Ақмола облысы Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округінің Степногорское ауылын қайта атау туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/509 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 7449 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссияның 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысының, "Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округінің Степногорское ауылы атауын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № а-11/609 қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 6С-35/5 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округінің Степногорское ауылы Ақмола облысы Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округінің Байқоныс ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов