"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 114 қаулысының (2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4703 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлеке(ттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "19" сәуірдегі № 105 қаулысымен бекітілді |
"Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 229 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15374 болып тіркелді) бекітілген "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
2. "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы ("Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы Регламенттің 14-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетке" жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті алушы порталға мынадай құжатты ұсынады:
Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы институтының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы субсидиялау шартын жасасуға арналған ұсыныс.
Субсидиялау шартын жасасуға арналған ұсыныстың қабылданғанын растаумен субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіндегі" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе болып табылады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынысты алған күнінен бастап мынаны жүзеге асырады:
ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді және ұсыныстың субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді, соның ішінде – – 2 (екі) жұмыс күні;
ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеу және бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қол қою жолымен көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ету – 1 (бір) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша оң шешім негізінде басшының ЭЦҚ қол қою жолымен көрсетілетін қызметті алушы арасында веб-порталда электрондық нысанда субсидиялау шарты жасалады – 4 (төрт) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушы веб-порталда ЭЦҚ-мен субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастырады – 30 (отыз) минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін басшының ЭЦҚ-сы қойылатын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады – 1 (бір) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті беруші субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушыдан қолданыстағы қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап:
қарыз шартының өзгертілген талаптарының субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, ұсынылатын өзгерістер Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда, субсидиялау шартына өзгеріс енгізу бойынша шешім қабылдап, оны рәсімдейді және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және басшының ЭЦҚ-сы қойылады – 1 (бір) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті беруші қаржы институтынан хабарлама алған күннен бастап субсидиялау шартын тоқтатуға шешім қабылдап, оны ресімдейді және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және тиісті шешімге басшының ЭЦҚ-сы қойылады – 1 (бір) жұмыс күні.
9. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынысты тіркейді және субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ ұсыныс бойынша шешім қабылдайды және ресімдейді, бұл туралы қарыз алушы мен қаржы институтын хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен Субсидиялау шартына қол қою;
3) көрсетілетін қызметті алушымен субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыру;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларына қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен субсидиялау шартының өзгеруі бойынша шешім қабылдап, қол қою;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен субсидиялау шартын тоқтатуға шешім қабылдап, қол қою.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімі.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту реттілігін сипаттау:
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынысты алған күнінен бастап мынаны жүзеге асырады:
ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді және ұсыныстың субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді, соның ішінде – – 2 (екі) жұмыс күні;
ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеу және бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қол қою жолымен көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ету – 1 (бір) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша оң шешім негізінде басшының ЭЦҚ қол қою жолымен көрсетілетін қызметті алушы арасында веб-порталда электрондық нысанда субсидиялау шарты жасалады – 4 (төрт) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушы веб-порталда ЭЦҚ-мен субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастырады – 30 (отыз) минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін басшының ЭЦҚ-сы қойылатын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады – 1 (бір) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті беруші субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушыдан қолданыстағы қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап:
қарыз шартының өзгертілген талаптарының субсидиялау талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, ұсынылатын өзгерістер Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда, субсидиялау шартына өзгеріс енгізу бойынша шешім қабылдап, оны рәсімдейді және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және басшының ЭЦҚ-сы қойылады – 1 (бір) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті беруші қаржы институтынан хабарлама алған күннен бастап субсидиялау шартын тоқтатуға шешім қабылдап, оны ресімдейді және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және тиісті шешімге басшының ЭЦҚ-сы қойылады – 1 (бір) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау.
12. "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілмейді.
13. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, электрондық сұраудың нысанын толтырады және құжаттар топтамасын бекітеді (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі),
3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрауды куәландыру;
4) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды сұрау мәртебесі мен мерзімі туралы хабарландыруларды алуы;
5) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырады және ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.
14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелді) бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
5. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, "Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет" және Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Портал арқылы "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: