БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 10.07.2025 № 170-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдарының өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді.";
11, 12, 13, 14 және 14-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдарының шешімдерінде өзгеше белгіленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдарына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
14-1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. Су пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдарынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
3. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 27.06.2025 № 156-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. "Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы қала, астана) деңгейінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 367 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14252 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттері бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы қала, астана) деңгейінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде 2016-2025 жылдарға арналған су пайдалану лимиттері*".
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 10.07.2025 № 170-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.