РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Глубокое ауданының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындар тізбеге сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
3. Ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай берудің бірыңғай және тең жағдайларын қамтамасыз етсін.
4. Ауылдық округ әкімдері үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
5. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Глубокое ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 481 "Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4244 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2015 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Е.В. Старенковаға жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | К. Байгонусов |
Келісілді: | |
Глубокое ауданының аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрағасы | А. Мусина |
"_17_" сәуірдегі 2019 жыл
Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "17" сәуірдегі № 138 қаулысына № 1 қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі
Алтайский кенті:
Алтайский кенті – Юбилейная көшесі, "Горняк" Алтайский мәдениет үйінің маңында.
Белоусовка кенті:
Белоусовка кенті – Юбилейная көшесі нөмірі 1 үйдің маңында; Центральная көшесі, нөмірі 54 үйдің маңында.
Бобровка ауылдық округі:
Бобровка ауылы – Профсоюзная көшесі нөмірі 34а үйдің маңында, Бобровка бос уақытты ұйымдастыру орталығы ғимаратының аумағында;
Солнечный ауылы – Мир көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, бес қабатты тұрғын үй аумағында.
Верхнеберезовский кенті:
Верхнеберезовский кенті – Ленин көшесі нөмірі 20 үйдің маңында; Алейская көшесі нөмірі 3 үйдің маңында.
Веселовка ауылдық округі:
Веселовка ауылы – Гагарин көшесі нөмірі 44 үйдің маңында, "Веселовка орта жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;
Заречное ауылы - Центральная көшесі нөмірі 26 үйдің маңында.
Глубокое кенті:
Глубокое кенті – Степная көшесі нөмірі 51 және 53 үйлердің арасында; Ленин көшесі нөмірі 64 үйдің маңында; Берестова көшесі нөмірі 12 үйдің маңында; Пирогов көшесі нөмірі 15 үйдің маңында.
Березовка ауылдық округі:
Березовка ауылы – Юбилейная көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, Березовка ауылдық мәдениет үйі аумағында; Б. Момышұлы көшесі нөмірі 26а үйдің маңында; Красная Заря көшесі - нөмірі 26 үйдің маңында.
Ертіс ауылдық округі:
Прапорщиково ауылы - Школьная көшесі нөмірі 28 үйдің маңында; "Кировское" шаруа қожалығының әкімшілік ғимараты аумағында;
Уварово ауылы - Ленин көшесі нөмірі 9 үйдің маңында, Уварово ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында;
Черногорка ауылы – Центральная көшесі нөмірі 31 үйдің маңында, "Асия" дүкенінің аумағында;
226 км өткелі – Центральная көшесі.
Кожохово ауылдық округі:
Кожохово ауылы – Ленин көшесі нөмірі 12 үйдің маңында; Солнечная көшесі нөмірі 1 үйдің маңында;
Прогресс ауылы – Киров көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, "Прогресс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Киров көшесі нөмірі 12 үйдің маңында, Прогресс ауылдық мәдениет үйі ғимаратының маңында; Абай көшесі нөмірі 28 үйдің маңында.
Краснояр ауылдық округі:
Предгорное ауылы – Киров көшесі нөмірі 47 үйдің маңында; Шоссейная көшесі нөмірі 1 үйдің маңында;
Перевальное ауылы – Рабочая көшесі нөмірі 63/1 үйдің маңында.
Быструха ауылдық округі:
Быструха ауылы – Новостройка көшесі мен Советская көшесінің қиылысындағы нөмірі 11 үйдің маңында; Ленин көшесі нөмірі 88 үйдің маңында; Юбилейная көшесі нөмірі 8 үйдің маңында;
Зимовье ауылы – нөмірі 35 және нөмірі 37 үйлердің аралығында.
Малоубинка ауылдық округі:
Малоубинка ауылы – Клиновицкий көшесі нөмірі 1 үйдің маңында, "Малоубинка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында; Клиновицкий көшесі нөмірі 6 үйдің маңында, Малоубинка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында;
Карагужиха кенті, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының аумағында.
Опытное поле ауылдық округі:
Опытное поле ауылы – Степная көшесі нөмірі 2 үйдің маңында, Опытное поле ауылдық мәдениет үйі ғимаратының аумағында.
Секисовка ауылдық округі:
Секисовка ауылы - Совхозная көшесі нөмірі 6 үйдің маңында; Шоссейная көшесі нөмірі 18/1 үйдің маңында, Чапаев көшесі нөмірі 52 үйдің маңында; Шоссейная көшесі нөмірі 36 үйдің маңында, ауыл орталығындағы алаңда;
Белокаменка ауылы – Центральная көшесі нөмірі 12 үйдің аумағында;
Ново-Михайловка ауылы - нөмірі 42 үйдің аумағында;
Планидовка ауылы – нөмірі 29 үйдің аумағында.
