижелері бойынша жерлерді пайдалану, оның ішінде жеңімпаздың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындауын мониторингтеу:

      1) жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын;

      2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын жүргізіледі.

      Мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:

      1) тұрақты негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алуды жүргізеді;

      2) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және келесі күнтізбелік жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және бекітеді;

      3) тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітілген Тізбенің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды;

      4) келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде мониторинг жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады.

      10. Тиісті күнтізбелік жылы Тізбені қалыптастыру кезінде, жалдау мерзімі аяқталған не Тізбені қалыптастыру сәтінде мерзімі аяқталуға бір жылдан аз уақыт қалған жер учаскелерін қоспағанда, өткен жылдың 1 желтоқсаны мен күнтізбелік жылдың 1 желтоқсаны аралығында берілген, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбесі қалыптастырылатын жер учаскелері қосылады.

      11. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;

      3) Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер алу үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органға не құзыретіне сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына;

      4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.

      Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.

      12. Сұратылатын ақпаратты жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беру мерзімі тиісті сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.

      13. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган алынған ақпаратты, сондай-ақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына сәйкес жер пайдаланушы беретін егістік алқаптардың пайдаланылуы туралы мәліметтерді жинақтағаннан және өңдегеннен кейін қоғамдық кеңес, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен оларға талдау жүргізеді, олардың негізінде:

      1) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есепті жасайды;

      2) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.

      14. Мониторинг барысында жер учаскесін пайдаланбау не пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған сәттен бастап қатарынан екі жыл бойы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану фактісі анықталған жағдайда, мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.

      Бұл кезеңдерге жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын уақыт кірмейді.

      15. Қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін жерлердің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нәтижелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін
ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
1- қосымша
  Нысан

Пайдаланылмаған деп белгіленген шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат

Р/с №

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері

Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесіне құқықтыңтіркелген күні

Танаптың /жайылымның нөмірі

Танаптың /жайылымның алаңы, гектар

Жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (құқық бұзушылық түрі)

Тапсырылған күні

Арттырылған салық мөлшерлемесінің мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      20__ жылғы "__" ____________ сағат ________ жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қойылған

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты

  Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
пайдалану мониторингін
ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу

  гектар

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы

Оның ішінде:

Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні

егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық

өзгелері

суармалы

тәлімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және__________________ жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

  гектар

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы

Оның ішінде:

Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні

егістік

Оның ішінде

жайылым

шабындық

өзгелері

суармалы

тәлімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны, шартты мал басымен

Оның ішінде:

Ірі қара мал

Шартты мал басына аудару коэфициенті

жылқылар

Шартты мал басына аудару коэффициенті

Қойлар, ешкілер

Шартты мал басына аудару коэффициенті

түйелер

Шартты мал басына аудару коэффициенті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жұмыстарын жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде егістік, гектар

егілген

таза сүрі жер

ауыл шаруашылығы дақылдары

көпжылдық шөптер

1

2

3

4

5

6

7








  Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есеп

Р/с №

Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесін жалдау шартының № және күні

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің алаңы, гектар

Оның ішінде егістік, гектар

Барлығы

ауыл шаруашылығы дақылдары егілген

көпжылдық шөптер егілген

таза сүрі жер

мақсаты бойынша пайдаланылмайтын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Оның ішінде жайылымдар

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны

Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының пайызы

Пайдаланылмай жатқан жайылымдар алаңы, гектар

Мониторинг нәтижелері туралы қорытынды

Ұсынымдар

ірі қара мал

жылқылар

қойлар, ешкілер

түйелер

12

13

14

15

16

17

18

19

20

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Жер қатынастары саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13093 болып тіркелген, 2016 жылы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін жер қатынастары саласындағы бұйрықтар тізбесінің 9-тармағы.

      3. "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 449 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16081 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған).