"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 шешіміне (2013 жылғы 17 қазанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4221 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 300000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 9 мамырдан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.