Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 300 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 ақпанда № 6682 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекеленген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 27-сессиясының төрағасы
Ш. Әбдікәрімов
      Қызылорда облыстық мәслихатының
хатшысы
Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы "7" ақпандағы №300 шешіміне 1-қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар

Ауру түрі

Халық санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны)

1

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг, ұнтақ ингаляцияға арналған капсуладағы 28 мг;
- Ацетилцистеин 100мг, 200 мг;
- Ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады);

2

Идиопатикалық және екіншілік өкпе артериясының гипертензиясы

 
II, III, IV сатысы

- Силденафил 25 мг, 50 мг;
- Бозентан 125 мг;
- Риоцигуат 2,5 мг;

3

Аяқтың эмболиясы және тромбозы

Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда

- Ривароксабан 10 мг, 20 мг;
- Эноксапарин Натрия 0,6 мг;

4

Ювенильді идиопатиялық артрит

Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық препаратты ем ретінде қолдану

- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,8 мл;

5

Буллезды эпидермолиз

Өмір сүру ұзақтығын және өмір сапасын жақсарту

- Таңып-байлау материалдары, санитарлық гигиенаға арналған зат (сабын) мандандырылған қорек;

6

Бехчет ауруы

- Инфликсимаб 100 мг;

7

Көмей стенозы IV дәрежесі (балалардағы)

- Оттегімен жасанды қамтамасыз етуге және санитарлық гигиенаға арналған залалсыздандыру материалдары;
- Будесонид, дозаланған ингаляцияға арналған суспензия 0,25 мг/мл 2 мл;
- Повидон - йод 1%-50 мл;
- Флуимуцил 100 мг/мл, инъекция мен ингаляцияға арналған ерітінді;
- Натрия хлорид 0,9%-100,0;
Хлоргексидин биглюконаты, сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0,05%;

8

Целиакия

Ағзадағы туа біткен фермент жетіспеушілігінің орнын ауыстырушы препараты

- Панкреатин 10000 ЕД/150 мг;
- Панкреатин 25000 ЕД/300 мг;

9

Созылмалы қабынулық демиелинизациялық полинейропатия

Инфекцияға ағзаның қарсы тұра алу қабілетін қамтамасыз ететін екіншілік гуморальды препарат

- Адами қалыпты иммуноглобулин G 50 мл, 100 мл;

10

Иммунды тромбоцитопениялық пурпура

Тромбоцитопениялық пурпураның ауыр түрі, геморрагиялық синдроммен, I, II қатардағы емге көнбеген жағдайда

- Элтромбопаг 50 мг;

11

Остеопароз

Остеопароздың жайылмалы түрі, ауыр ағымды, III, IV дәрежесі, сүйек кемегінің бұзылу қаупі жоғарылағанда қолданады

- Золедрон қышқылы 5 мг/100 мл;

12

Туа пайда болған гиперинсулинизм

Ағзадағы туа біткен гормонды алмастырушы жетіспеушілігінің орнын ауыстырушы препараты

- Октреотид 0,05мг/мл, 0,1мг/мл;

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      мг - миллиграмм

      мл – миллилитр

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы "7" ақпандағы №300 шешіміне 2-қосымша

Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 55 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5603 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған);

      3. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 қазандағы № 144 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6014 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 қарашада жарияланған);

      4. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 181 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6183 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 наурызда жарияланған);

      5. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 190 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6262 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 сәуірде жарияланған).