РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) "Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 68 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2651 болып тіркелген, 2015 жылдың 23 маусымында "Ақ жол" газетінде жарияланған):
1 тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-қосымшасы алып тасталсын;
2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 98 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3034 болып тіркелген, 2016 жылдың 29 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
1 тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";
5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдау, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының өтінішті қарауы, бұрыштама қоюы (тапсырма және орындау мерзімі) және қарау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберу, 2 (екі) сағаттың ішінде;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен құжаттарды тексеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аккредитациялау комиссиясына жіберу немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жіберу, 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аккредитациялау комиссиясымен құжаттарды қарау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аккредитациялық комиссиясының шешімін (бұдан әрі-хаттама) жіберу, 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жіберу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесіне қол қою және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен Мемлекеттік корпорацияға жіберу, 1 (бір) жұмыс күні ішінде.";
8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметтікөрсету үдерісінде рәсімдердің келесі реттілігі жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 20 (жиырма) минуттың ішінде;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, бұрыштама қояды (тапсырма және орындау мерзімі) және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді, 2 (екі) сағаттың ішінде;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, құжаттарды мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аккредитациялау комиссиясына жібереді немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші өтініштіодан әрі қараудан уәжді түрде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді, 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аккредитациялау комиссиясы құжаттарды қарайды, хаттаманы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді, 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесін дайындайды және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Мемлекеттік корпорацияға жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде.";
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 84 қаулысының 1 тармағындағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3037 болып тіркелген, 2016 жылдың 5 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Дауылбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы
Шартты белгілер: