Барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 91 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5399 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мамлют аудандық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________Д. Могунова

      2019 жылғы "___"__________

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" __________ № __ қаулысына 1-қосымша

Барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

№ т/т

Елді мекендердің атауы

Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

1

Мамлютка қаласы

1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют № 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы аумақ, Сәбит Мұқанов көшесі, 11;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлют № 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы аумақ, Рабочая көшесі, 28;
3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Хасан Бектұрғанов атындағы мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарсы аумақ, Ғ. Мүсірепов көшесі, 49;
4) "Сказка" дүкені ғимаратына қарсы аумақ, Гуденко көшесі, 3

2

Андреевка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәдениет Үйі ғимаратына қарсы аумақ, 50 лет Казахстана көшесі, 52

3

Белое ауылы

"Бакина" жеке кәсіпкер дүкенінің ғимаратына қарсы аумақ, Мектеп көшесі, 30 

4

Воскресеновка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Воскресеновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы аумақ, Жеңіс көшесі, 11

5

Дубровное ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы аумақ, Гуденко көшесі, 52 

6

Краснознаменное ауылы

"Анжелика" дүкенінің ғимаратына қарсы аумақ, Конституция көшесі, 24

7

Қызыләскер ауылы

"Кзыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ғимаратына қарсы аумақ, Мир көшесі, 38

8

Леденево ауылы

"Қазпошта" Акционерлік қоғамы бөлімшесінің ғимаратына қарсы аумақ, Жастар көшесі, 1

9

Ленин ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәдениет Үйі ғимаратына қарсы аумақ, Мектеп көшесі, 14

10

Новомихайловка ауылы

"Сағындықов" жеке кәсіпкер дүкенінің ғимаратына қарсы аумақ, Победа көшесі, 43

11

Покровка ауылы

"Нұр" дүкенінің ғимаратына қарсы аумақ, Мир көшесі, 14

12

Афонькино ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы аумақ, Орталық көшесі, 6

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" __________ № __ қаулысына 2-қосымша

Сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін үй-жайлар

№ т/т

Елді мекендердің атауы

Кездесу үшін үй-жайлар

1

Мамлютка қаласы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют мәдени орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының көрермендер залы, Ленин көшесі, 47

2

Андреевка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Андреевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, 50 Лет Казахстана көшесі, 55

3

Белое ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Белое орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мектеп көшесі, 28

4

Воскресеновка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Воскресеновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Жеңіс көшесі, 11

5

Дубровное ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Гуденко көшесі, 52

6

Краснознаменное ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Краснознаменное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мектеп көшесі, 2

7

Қызыләскер ауылы

Ауылдық клубтың акт залы, Мир көшесі, 42

8

Леденево ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Леденево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мектеп көшесі, 1

9

Ленин ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ленин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мектеп көшесі, 12

10

Новомихайловка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Новомихайловка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Победа көшесі, 29

11

Покровка ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Покровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мир көшесі, 61

12

Афонькино ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Афонькино орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Орталық көшесі, 8

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__" __________ № __ қаулысына 3-қосымша

Күші жойылған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізімі

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Мамлют ауданы бойынша үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге сайлаушылармен кездесу үшін орындарды ұсыну туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 61 (2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3142 болып тіркелген).

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы" 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 (2016 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген).

      3) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жайды беру туралы" 2017 жылғы 29 мамырдағы № 131 (2017 жылғы 08 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4216 болып тіркелген).

      4) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің қаулысы "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгiлеу және таңдаушылармен кездесуі үшiн үй-жай беру туралы" 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 340 (2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5092 болып тіркелген).