"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 1017 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 16 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 шілдеде № 6855 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 1017 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6155 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.С. Имандосовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Ысқақов