"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 149 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 маусымда № 5439 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер "туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 06 ақпандағы № 58 (2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4079 болып тіркелді);

      "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 30 қазандағы № 309 (2018 жылғы 05 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4968 болып тіркелді).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "27" мамырдағы № 149 қаулысымен бекітілді

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12091 болып тіркелді) бекітілген "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      2. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ("Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.

      5. Порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия не осы Регламенттің 15-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) осы қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензияларды берген кезде лицензиялық алым – 10 (он) айлық есептік көрсеткіштерді (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сәйкес жүзеге асырылады).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны);

      2) лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін:

      Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;

      Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;

      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қосымшамен қоса өтінішті зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және рәсімдеу дұрыстығын тексереді, ұсынылған құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:

      өтінішті әрі қарай қарауда жазбаша дәлелденген бас тартуды береді:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 1 (бір) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсырады – 30 (отыз) минут;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қолын қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 30 (отыз) минут.

      11. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарары;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;

      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын не электрондық түрінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын келісу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсыру;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушіге жіберу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері іске қосылды:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

      13. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады – 30 (отыз) минут;

      3) құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қосымшамен қоса өтінішті зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды – 30 (отыз) минут;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және рәсімдеу дұрыстығын тексереді, құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті әрі қарай қарауда жазбаша дәлелденген бас тартуды береді:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – 1 (бір) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға тапсырады – 30 (отыз) минут;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қолын қояды және және оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 30 (отыз) минут.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      14. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызмет алушының іс-қимылдар тәртібі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, электрондық сұраудың нысанын толтырады және құжаттар топтамасын бекітеді (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі);

      3) көрсетілетін қызметті берушімен электрондық сұрауды өңдеу (тексеру, тіркеу);

      4) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды сұрау мәртебесі мен мерзімі туралы хабарландыруларды алуы;

      5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырады және ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алуы.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну тәртібі мен рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетілген.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) осы көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;

      2) лицензиялық алымды енгізбеу;

      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;

      4) көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі туралы тиісті келісім беретін мемлекеттiк органнан жауаптың болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға тыйым салатын заңды күшiне енген сот шешімінің (үкiмiнiң) бар болуы;

      6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде сот шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензияны беруге уақытша жол бермеу.

5. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Портал арқылы "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

     


      Шартты белгілер: