Мәслихаттың 2018 жылғы 30 мамырдағы № 270 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 22 қазандағы № 443 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 қазанда № 8731 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № 270 шешіміне (2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7893 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы С. Есментаев
      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы А. Аксаутова