Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 27-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 5546 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 20 ақпандағы
№ 27-3 шешіміне қосымша

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 15-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5010 тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы "2018-2020 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтердің бюджеттері туралы" № 16-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5032 тіркелген, 2018 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-5 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 15-12 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 тіркелген, 2018 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 18-4 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 15-12 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5229 тіркелген, 2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 19-1 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 16-1 "2018-2020 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтердің бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5263 тіркелген, 2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 20-1 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 15-12 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5300 тіркелген, 2018 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      7. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 21-4 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 16-1 "2018-2020 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтердің бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5328 тіркелген, 2018 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      8. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 қазандағы № 22-1 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 15-12 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 тіркелген, 2018 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      9. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қарашадағы № 23-1 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 16-1 "2018-2020 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтердің бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5392 тіркелген, 2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      10. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 24-1 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 15-12 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      11. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 25-1 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 16-1 "2018-2020 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтердің бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5485 тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      12. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 10-3 "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-3 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).