ЗҚАИ-ның ескертпесі!
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 1-қосымша |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептілігінің тізбесі Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептілігі мыналарды қамтиды:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есеп;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-1
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша
Ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей.
Нысан | |
(мың теңгемен) |
№ | Баптардың атауы | Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Төленген жарғылық капитал | |
2 | Қосымша капитал | |
3 | Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
4 | Өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер | |
5 | Есепті кезеңнің бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
6 | Негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау | |
7 | Микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері заңды тұлғалар (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттемесі түріндегі реттелген борыш | |
8 | Микроқаржы ұйымының негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер | |
9 | Заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне инвестициялар | |
10 | Микроқаржы ұйымының есептік меншікті капиталы | |
11 | Микроқаржы ұйымының балансы бойынша активтер | |
12 | Кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер | |
13 | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) (k1 есептеу үшін) | |
14 | K1 меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті | |
15 | Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдындағы жиынтық берешегі (микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылғанды қоса алғанда) | |
16 | Берілген микрокредиттер бойынша нақты құрылған провизиялардың сомасы (k2 есептеу үшін) | |
17 | Қарыз алушының Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген аффинирленген бағалы металдар түрінде қамтамасыз етуі | |
18 | Қарыз алушының Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түрінде қамтамасыз етуі | |
19 | k2 бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициенті | |
20 | Микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері | |
21 | k3 левередж коэффициенті |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________
Телефоны ___________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) телефоны
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
__________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есеп (индекс – PN-1, кезеңділігі – тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Микроқаржы ұйымы Нысанды тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 15, 16, 17, 18 және 19-жолдарында микроқаржы ұйымының алдындағы ең жоғары жиынтық берешегі бар қарыз алушы бойынша ақпарат көрсетіледі.
6. Нысанның 14, 19 және 21-жолдарында үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: R_MRZ
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша
Ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей
Нысан | |
(мың теңгемен) |
№ | Қарыз алушының атауы | Жеке сәйкестендіру номері, бизнес-сәйкестіндіру нөмірі | Қарыз (микрокредит) бойынша талаптардың сомасы | |||
Негізгі борыш | Есептелген сыйақы | Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар және өсімпұлдар) | Дисконт (сыйлықақы) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиынтығы: |
кестенің жалғасы:
Қамтамасыз ету | |||
Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы | Баланстық құны | Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген аффинирленген бағалы металдар | Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері |
8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы:
Есепті кезеңде қарыз (микрокредит) бойынша баланстан есептен шығару | Дебиторлық берешек бойынша талаптар сомасы | Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдындағы жиынтық берешегі (микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылғанды қоса алғанда) | ||||
Негізгі борыш | Есептелген сыйақы | Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар және өсімпұлдар) | Дебиторлық берешек | Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы | Баланстық құны | |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________
Телефоны ___________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________
Орындаушы _____________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) телефоны
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
__________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
_________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп (индекс – R_MRZ, кезеңділігі – тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Микроқаржы ұйымы Нысанды тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда есепті күні басқа қарыз алушылармен салыстырғанда ең жоғары жиынтық берешегі бар бір қарыз алушы бойынша микроқаржы ұйымының деректері көрсетіледі.
6. Егер есепті күні бірнеше қарыз алушы бойынша ең жоғары жиынтық берешек бірдей шаманы құрайтын болса, онда Нысанда осы қарыз алушылардың бірі (кез келгені) бойынша ғана деректер көрсетіледі.
7. Нысанды толтырған кезде "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының 27-бабы 3) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердің нормалары, лимиттері және әдістемесіне сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.
8. Нысанның 5 және 13-бағандарында есептелген, бірақ өтелмеген (алынбаған) сыйақы сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: USK-K3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша
Ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік серіктестік, ломбард
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей
Нысан | |
(мың теңгемен) |
№ | Баптардың атауы | Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Төленген жарғылық капитал | |
2 | Қосымша капитал | |
3 | Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
4 | Өткен жылдардың таза пайдасы есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер | |
5 | Есепті кезеңнің бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
6 | Негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау | |
7 | Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері заңды тұлғалар (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттеме түріндегі реттелген борыш | |
8 | Негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер | |
9 | Заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне инвестициялар | |
10 | Есептік меншікті капитал | |
11 | Жиынтық міндеттемелер | |
12 | Кредиттік серіктестіктің ұлттық басқарушы холдингтердің және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг еншілес ұйымдарының алдындағы міндеттемелері | |
13 | k3 левередж коэффициенті |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________
Телефоны ___________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________
Орындаушы ________________________________________ _________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) телефоны
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ __________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
___________________________________________ __________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп (индекс – USK-K3, кезеңділігі – тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Кредиттік серіктестік және ломбард Нысанды тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 12-жолы бойынша деректерді тек қана кредиттік серіктестіктер толтырады.
6. Нысанның 13-жолында үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 5-қосымша |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептілікті ұсыну қағидалары "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормаларды және лимиттердi орындау туралы есептілікті оның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – уәкілетті органның филиалы) ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей уәкілетті органның филиалына электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.
3. Кредиттік серіктестік, ломбард тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей уәкілетті органның филиалына электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті ұсынады.
4. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
5. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда сақталады.
6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның электрондық форматта ұсынылатын есептілігі деректерінің қағаз тасымалдағыштағы деректерге сәйкестігін бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қамтамасыз етеді.