"Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1069 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 19752 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 225 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10974 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1069 бұйрығымен
бекітілген

"Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, оқу орындарының қызметкерлері мен бітірушілерін сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.

      2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер, анықтамалар қолданылады:

      біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;

      біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі мен дербестігі бойынша сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиынтығы;

      еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек процесінің міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдардың жиынтығы;

      кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      кәсіп – арнайы даярлық нәтижесінде иеленетін және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және практикалық дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;

      кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктердің ұқсас жиынтығын болжайтын кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

      кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;

      салалық біліктілік шеңбері – салаларда танылатын біліктілік деңгейлердің құрылымдалған сипаты;

      ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы.

      3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

      1) БА – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

      2) БТБА – ҚР жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

      3) ГТҚҚ – газ-түтіннен қорғау қызметі;

      4) ТЖ – төтенше жағдай;

      5) ТОЖҚҚ– тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары;

      6) СБШ – салалық біліктілік шеңберлері;

      7) ҰБШ - ұлттық біліктілік жүйесі.

2-тарау. Кәсіби стандарт паспорты

      4. Кәсіби стандарт атауы: "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі".

      5. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: өрт қауіпсіздігі сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу.

      6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызмет саласындағы талаптарды, мазмұнына, сапасына, қызметшілердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

      7. Кәсіби топ: қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік бойынша қызмет.

      Кәсіби кіші топ: төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет.

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

      8. Кәсіптер тізбесі:

      Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика баптаушысы – 3 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      өрт сөндіруші – 3 - СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      өрт сөндіруші – құтқарушы – 5 - СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      өрт сөндіруші – нұсқаушы – 5 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      өрттің алдын алу нұсқаушысы – 5 - СБШ бойынша біліктілік деңгейі.

      Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандартқа қосымшада келтірілген.

  "Төтенше жағдайларда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қызметі" кәсіби стандартына
қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.03.2021 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Бақылау˗өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы"

Кәсіп коды

7421-1-003

Кәсіп атауы

Бақылау˗өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

3

БА бойынша біліктілік деңгейі

4-5

Кәсіби білімінің деңгейі

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы болған кезде жалпы орта білім. Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білім.

Еңбек функциялары

1. ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету.

2. ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, жабдықты дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету.

3. Химиялық сіңіргіштер өнімінің сапасына қабылдау сынақтарын ұйымдастыру.

4. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада жаттығуын ұйымдастыру.

1-еңбек функциясы
ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету.

Машық және дағдылар:
1. Жұмысқа қабілеттілік параметрлерін анықтау үшін бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын үйлестіреді.
2. Ауа және оттегі баллондарын толтырады.
3. Регенеративті патрондар жарақтарына, бақылау-өлшеу аспаптарына техникалық куәландыру жүргізеді.

Білімі:
1. Газ түтіннен қорғау қызметінің жұмысына қатысты нормативтік құжаттар.
2. Бақылау -өлшеу аспаптарының іс-әрекет қағидаты.
3. Ауа және оттегі баллондарын толтыру технологиясы.

2-еңбек функциясы
ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, жабдықты дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету.

Машық және дағдылар:
1. Тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарының техникалық жай-күйіне бақылау ұйымдастырады.
2. Бекітілген оқшаулағыш газтұмшаларды, оның қосалқы бөлшектерін есепке алу бойынша және оларды жөндеу бойынша құжаттама жүргізеді.
3. Регенеративті патрондардың, оттегі және ауа баллондарының химиялық сіңіргіштеріне сынаулар жүргізеді.
4. Компрессорлық қондырғыларға профилактикалық қарау жүргізеді.

Білімі:
1. Газ түтіннен қорғау қызметі базаларының жұмысын регламенттейтін бұйрықтар, нормативтік және әдістемелік құжаттар.
2. Құрылғы, пайдалану қағидалары, газ түтіннен қорғау қызметінің оқшаулағыш газтұмшаларын күту, жөндеу және сақтау.

3-еңбек функциясы
Химиялық сіңіргіштер өнімдерінің сапасына қабылдау сынауларын ұйымдастыру.

Машық және дағдылар:
1. Компрессорлық қондырғыларды пайдалануға дайындайды, оның ішінде олардың жай-күйін тексереді, күнделікті техникалық қарау жүргізеді, оларды арнайы аспаптарда уақтылы сынаудан өткізеді.

Білімі:
1. Компрессорлық қондырғылармен және қысымды түтікшелермен жұмыс істеуді регламенттейтін өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары.

4-еңбек функциясы
Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыру.