Ушаново ауылдық округі:
Ушаново ауылы - Школьная көшесі нөмірі 1а үйдің маңында, "Ушаново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;
Степное ауылы – Школьная көшесі нөмірі 17 үйдің маңында, "Степное негізгі мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;
Каменный карьер ауылы – нөмірі 47 үйдің маңында.
Тархан ауылдық округі:
Тархан ауылы – Степная көшесі нөмірі 60 үйдің маңында, Тархан ауылдық мәдениет үйінің аумағында;
Винное ауылы – Ворошилов көшесі нөмірі 15 үйдің маңында, "Винное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында;
Ново-Ульбинка ауылы – Абай көшесі нөмірі 11 үйдің маңында;
Горная-Ульбинка ауылы – Школьная көшесі нөмірі 6 үйдің маңында, "Шығыс Қазақстан обысының табиғат ресурстары басқармасының Өскемен орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында.
Черемшанка ауылдық округі:
Черемшанка ауылы - Лениногорская көшесі нөмірі 74 үйдің маңында; Гагарин көшесі нөмірі 12/1 үйдің маңында, Черемшанка ауылдық мәдениет үйінің аумағында.
Глубокое ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "17" сәуірдегі № 138 қаулысына № 2 қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі
Алтайский кенті:
Алтайский кенті – "Горняк" Алтайский мәдениет үйі, дүйсенбі күндері сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін.
Белоусовка кенті:
Белоусовка кенті – "Белоусовка бастауыш мектебі – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, сейсенбі күндері, сағат 09.30-ден 10.30-ға дейін.
Бобровка ауылдық округі:
Бобровка ауылы – Бобровка бос уақытты ұйымдастыру орталығы, бейсенбі күндері сағат 13.30-дан 14.30-ға дейін;
Солнечное ауылы – Мир көшесі 2а, мәжіліс залы, бейсенбі күндері, сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін.
Верхнеберезовский кенті:
Верхнеберезовский кенті – "Глубокое техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, сәрсенбі күндері, сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін.
Веселовка ауылдық округі:
Веселовка ауылы – Веселовка ауылдық мәденет үйі, сәрсенбі күндері, сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін.
Глубокое кенті:
Глубокое кенті – "Балалар шығармашылығы үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, мәжіліс залы, сәрсенбі күндері сағат 15.00-ден 16.00 дейін.
Березовка ауылдық округі:
Березовка ауылы – Березовка ауылдық мәдениет үйі, дүйсенбі күндері, сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.
Ертіс ауылдық округі:
Уварово ауылы – Уварово ауылдық мәдениет үйі, жұма күндері, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін;
Прапорщиково ауылы – "Прапорщиково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, жұма күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Кожохово ауылдық округі:
Кожохово ауылы – "Кожохово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дүйсенбі күндері, сағат 16.30-дан 17.30-ға дейін;
Прогресс ауылы – "Прогресс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, жұма күндері, сағат 9.30-дан 10.30-ға дейін.
Краснояр ауылдық округі:
Предгорное ауылы – "Предгорное орта мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дүйсенбі күндері сағат 13.30-дан 14.30-ға дейін;
Перевальное ауылы – "Перевальное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дүйсенбі күндері, сағат 11.30-дан 12.30-ға дейін.
Быструха ауылдық округі:
Быструха ауылы – Быструха ауылдық мәдениет үйі, сейсенбі күндері, сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін.
Малоубинка ауылдық округі:
Малоубинка ауылы – Малоубинка ауылдық мәдениет үйі, сейсенбі күндері, сағат 14.30-дан 15.30-ға дейін.
Опытное поле ауылдық округі:
Опытное поле ауылы – Опытное поле мәдениет үйі, бейсенбі күндері, сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін.
Секисовка ауылдық округі:
Секисовка ауылы – Секисовка ауылдық мәдениет үйі, сейсенбі күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
Белокаменка ауылы – "Белокаменка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, сейсенбі күндері, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін.
Ушаново ауылдық округі:
Ушаново ауылы – "Ушаново орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бейсенбі күндері, сағат 17.30-дан 18.30-ға дейін;
Степное ауылы – "Степное негізгі мектеп-бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бейсенбі күндері, сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін.
Тархан ауылдық округі:
Тархан ауылы – Тархан ауылдық мәдениет үйі, жұма күндері, сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін;
Винное ауылы – "Винное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, жұма күндері, сағат 15.30-дан 16.30-ға дейін.
Черемшанка ауылдық округі:
Черемшанка ауылы – Черемшанка ауылдық мәдениет үйі, дәліз, сейсенбі күндері, сағат 17.30-дан 18.30-ға дейін.