БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі
1. "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларында:
2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/144 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу тәртібі";
1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №18-03/369 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11266 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу туралы сертификаттарды тіркеу журналы
___________________________________________________________________
(аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)
№ | Сертификат иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы | Сертификаттың нөмірі, берілген күні | Алғаны туралы қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы
__________________________________________________________
__________________ _______________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___жылғы "____" ________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Кімге _____________________________________________________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты,
__________________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
__________________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аңшы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш
Аңшы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аңшы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы ______________________________
Ұстау мақсаты және орны ____________________________________________________
Ие болу тәсілі ______________________________________________________________
Алынбайтын сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер _________
20 __ жылғы ______________________ ________________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, аты, әкесінің аты, тегі)
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі
№ | Сулы-батпақты жерлердің атауы | Орналасуы | Көлемі, гектар |
---|---|---|---|
1 | Жаркөл көлдер тобы | Ақмола, Қостанай облыстары | 8 818 |
2 | Жұмай-Майшұқыр көлдер тобы | Ақмола облысы | 12 490 |
3 | Құмдыкөл-Жарлыкөл көлдер тобы | Ақмола облысы | 20 350 |
4 | Тұзащы және Қарасор көлдері | Ақмола облысы | 8 582 |
5 | Ұялышалқар көлдер тобы | Ақмола облысы | 20 360 |
6 | Қаратал өзенінің төменгі сағасы | Алматы облысы | 102 195 |
7 | Сорбұлақ көлі | Алматы облысы | 18 540 |
8 | Топар көлдер жүйесі | Алматы облысы | 32 530 |
9 | Еділ атырауының қазақстандық бөлігі. Жамбай | Атырау облысы | 289 075 |
10 | Ембі өзенінің төменгі сағасы | Атырау облысы | 208 990 |
11 | Зайсан көлінің көршілес акваторийімен Қара Ертіс өзенінің атырауы | Шығыс Қазақстан облысы | 104 200 |
12 | Марқакөл көлі | Шығыс Қазақстан облысы | 75 048 |
13 | Ақжар алабы | Жамбыл, Түркістан облыстары | 25 714 |
14 | Көшім көлдері | Батыс Қазақстан облысы | 175 315 |
15 | Шалқар көлі | Батыс Қазақстан облысы | 27 530 |
16 | Балықтыкөл көлі | Қарағанды облысы | 10 430 |
17 | Қарасор көлі | Қарағанды облысы | 37 286 |
18 | Сасыққөл көлі | Қарағанды облысы | 3 200 |
19 | Қамыс-Жаманкөл көлдері тобы | Қостанай облысы | 3 940 |
20 | Ақжан көлі | Қостанай облысы | 3 026 |
21 | Батпақкөл көлі | Қостанай облысы | 2 690 |
22 | Бозшакөл көлі | Қостанай облысы | 3 520 |
23 | Құсмұрын көлі | Қостанай облысы | 92 510 |
24 | Орыс Жаркөлі көлі | Қостанай облысы | 12 774 |
25 | Сұлукөл көлі | Қостанай облысы | 3 091 |
26 | Мамыркөл көлі | Қостанай облысы | 1 875 |
27 | Санкебай көлдері | Қостанай облысы | 4 675 |
28 | Сарықопа көлдер жүйесі | Қостанай облысы | 51 200 |
29 | Шошқалы көлдер жүйесі | Қостанай облысы | 13 580 |
30 | Қаракөл көлі | Маңғыстау облысы | 5 270 |
31 | Қорғанкөл көлі | Павлодар облысы | 1 097 |
32 | Ақсуат көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 4 589 |
33 | Балықты көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 4 138 |
34 | Үлкен Қақ көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 11 500 |
35 | Жалтыр көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 2 594 |
36 | Жыланды көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 3 410 |
37 | Кіші Қақ көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 9 721 |
38 | Тереңкөл көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 835 |
39 | Сорбалық-Майбалық көлдер тобы | Солтүстік Қазақстан облысы | 3400 |
40 | Шағлытеңіз көлі | Солтүстік Қазақстан облысы | 34 750 |
41 | Шу өзенінің төменгі сағасы | Түркістан облысы | 147 950 |
42 | Қызылкөл көлі | Түркістан облысы | 4 160 |
43 | Шардара су қоймасы | Түркістан облысы | 113 000 |
44 | Шошқалы көлдері | Түркістан облысы | 53 460 |