Машық және дағдылар:
1. Сабақтар өткізу үшін техникалық құралдарды дайындайды.
2. Сабақтардың өткізілуін бақылайды.

Білімі
1. Газ түтіннен қорғаушылармен сабақтар өткізу әдістемесі.
2. ТОЖҚҚ жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп.
Тіл табысқыштық.
Ойының ұшқырлығы.
Бастамашылық және жауапкершілік.

"Өрт сөндіруші"

Кәсіп коды

5411-0-008

Кәсіп атауы

Өрт сөндіруші

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4

БА бойынша біліктілік деңгейі

4

Кәсіби білімнің деңгейі

Жалпы орта білім және Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы. Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіби.

Еңбек функциялары

1. Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді.

2. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді Пысықтауды жүргізеді.

3. Өрт-техникалық қару-жарақты және құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстайды.

4. Өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жарамды жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайды.

1-еңбек функциясы
Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізеді

Машық және дағдылар:
1. Өрттің дәрежесіне сәйкес келетін өртсөндіргіш құралдарының түрлерін анықтайды.
2. Өрт кезінде түтіндеу, жоғары температура, өмірге қауіп төну жағдайларында зардап шеккендерді эвакуациялайды.
3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып, өрт сөндіру немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттерін орындайды.

Білімі:
1. Түрлі объектілердегі өрт сөндіру тактикасы бойынша кәсіби даярлық процесінде алынған білімдер.
2. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету, адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан медициналық көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу.
3. Сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызметтің жұмысын регламенттейтін тәлімдемелер, нұсқаулықтарды білу.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып, өрт сөндіру бойынша білімі немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттерін орындау.

2-еңбек функциясы
Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді.

Машық және дағдылар:
1. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді, ГТҚҚ мен
жұмыстағы басқа пәндер бойынша білімді практикалық қолдану тәсілдерін пысықтайды.
2. Елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарларымен және схемаларымен, сондай-ақ өрт сөндірудің жедел жоспарларымен және карточкаларымен және күзетілетін объектілерге немесе елді мекендерге жасалған ТЖ жоюдың сценарийлерімен жұмыс істейді.
3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында жаттығулар жүргізеді.

Білімі:
1. Бөлімшеде бастапқы даярлық кезінде және жұмыс істеу барысында алынған білімдер.
2. "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін, өртке қарсы қызметте қабылданған шартты графикалық белгілерді білу.

3-еңбек функциясы
Өрт-техникалық қару-жарақты және құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстайды

Машық және дағдылар:
1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын тазарту, майлау, жинау, орнату бойынша жұмыс жүргізеді.
2. Арнайы даярлықты талап етпейтін слесарлық жабдықпен жұмыс істей білуі.
3. Нұсқаулықтарға сәйкес сынау жұмыстарын жүргізеді.

Білімі:
1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарының және арнайы қорғаныш киімін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты білу.
2. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын сынау жөніндегі талаптар мен нұсқаулықтарды білу.

4-еңбек функциясы
Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын қалыпты жағдайда ұстау бойынша жұмыстарды орындайды.

Машық және дағдылар:
1. Байланыс құралдары мен автоматты өрт сөндіру сигнализациясын жарамды қалыпта ұстайды.
2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істей білуі.

Білімі:
1. Өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кезде өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, іс-қимыл нұсқаулығын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-қимылдар анықталған жағдайда іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп.
Тіл табысқыштық.
Ойының ұшқырлығы.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

Деңгейі жоғары
Өрт сөндіруші-құтқарушы

"Өрт сөндіруші құтқарушы"

Кәсіп коды

5411-0-008

Кәсіп атауы

Өрт сөндіруші– құтқарушы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

5


Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту, біліктілікті арттыру. Техникалық және кәсіби білім.

Еңбек функциялары

1. Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүргізу.

2. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтау.

3. Өрттерді және аварияларды болдырмау немесе салдарын азайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралар.

4. Өрт-техникалық жарақты және авариялық-құтқару құралдарын ұстау және жұмыста пайдалану.

5. Өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жарамды жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстар.

1-еңбек функциясы
Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу

Машық және дағдылар:
1. Өрт дәрежесіне сәйкес өртсөндіргіш құралының түрін анықтайды.
2. Өрт кезінде түтіндеу, жоғары температура және өмірге қауіп төну жағдайларында зардап шеккендерді эвакуациялауды жүргізеді.
3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып өртті сөндіреді немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттерін орындайды.

