Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 43/7-VІ "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 47/9-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қаңтарда № 6498 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 43/7-VІ "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6260 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 14 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасында:

      бірінші абзацқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер алдыңғы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кургамбаев
      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы К. Садыков