Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Аққулы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Аққулы ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Лебяжі ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысы Т. Т. Кобайдаровқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Балғабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Аққулы аудандық аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрайымы | Г. Қалиева |
2019 жылғы "24" қаңтар |
Аққулы ауданы әкімінің 2019 жылғы "24" қаңтардағы № 1-04/1 шешіміне 1-қосымша |
№ 325 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Ямышев ауылы, Ямышев жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Ямышев ауылдық округі Ямышев ауылының аумағы.
№ 326 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Тлектес ауылы, Тлектес жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Ямышев ауылдық округі Тлектес ауылының аумағы.
№ 327 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қызылқоғам ауылы, Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Ямышев ауылдық округі Қызылқоғам ауылының аумағы.
№ 328 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Черное ауылы, Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының аумағы.
№ 329 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Шәмші ауылы, Шәмші жалпы бастауыш білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағы.
№ 330 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Шабар ауылы, Абай атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Қызыләскер ауылдық округі Шабар ауылының аумағы.
№ 331 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Әйтей ауылы, Ленин жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Жамбыл ауылдық округі Әйтей ауылының аумағы.
№ 332 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Жаңатан ауылы, Жаңатан жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Жамбыл ауылдық округі Жаңатан ауылының аумағы.
№ 333 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Жамбыл ауылы, Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының аумағы.
№ 334 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Аққулы ауылы, Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Всеволод Иванов, Қабдыжапар Есімов, Абай, Пушкин, Иса Байзақов, Киров, Жамбыл, Новая, Амангелді 3-59, 10-72, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Гагарин, Ташимов 7-77, 10-110 көшелері.
№ 335 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Бесқарағай ауылы, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Қызылағаш ауылдық округі Бесқарағай ауылының аумағы.
№ 336 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Шарбақты ауылы, Шарбақты жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Шарбақты ауылдық округі Шарбақты ауылының аумағы.
№ 337 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Төсағаш ауылы, Зор-Октябрь жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Шарбақты ауылдық округі Төсағаш ауылының аумағы.
№ 338 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қазы ауылы, Қазы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Мерей 1,3, Иса Байзақов 2-4, Ұлы Жеңіс 1-31, Ынтымақ 1-2, Хамзин 5,6,12, Атамекен 1-10, Бейбітшілік 1-5, Еңбекшілер 1-13, Жамбыл 1,2 көшелері.
№ 339 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Малыбай ауылы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Малыбай ауылдық округі Малыбай ауылының аумағы.
№ 340 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қазантай ауылы, Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Малыбай ауылдық округі Қазантай ауылының аумағы.
№ 341 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Майқарағай ауылы, Майқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Майқарағай ауылдық округі Майқарағай ауылының аумағы.
№ 342 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Шоқтал ауылы, Аманкелді жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағы.
№ 343 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Мерғалым ауылы, Бекмұрат Уахатов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Майқарағай ауылдық округі Мерғалым ауылының аумағы.
№ 344 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Жабағылы ауылы, Жабағлы жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Шарбақты ауылдық округі Жабағылы ауылының аумағы.
№ 345 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Шақа ауылы, Шақа жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Шақа ауылдық округі Шақа ауылының аумағы.
№ 346 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылы, Абұлқаир Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Баймолдин ауылдық округі Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылының аумағы.
№ 347 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Тақыр ауылы, Тақыр жалпы негізгі білім беретін мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Баймолдин ауылдық округі Тақыр ауылының аумағы.
№ 349 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Аққулы ауылы, аудандық мәдениет үйінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Ынтымақ, Ұлы Жеңіс, Қайырбай Абетов, Мелиораторов, Баймагамбетов, Космонавтов, Конституция, Серік Хамзин, Тәніберген Шарапиденов, Шоқан Уәлиханов, Қадырбаев 1-12, Невель 2-10, 9-15, Әбілқайыр Баймолдин, Амангелді 88-108, 65-101, Ташимов 77А-113 көшелері.
№ 350 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Аққулы ауылы, Аққулы ауданының аграрлық-техникалық колледжінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Сембай Қалиев, Ыдырысханов көшелері.
№ 351 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қазы ауылы, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Сарыжайлау 1,2, Желтоқсан 1-6, 12, Қаныш Сәтбаев 1-9, Всеволод Иванов 1,2,7,10,11, Мәншүк Мәметова 1-10 көшелері.
Аққулы ауданы әкімінің 2019 жылғы "24" қаңтардағы № 1-04/1 шешіміне 2-қосымша |
Лебяжі ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Лебяжі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері туралы" № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3750 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде аудандық "Аққу үні" - "Вести Аққу" газетінде жарияланған).
2. Лебяжі ауданы әкімінің 2015 жылғы 11 қарашадағы "Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Лебяжі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері туралы" № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4788 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Лебяжі ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы "Лебяжі ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Лебяжі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 1-04/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5858 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).