Білімі:
1. Түрлі объектілердегі өрт сөндіру тактикасы бойынша білімі.
2. Адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан дәрігерлік көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу.
3. Сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызметтердің жұмысын регламенттейтін тәлімдемелерді, нұсқаулықтарды білу.

2-еңбек функциясы
Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтау.

Машық және дағдылар:
1. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді, ГТҚҚ және жұмыста басқа пәндер бойынша білімдерді практикалық қолдану тәсілдерін пысықтайды.
2. Елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарларымен, схемаларымен жұмыс істейді.
3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен жаттығулар жасайды.
4. Бөлімшенің шығу ауданын, күзетілетін объектілердің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің ерекшеліктерін, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін зерделейді.

Білімі:
1. Бастапқы даярлық кезінде және бөлімшеде жұмыс істеу барысында алған білімдер.
2. "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін, өртке қарсы қызметте қабылданған шартты графикалық белгілерді білу.

3-еңбек функциясы
Өрттердің, авариялардың салдарын болдырмау немесе азайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралар.

Машық және дағдылар:
1. Қоршаған ортаның газданғанын және радиациялық қауіпсіздік деңгейіне талдау жүргізеді.

Білімі:
1. Бақыланатын параметрлердің рұқсат етілген және сыни көрсеткіштерін білу.

4-еңбек функциясы
Өрт-техникалық қару-жарақты және авариялық-құтқару құралдарын ұстау және жұмыста пайдалану

Машық және дағдылар:
1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын тазарту, майлау, құрастыру, орнату бойынша жұмыс жүргізеді.
2. Арнайы даярлықты талап етпейтін слесарлық жабдықпен жұмыс істейді.
3. Нұсқаулықтарға сәйкес сынау жұмыстарын жүргізеді.

Білімі:
1. Өрт-техникалық жарақтарды және құтқару құралдары мен арнайы қорғаныш киімін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды білу.
2. Өрт-техникалық жарақтар мен құтқару құралдарын сынау бойынша нұсқаулықтар мен талаптарды білу.

5-еңбек функциясы
Өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жарамды жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстар

Машық және дағдылар:
1. Байланыс және автоматты өрт сигнализациясы құралдарын жарамды күйде ұстайды.
2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істейді.

Білімі:
1. Өрт немесе ТЖ туралы хабарлама анықталған, алған кезде өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, іс-қимыл нұсқаулығын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-қимылдарды анықтаған жағдайда іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп.
Тіл табысқыштық.
Ойының ұшқырлығы.
Басқару қабілеті.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

Деңгейі төмен
Өрт сөндіруші

Деңгейі жоғары
Өртке қарсы алдын алу жөніндегі нұсқаушы
Өрт сөндіруші – Инспектор

"Өрт сөндіруші – нұсқаушы"

Кәсіп коды

3160-1-008

Кәсіп атауы

Өрт сөндіруші – нұсқаушы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

Санатсыз, 1- санат, 2 - санат

Кәсіби білімінің деңгейі

Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлау және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту, біліктілікті арттыру.

Еңбек функциялары

1. Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру.

2. Өрт сөндіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргізу.

3. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу.

4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы теориялық және практикалық сабақтарды жүргізу.

5. Өрт-техникалық жарақтары және құтқару жабдықтарын жұмысқа жарамды қалпында ұстау.

6. Өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жарамды жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау.

1-еңбек функциясы
Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру

Машық және дағдылар:
1. Өрт-техникалық тексерулер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзушылығын анықтайды.
2. Тексеру нәтижелері бойынша құжаттарды, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша ұсыныстарды ресімдейді.
3. Өрт автоматикасы және өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау және түтін жою жүйелерінің, өрт, авария немесе дүлей зілзала кезінде адамдарға құлақтандыру қондырғыларының техникалық жай-күйін тексереді.
4. Қызмет көрсетілетін объектілердің өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау және кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар дайындау.

Білімі:
1. Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметтерін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, қаулылардың талаптары.

2-еңбек функциясы
Өрт сөндіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару және эвакуациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу

Машық және дағдылар:
1. Өрт дәрежесін, ғимараттың, құрылыстың конструктивтік өрт қауіптілік дәренжесін, өрт немесе ТЖ ауқымын анықтайды.
2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
3. Өрт немесе ТЖ кезінде адамдарды құтқару шараларын жүргізеді.

Білімі:
1. Түрлі объектілерді өрт сөндіру тактикасы бойынша кәсіби дайындық процесінде алынған білімі.
2. Адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан дәрігерге дейінгі көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықты пайдалана отырып тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу.
3. Өрт сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, тәлімдемелерді, өртке қарсы қызмет қызметін регламенттейтін нұсқауларды білу.

