"Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 1031 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 19684 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоғамдық және түзеу жұмыстары, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаларға, бас бостандығын шектеуге, жазаны өтеу кейiнге қалдырылған сотталған жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз тәрбиелейтін ер адамдарды, шартты түрде сотталған адамдарды (бұдан әрі - сотталғандар) бір тәулік мерзімде демалыс және мереке күндерін есептемегенде:

      заңды күшіне енген сот үкімі немесе қаулы, рақымшылық жасау және оны қолдану актісі, кешірім жасау туралы акті қағаз тасымалдағышта немесе электрондық құжат;

      тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты Пробация қызметінен не қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер базасы (бұдан әрі – ҚАЖ ОАДБ) арқылы жеке, бақылау немесе жинақ істері түрінде келіп түскен күннен бастап есепке қоюды жүзеге асырады;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) есепке қойған немесе есептен шығарған кезде сотталғандар туралы мәліметтерді екі жұмыс күні ішінде және жазаларды орындау мен өтеу және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары туралы мәліметтерді бір тәулік ішінде ОАДБ-ға енгізеді;";

      6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) үкімнің (қаулының) көшірмесін қосымшаларымен бірге келіп түскен күні кiрiс құжаттарының журналына тiркейдi, ал содан кейін сотталған адамның деректерiн екі жұмыс күні ішінде ОАДБ-ға және нөмiрленiп, бауланып, мөр басылған сотталғандарды (қоғамдық жұмысқа, түзеу жұмыстарына, бас бостандығын шектеуге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, шартты түрде сотталған адамдарға; жазасын өтеу кейiнге қалдырылған жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң және жас балаларды жалғыз тәрбиелейтін ерлердің) және бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды, сот әкімшілік қадағалау белгілеген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, бас бостандығын айыру айыппұлмен ауыстырылғандарды, сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеп шыққандарды және сотқа дейінгі пробацияға жататын адамдарды есепке алу журналына осы Қағидаларға 3-13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша енгiзедi.

      Сотталған адамдардың тұрғылықты жерінің өзгеруiне байланысты басқа Пробация қызметтерінен және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен келген жеке және бақылау iстерін де осындай тәртiппен, оның ішінде ОАДБ-ға мәліметтер енгізу арқылы тiркейдi;

      2) сотталғанды есепке қойған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде үкімді шығарған сотқа сот шешімінің орындауға қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Сотталғанның тарапынан жазаны өтеу тәртiбiн және шарттарын бұзғаны және сотталғанның Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 53, 67, және 176-баптарында көзделген талаптарды сақтамайтыны анықталған жағдайда Пробация қызметі бір тәулік мерзімде бұзушылық туралы мәліметті ОАДБ-ға енгізеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Сотталғаннан тұрғылықты жерiн ауыстырғаны туралы хабарлама алған кезде Пробация қызметі:

      бір жұмыс күні ішінде сотталғанның шығарылғаны туралы жергілікті атқарушы органдарға ұсыным жолдайды;

      бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың интранет-порталына (бұдан әрі - МОИП) электронды пошта арқылы сотталғанның жаңа тұрғылықты жерi бойынша Пробация қызметіне хабарлама жолдайды;

      екі жұмыс күні ішінде ОАДБ және тапсырыс поштасы арқылы жеке істерінің, МОИП және тапсырыс поштасы арқылы есепке алу құжаттарын жолдайды.

      Сотталғанның жаңа тұрғылықты жерi бойынша Пробация қызметі ОАДБ және МОИП арқылы жеке істер мен есепке алу құжаттарын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сотталғанның жаңа тұрғылықты жері бойынша қоғамдық жұмыстарды орындауы үшін сотталғанға анықтама-жолдама береді, сондай-ақ МОИП арқылы тапсырыс поштасымен жеке істі және есепке алу карточкасын алғаны туралы растау хат жолдайды.

      Сотталған тұрғылықты жерін қызмет көрсетілетін ауданның (қаланың) шегінде ауыстырған жағдайда, ол Пробация қызметінің есебiнен шығарылмайды.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталғандарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі сотталғанға оны есепке қою үшiн пробация қызметіне жету маршруты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына баруы туралы нұсқаманы табыс еткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде соттың қаулысын алған күннен бастап:

      МОИП арқылы Пробация қызметін сотталғанды жібергені туралы хабарлайды, сондай-ақ PDF форматында сканерленген сот қаулысын және бағыты мен есепке қою үшiн пробация қызметіне келу уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқаманы, оны сипаттайтын материалдарды тіркейді;

      ОАДБ арқылы заңды күшіне енген сот қаулысын алған күннен бастап жеке істі екі жұмыс күні ішінде жолдайды.";

      115-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115-2. Пробация қызметі сотталғаннан хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сотталғанның хабарламада көрсеткен тұрғылықты жері немесе əкiмшiлiк-аумақтық бірліктің атауы бойынша Пробация қызметіне МОИП арқылы хабарлайды.

      Хабарламада сотталғанның деректері, келген күні және тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі, ал тұрғылықты жерін ауыстырған кезде жеке, бақылау және жинақ істері сотталғаннан хабарлама алған күннен бастап ОАДБ арқылы екі жұмыс күні ішінде жолданады.

      Пробация қызметі тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты Пробация қызметінен ОАДБ арқылы жеке, бақылау және жинақ істерінің келіп түскен күнінен бастап демалыс және мереке күндерін есептемегенде бір тәулік мерзімде есепке қоюды жүзеге асырады.";

      122-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) сотталғанның жеке, бақылау істерін қабылдағаны және жаңа тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметінің есебіне қойылғаны туралы ОАДБ-ға хабарлама не растау;";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Жаза өтеу мерзiмi аяқталғанға дейiн Пробация қызметі қызмет көрсететiн аумақтан тұрғылықты жерiн ауыстыруына байланысты кеткен адамдарға жаңа тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметіне хабарлама жолдайды. Егер Пробация қызметінің орналасқан жерi белгісіз болса, хабарлама тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне (бұдан әрі - ҚАЖД) орындау үшін жолданады.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Сотталғандардың жеке, бақылау не жинақ iстерi тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы сотталғаннан хабарлама алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ОАДҚ және тапсырыс поштасы арқылы, ал түзеу жұмыстарына сотталғандарға қатысты есепке алу карточкаларының көшірмелері мөрмен расталып және Пробация қызметі бастығының қолы қойылып, МОИП және тапсырыс поштасы арқылы жолданады.

      Сотталғандардың жаңа тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі бақылау, жеке не жинақ істерін, сондай-ақ есепке алу карточкасының көшірмесін алғаны туралы бір жұмыс күні ішінде МОИП арқылы жеке істі және есеп карточкасын тапсырыс поштасымен қабылдағаны туралы хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді:

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев