"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1052 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 19725 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Жасақтауға және азаматтарды зерделеуге ЖӘБО бірге ішкі істер органдарының өкілдері қатысады.

      Бұл жұмысты:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;

      2) Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті;

      3) ЖӘБО бекітілген ӨңҚ қолбасшылары және әскери бөлім командирлері;

      4) аумақтық полиция органдары бастықтарының әкімшілік полиция басқармаларына және жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін, шақыру комиссияларының мүшелері болып табылатын орынбасарлары ұйымдастырады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Облыстардың (қала) жинау пункттерінен әскери бөлімдерге жіберілетін әскерге шақырылушылардың санын жоспарлауды ҰҰ Бас штабы әрбір ЖӘБО-ға арналған нарядқа байланысты жүзеге асырады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Штаттық лауазымдардағы офицерлер ай сайын көктемгі шақыру кезеңінде ақпан-маусым аралығында, ал күзгі шақыру кезеңінде тамыз-желтоқсан аралығында ЖӘБО және аумақтық полиция органдарына іссапарға жіберіледі.

      Штаттық лауазымдардағы офицерлерге көмектесу үшін ҰҰ Бас штабының өкімімен ӨңҚ және әскери бөлімдердің орналасу орны бойынша осы жұмысқа даярланған әскери қызметшілері бөлінеді.

      Штаттық лауазымдардағы іссапарға жіберілген офицерлерге азаматтармен әңгімелесу жүргізу және құжаттарды зерделеу үшін үй-жайлар бөлінеді.";

      91, 92 және 93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Ұлттық ұланның зерделеу және іріктеу үшін жіберілген әскери қызметшілерімен бірге зерделеуді тиісті полиция департаменттері бастықтарының, ӨңҚ қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің бірлескен бұйрықтарымен тағайындалатын ішкі істер органдарынан полиция қызметкерлері ЖӘБО және аумақтық полиция органдарына шыға отырып, жүзеге асырады.

      Әскерге шақырылушыларды зерделеу процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары 16-тармағының 9-1) тармақшасын басшылыққа алу қажет.

      Жұмыстың нәтижесі бойынша осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес іріктеліп алынған әскерге шақырылушылардың алдын ала тізімі ресімделеді.

      92. Ішкі істер органдарына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық ұланға шақырылатын әскерге шақырылушыға анықтама жасау жүктеледі.;

      93. Ұлттық ұлан үшін әскерге шақырылушылардың командаларын қалыптастыру және жөнелту кезеңінде облыстық (қалалық) жинау пункттерінде, сондай-ақ темір жол станцияларында әскери командаларды жөнелту, отырғызу, келу орындарында және әскерге шақырылушыларды және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген запасқа шығарылған қызмет әскери қызметшілерді тасымалдайтын жолаушылар поездарында полиция, оның ішінде көліктегі полиция желілік басқармалары (бөлімдері) қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Демалысты ұзарту қажет болса, әскери қызметші демалысын өткізу орны бойынша гарнизонның әскери комендантына немесе ЖӘБО бастығына келуі қажет.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1052 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланында әскери қызмет
өткеру нұсқаулығына
11-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына алдын ала іріктелген әскерге шақырылушылардың тізімі

Т.А.Ә. (егер бар болса)

Аудан, облыс

Шақыру кезеңі

Туған күні

Білімі

Мамандығы















      кестенің жалғасы

Ұлты

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тұрғылықты мекенжайы

Отбасылық жағдайы

Отбасы құрамы

Қай командаға арналған (команда №)

Ескертпе















      Қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы __________________

      Ішкі істер органының өкілі ________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өкілі _____________________