Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Оспанға жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамыр | |
№98-қ қаулысына 1 қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар | Байланыс телефоны |
1 | Маңғыстау ауылы | Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 8 /7292/ 46-62-33 |
2 | Маңғыстау ауылы | "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-74-56 |
3 | Маңғыстау ауылы | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№8 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-94-57 |
4 | Қызылтөбе ауылдық округі | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-71-94 |
5 | Баянды ауылы | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№3 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 46-72-08 |
6 | Дәулет ауылдық округі | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№4 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-98-21 |
7 | Атамекен ауылдық округі | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№12 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 33-14-58 |
8 | Басқұдық ауылдық округі | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№9 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 30-40-53 |
9 | Батыр ауылдық округі | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№10 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 8 /7292/ 34-32-01 |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамыр | |
№98-қ қаулысына 2 қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
Маңғыстау ауылы |
1."Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимаратының жанында (стенд). |
Қызылтөбе ауылдық округі |
1."Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының пошталық байланысының ауылдық бөлімшесінің жанында (стенд). |
Баянды ауылы |
1.Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында (стенд). |
Басқұдық ауылдық округі |
1.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы жанында (стенд). |
Атамекен ауылдық округі |
1.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы жанында (стенд). |
Дәулет ауылдық округі |
1.Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№4 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында (стенд). |
Батыр ауылдық округі |
1.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында (стенд). |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "27" мамыр | |
№98-қ қаулысына 3 қосымша |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 140-қ "Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде үй-жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2262 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдедегі "Мұнайлы" газетінде жарияланған) қаулысы.
2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 141-қ "Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2263 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 шілдедегі "Мұнайлы" газетінде жарияланған) қаулысы.
3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 280-қ "Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2510 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.