Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 8 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қыркүйекте № 5490 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы №4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 13 сәуірдегі №14 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9-тармағы келесі мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "8-1) Бұқар жырау ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Жанбырбаев
      Мәслихат хатшысы А. Әли