3-еңбек функциясы
Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу.

Машық және дағдылар:
1. Өрт жағдайында өрт қауіпсіздігі шараларына және іс-қимылдарға оқытады.

Білімі:
1. Өрт қауіпсіздігі саласында сабақ өткізудегі әдістемелік негіздерді білу.
2. Өртсөндіргіш заттарды қолдану ережелері мен қасиеттерін білу.
3. Электр жабдықтарын орнату қағидаларын білу.
4. Өрт сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, тәлімдемелерді, өртке қарсы қызмет қызметін регламенттейтін нұсқаулықтарды білу.

4-еңбек функциясы
Өрт қауіпсіздігі саласында теориялық және практикалық сабақтар өткізу

Машық және дағдылар:
1. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді, ГТҚҚ және жұмыста басқа пәндер бойынша білімдерді практикада қолдану тәсілдерін пысықтайды.
2. Елді мекендердің, объектілердің сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарларымен, схемаларымен жұмыс істейді.

Білімі:
1. Бастапқы дайындық кезінде және бөлімшеде жұмыс істеу барысында алған білімдер.
2. "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін, өртке қарсы қызметте қабылданған шартты графикалық белгілерді білу.

5-еңбек функциясы
Өрт-техникалық және құтқару қару-жарағы мен жабдықтарын жарамды жағдайда ұстау

Машық және дағдылар:
1. Өрт-техникалық жарақтар мен құтқару жабдықтарын тазалау, майлау, жинау, орнату жұмыстарын жүргізеді.
2. Арнайы дайындықты талап етпейтін слесарлық жабдықтармен жұмыс істейді.
3. Нұсқаулыққа сәйкес сынау жұмыстарын жүргізеді.

Білімі:
1. Өрт-техникалық қару-жарақ пен құтқару жабдықтарын және арнайы қорғаныш киімдерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды білу.
2. Өрт-техникалық қару-жарақ пен құтқару жабдықтарын сынау бойынша нұсқаулықтар мен талаптарды білу.

6-еңбек функциясы
Өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жарамды жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау

Машық және дағдылар:
1. Байланыс құралдары мен автоматты өрт сигнализациясын жарамды күйде ұстайды.
2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істейді.
3. Кернеуі 127 В және одан жоғары электр жабдықтарымен жұмыс істейді.

Білімі:
1. Өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны табу, алу кезіндегі іс-қимыл нұсқаулықтарын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттер анықталған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтар талаптарын білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп.
Тіл табысқыштық.
Ойының ұшқырлығы.
Басқару қабілеті.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

Деңгейі төмен
Өрт сөндіруші-құтқарушы

Деңгейі жоғары
Өрттің алдын алу нұсқаушысы
Өрт сөндіруші– құтқарушы

"Өрттің алдын алу нұсқаушысы"

Кәсіп коды

3160-1-010

Кәсіп атауы

Өрттің алдын алу нұсқаушысы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

6

БА бойынша біліктілік деңгейі

Санатсыз, 1- санат, 2- санат

Кәсіби білімінің деңгейі

Жалпы орта, техникалық және жоғары деңгейдегі кәсіптік білім (Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлық және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту).

Еңбек функциялары

1. Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру.

2. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу.

1-еңбек функциясы
Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру

Машық және дағдылар:
1. Өрт-техникалық тексерулер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзылуын анықтайды.
2. Тексеру нәтижелері бойынша құжаттаманы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша ұсыныстарды ресімдейді.
3. Қызмет көрсетілетін учаскелердің, секторлардың және объектілердің өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді, кемшіліктерді жою бойынша ақпараттар мен ұсынымдар дайындайды.
4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу, өрт, авариялар туралы істер бойынша өз өкілеттігі шеңберінде көмек көрсетеді.

Білімі:
1. Күзетілетін объектілердің өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, қаулылардың талаптары.

2-еңбек функциясы
Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалар жүргізу.

Машық және дағдылар:
1. Өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт жағдайындағы іс-қимылдарға оқытады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өз өкілеттіктері шеңберінде өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу, өрттер, авариялар туралы істер бойынша көмек көрсетеді.

Білімі
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сабақтарды өткізуде әдістемелік негіздерді білу.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру.
Тіл табысқыштық.
Ойының ұшқырлығы.
Басқару қабілеті.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы

Деңгейі төмен
Инспектор-өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші-құтқарушы

Деңгейі жоғары