Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 91 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 5628 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы №31 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5528 тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н.Есқалиевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  2019 жылғы 12 сәуірдегі № 91
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия-лар норма-тивтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағы-лыстыру маусымы

10 000

94 379

943 790

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

20 000

31 456

629 120

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланы-латын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағы-лыстыру маусымы

100 000

86

8 600

3.

Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу

сатып алынған бас

150 000

2527

379 050

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

225 000

2 260

508 500

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бор-дақылау үшін өткізілген немесе ауысты-рылған бұқашықтардың құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

200

975 590

195 118

Барлық сомасы

2 664 178

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

1.1

отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік

сатып алынған бас

150 000

29

4 350

2.

Сүт өндіру құнын арзандату:

2.1

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

20

480 000

9 600

2.2

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

10

816 630

8 166,3

15

28 510

427,7

2.3

Ауыл шаруашылығы кооперативі

10

287 500

2 875

3.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрық-тандыру жөніндегі көрсетілетін қызмет-терді субсидиялау

ұрықтанды-рылған бас/шағылы-су маусымы

5000

170

850

Барлық сомасы

26 269

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

600

47 000

28 200

Барлық сомасы

28 200

Жұмыртқалық құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

1)

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

2,2

60 000 000

132 000

Барлық сомасы

132 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағы-лысу маусымы

2 500

18 769

46 922,5

1.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

1 500

118 245

177 367,5

2.

Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

сатып алынған бас

8 000

1 240

9 920

3.

Қозы өткізу құнын арзандату

өткізілген бас

3 000

15 000

45 000

Барлық сомасы

279 210

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100 000

22

2 200

Барлық сомасы

2 200

Барлығы

3 132 057

      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.