Алматы қаласы әкімдігінің "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/461 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 3/555 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қазанда № 1590 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 4/438 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.10.2020 № 4/438 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/461 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: оралман мәртебесін беру кезінде - оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзартқан жағдайда - жергілікті атқарушы органның шешімі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 немесе 9-1 тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.";

      6 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) оралман куәлігін немесе оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді дайындау;";

      10 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) 3 процесс - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеуі, өңдеуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді жүргізуі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (оралман куәлігін немесе оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді) ресімдеуі;";

      10 тармақтың 4 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) 4 процесс - көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 4 тармағында көрсетілген мерзімде тиісті тізіліммен бірге Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (оралман куәлігін немесе оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді) курьерлік қызмет арқылы жолдауы;";

      10 тармақтың 5 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5) 5 процесс - көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияның операторы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (оралман куәлігін немесе оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді) алуы.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (оралман куәлігін немесе оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді) беру кезінде Мемлекеттік корпорация операторы сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды. Сканерлеу жүргізілгеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде автоматты түрде іздеу жүргізіледі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін берген өтінімі тексеріледі.".

      2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев