Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 313/42 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 мамырда № 6373 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ғ. Әмірханова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 313/42 шешімімен
бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ақсу қалалық бөлімі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақсу қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнi.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек Ақсу қаласының аумағында тұрақты тұратын, мынадай санаттағы мұқтаж азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:

      2-1) ҰОС кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға;

      2-2) қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;

      2-3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

      2-4) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағы (бұдан әрі – КСРО) үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСРО Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      2-5) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;

      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:

      3-1) бұрынғы КСРО қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге;

      3-2) ЧАЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына;

      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда:

      4-1) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасына;

      4-2) қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне);

      4-3) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988 - 1989 жылдардағы ЧАЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;

      4-4) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға;

      5) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұғаларға), атап айтқанда:

      5-1) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұғаларға, зейнеткерлерге);

      5-2) 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға (зейнеткерлерге);

      6) мүгедектерге, атап айтқанда:

      6-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға;

      6-2) 1 және 2-топтағы мүгедектерге;

      6-3) кәмелетке толмаған балалары бар 3 топтағы мүгедек ата-аналарға;

      6-4) отбасы құрамында мектепке дейінгі жастағы балалары (баласы) бар мүгедектерге;

      6-5) жоғары және орта оқу орындарында сырттай және қашықтықтан оқу түрлерінде оқитын мүгедектерге;

      6-6) жүктілік мерзімінде 12 аптаға дейін есепке тұрған жүкті мүгедек-әйелдерге;

      6-7) санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін 1 топтағы мүгедектерге;

      7) аз қамтылған азаматтарға, атап айтқанда;

      7-1) жедел және жоспарлы хирургиялық операциядан өткен тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын адамдарға;

      7-2) жүктілік мерзімде 12 аптаға дейін есепке тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған отбасылардағы жүкті әйелдерге;

      7-3) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселі ара қатынасынан аспайтын, өрт, зіл-зала апаты, жазатайым оқиға, төтенше жағдайлар, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға жеке меншігінде бірден көп бірлік тұрғын үй (пәтерлер,үйлер) бар азаматтардан басқа, соның ішінде үй тұрмысы құралдары, пәтер заттары және шаруашылық құрылыстары жартылай зақымданған кезде;

      7-4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын уәкілетті органның есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;

      7-5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың қатарындағы көп балалы аналарға;

      8) ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектеп түлектерінің қатарынан мемлекеттік жалпы білім грантына түсе алмағандарға және қала әкімі грантымен оқып жатқан студенттерге, атап айтқанда:

      8-1) жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы 2 тоқсанның күнкөріс минимумының бір есе мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасының шыққан және ата-анасының қамқорынсыз қалған ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектеп түлектеріне;

      8-2) ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектеп түлектерінің қатарынан жетім - балаларға;

      8-3) қала әкіінің гранты бойынша оқып жатқан студенттерге;

      9) әлеуметтік маңызы бар мынадай аурулардан зардап шегетін азаматтарға, атап айтқанда:

      9-1) қатерлі ісіктер ауруымен ауыратын адамдарға;

      9-2) туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға;

      9-3) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыратын адамдарға;

      10) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.

      9. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті көрсетеді:

      1) Атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Жеңіс күніне орай- уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай- уәкілетті органның тізімі негізінде 8-тармақтың 7-5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      1-3) Халықаралық қарттар күніне орай- уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      1-4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай- уәкілетті ұйымның және мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тізімдері негізінде 8-тармақтың 6-1), 6-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      8-тармақтың 6-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі, балалардың туу туралы куәлігі, мүгедектік туралы анықтамасы, мекенжай анықтамасы көшірмелері негізінде;

      2) Біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйді жөндеуге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде, азық-түлік жиынтығын сатып алуға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      2-2) 8-тармақтың 1), 2-4), 2-5), 3), 4-4) тармақшаларында (ЧАЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдар санынан ғана) көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген, өтініш, жеке куәлігінің, мекенжай анықтамасы, автомобиль немесе теміржол көліктерінде пайдаланылған жол билеттерінің, санатын растайтын құжаттың көшірмелері негізінде, Алматы және Астана қалаларының госпитальдарына бару және тұрғылықты жеріне кері қайтуға жолақы шығыстарын өтеуге;

      2-3) уәкілетті ұйымның 9 мамыр Жеңіс күніне берген тізімі негізінде 8-тармағының 1), 2),3),4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және қалалақ газеттерге жазылуға нақты көлемде;

      2-4) 8-тармақтың 1), 2-4), 3-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші келесі құжаттармен бірге: көшірмелері: жеке куәлігінің санатын растайтын құжаттың, медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес (төлеу туралы түбіртек көшірмелері негізінде) мекенжай анықтамасы, тіс протездеуге 8 (сегіз) АЕК-тен аспайтын;

      2-5) 8-тармақтың 6-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініші келесі құжаттардың негізінде: көшірмелері: жеке куәлігінің, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясы анықтамасының, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі, мекенжай анықтамасы негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      2-6) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, мекенжай анықтамасы көшірмелері, білім беру қызметін көрсетуге студенттің, Ақсу қаласы әкімі мен жоғары оқу орны басшысының үш жақты келісім-шарттың негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге нақты құнының мөлшерінде;

      2-7) 8-тармақтың 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші, емханаға тіркелген жері бойынша ауыруын растайтын дәрігерлік-қеңес комиссиясының қортындысы, мекенжай анықтамасы, жеке куәлігінің көшірмесі, негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      2-8) Ақсу қаласында тұратын және амбулаторлық емделіп жатқан, 8-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      2-9) 8-тармақтың 9-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын ала және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорның Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      2-10) 8-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін Ақсу қаласының полиция бөлімінің тізімі, пробация қызметінің оңалтудың және әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің, атап айтқанда біржолғы әлеуметтік көмек алудың жеке бағдарламасы, екінші деңгейдегі банктерде жеке шоты көрсетілген (карточка бойынша), мекенжай анықтамасы, жеке куәлігінің, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғаны туралы анықтама көшірмесі негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      2-11) 8-тармақтың 6-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін мекенжай анықтамасы, жеке куәлігінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (сауықтыруға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      2-12) 8-тармақтың 6-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініш берушінің және еріп жүретін адамның мәртебесін растайтын құжаты, жеке куәлігінің, мекенжай анықтамасының көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші, тиісті медициналық мекемесінің 1 топ мүгедектігі туралы анықтамасы, санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде (еріп жүретін адамның тұру, тамақтану және жол ақысына) 40 (қырық) АЕК- тен аспайтын мөлшерде;

      3) Табысты есепке алмағанда тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) 8-тармақтың 2-4), 2-5), 3-1), 3-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің, санатың растайтын құжаттың, көшірмелері, мекенжай анықтамасы, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші негізінде сауықтыруға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      4) Табысты есепке алмағанда ай сайын әлеуметтік көмек:

      4-1) 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде дәрі-дәрмек сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде, жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды өтеуге 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      4-2) Ақсу қаласының селолық округтерінде тұратын 8-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізімі негізінде ем алып отырған кезге жол ақысы мен тамаққа 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      4-3) 8-тармақтың 6-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініші қоса берілген келесі құжаттар бойынша жеке куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің, мектепке дейінгі мекемесімен шартының көшірмесі, мекенжай анықтамасы, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген, мүгедектік тобын растайтын құжат және өткен айда нақты қатысқан күндерінің төлеу түбіртегі негізінде балалардың (баланың) балаларға арналған мектеп алды мекемесіне баруды төлеуге белгіленген құны мөлшерінде;

      4-4) 8-тармақтың 6-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініші қоса берілген келесі құжаттар бойынша жеке куәлігінің, білім беру қызметін көрсетуге студенттің, жоғары оқу орны басшысының келісім - шарттың, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектігі туралы анықтамасының, "Қазақтелеком" АҚ көрсететін телекоммуникациялық қызметі туралы келісім-шарттың көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының нөмірі көрсетілген, мекенжай анықтамасы, өткен айда төленген түбіртек көшірмесі негізінде "Интернет" желісіне қосылу және оны қолдану үшін нақты құны мөлшерінде;

      4-5) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін жоғары оқу орындарында оқыған кезеңде тұруына, тамағы мен тұрғылықты жері бойынша жолақысына 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге мөлшерінде;

      5) Табыстарын есепке ала отырып, біржолғы әлеуметтік көмек:

      5-1) 8-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініші қоса берілген келесі құжаттар бойынша, мекенжай анықтамасы, учаскелік комиссия берген өтініш берушінің материалдық- тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу актісі, жеке куәлігінгінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде, жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасы 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      5-2) 8-тармақтың 7-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініші қоса берілген келесі құжаттар бойынша, жеке куәлігінің, мекенжай анықтамасы, отбасы мүшелерінің алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтері, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі, шаруашылық жүргізу құқындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      5-3) 8-тармақтың 7-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін жеке куәлігінің және Ақсу қаласы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы), учаскелік комиссия берген өтініш берушінің материалдық- тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу актісі, көшірмелері, екінші деңгейдегі банктерде немесе жеке банктік операцияларының түрлерін жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымда жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның шешімі бойынша (өрт болған кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің немесе (су тасқыны кезде) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы (анықтамасы) негізінде 70 (жетпіс) АЕК дейінгі мөлшерде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - өмірлік қиын жағдай туындалған кезден алты ай ішінде;

      5-4) 8-тармақтың 7-4) тармақшасында және 10) тармақшасында көрсетілген жұмыссыз ретінде уәкілетті органның есебінде тұрған, табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда күн көріс минимумының бір еселік мөлшерінен аспайтын санаттар үшін екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, мекенжай анықтамасы, материалдық - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу актісі негізінде, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, сатып алу үшін а 113 (жүз он үш) АЕК мөлшерінде нысаналы мақсатта пайдаланылады жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға, қаражаты қажетті мүкәммалды пйдаланғанын растайтын құтаттар (малды, сатып - алау туралы келісім-шарт, тауарлық накладная ж.т.б.).

      6) Әлеуметтік көмек мерзімді (жарты жылда бір рет) көрсетіледі:

      6-1) 8-тармақтың 8-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін білім беру қызметін көрсетуге студенттің, Ақсу қаласы әкімі мен жоғары оқу орны басшысының үш жақты келісім-шарттың негізінде, жеке куәлігінің және мекенжай анықтамасы, екінші деңгейдегі банктерде жеке шотының (карточка бойынша) нөмірі көшірмелері негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге нақты құнының мөлшерінде;

      10. 9 тармақтың 5-3) тармақшада көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, селолық округтің әкіміне өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) Ақсу қаласының аумағында тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Әлеуметтік көмек ұсынуға қаржыландыру шығыстары Ақсу қаласының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына (карточка бойынша) төлемдердің қаржыландыру жоспары бойынша жүргізіледі.

      14. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, селолық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, селолық округтің әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздемелері

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық- әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Ақсу қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 313/42 шешіміне
қосымша

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);

      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 9 тамыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Ақсу қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" № 132/16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5610 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 қыркүйекте "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);

      3. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 179/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5905 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған);

      4. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 тамыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 38/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 232/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6060 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 қыркүйекте "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған).