Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 862 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қарашада № 19645 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ 862 бұйрығымен
бекітілген

Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) алдын ала сынақтар - тәжірибелік үлгілерді қабылдау сынақтарына ұсыну мүмкіндігін айқындау үшін оларды бақылау сынақтары;

      2) әзірлеуші ұйым - тәжірибелік бұйымды өндіру арқылы жобаны ой-ниет деңгейінен оны техникалық іске асыруға дейін әзірлеуді жүргізетін ұйым;

      3) әскери техника - жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен әскери-көмекші кемелер), әскери әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жарақтандырылатын корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;

      4) конструкторлық құжаттама - бұйымның құрамы мен құрылғысын айқындайтын және оның сапасын қадағалауға, қабылдауға, пайдалануға, жасауға, жөндеуге және кәдеге жаратуға қажетті мәліметтерді қамтитын конструкторлық құжаттардың жиынтығы;

      5) қабылдау комиссиясы - тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыс нәтижелеріне кешенді тексеру мен бағалауды жүргізетін алқалы орган;

      6) қабылдау сынақтары - бұйымдарды мақсатына қарай пайдалану жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін қабылдауға дайын тәжірибелік үлгілерді бақылау сынақтары;

      7) қару-жарақ - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;

      8) құрамдас бөліктерді өндіруші - тәжірибелік үлгілер өндірушінің өндіруі мүмкін емес болған жағдайда тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөліктерді өндіруші кәсіпорын немесе басқа заңды немесе жеке тұлға;

      9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары;

      10) тапсырыс беруші - мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттік ұйымдар, заңды тұлғалар (оның ішінде акцияларының елу және одан көбірек процентi мемлекетке тиесілі мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар), сондай-ақ жеке тұлғалар;

      11) тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар-техникалық тапсырма және/немесе тактикалық-техникалық тапсырма бойынша орындалатын тәжірибелік үлгілерге және/немесе тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігіне конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілердің және/немесе тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөліктерінің бұйымын дайындау және сынау жөніндегі жұмыстар кешені;

      12) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға тактикалық-техникалық тапсырма - тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға, тәжірибелік үлгілерге және/немесе құрамдас бөлігіне тапсырыс беруші бекітетін және тактикалық-техникалық талаптар кешенін, сондай-ақ тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарының мазмұнының, көлемінің және орындалу мерзімдерінің талаптарын белгілейтін бастапқы техникалық құжат;

      13) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберіндегі тәжірибелік үлгі – осындай үлгінің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық ерекшелікке, тактикалық-техникалық тапсырмаға) сәйкестігін сынау жолымен тексеру үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қос мақсаттағы (қолданылатын) тауарлардың (өнімдердің) үлгісімемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығына, сондай-ақ қызметке қабылдау және кейіннен сериялық өндіріске беру мүмкіндігін анықтау;

      14) тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігі - ортақ конструкторлық шешіммен (схемалық шешіммен) біріктірілген және бір немесе бірнеше функционалдық міндеттерді орындауға арналған құрамдас бұйымдар (бұдан әрі - құрамдас бөліктер);

      15) тәжірибелік үлгілер өндіруші - техникалық тапсырмаға немесе тактикалық-техникалық тапсырмаға сәйкес әзірлеуші ұйыммен техникалық тапсырма негізінде тәжірибелік үлгілерді өндіруші кәсіпорын немесе басқа заңды немесе жеке тұлға;

      16) техникалық бақылау бөлімі - өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды тәуелсіз жүргізетін және тұтынушыға бұл сәйкестікке кепілдік беретін өндіруші ұйымның (кәсіпорынның) дербес бөлімшесі;

      17) техникалық тапсырма - тапсырыс беруші бекітетін тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға, тәжірибелік үлгілерге немесе құрамдас бөліктерге техникалық талаптар кешенін, сондай-ақ мазмұнының, көлемінің және орындалу мерзімдерінің талаптарын белгілейтін бастапқы техникалық құжат.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.12.2023 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тәжірибелік үлгілер сынақтардың объектісі болып табылады.

      Тәжірибелік үлгілер келесіге бөлінеді:

      1) тапсырыс берушінің және/немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының тактикалық-техникалық тапсырмасы (техникалық тапсырма) бойынша әзірленетін қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілеріне, жүйелеріне, кешендеріне және олардың құрамдас бөлігіне;

      2) қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің (жүйелерінің, кешендерінің) жоғарыда көрсетілген құрамдас бөліктеріне, оның ішінде әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасы бойынша әзірленетін әскери техниканың бағдарламалық құралдарына (бұдан әрі - бағдарламалық құралдар) бөлінеді.

      Оқу-жаттығу құралдары мен имитациялық-стендтік жабдықтары да, егер оларды әзірлеу тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасында немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының тактикалық-техникалық тапсырмасында немесе әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасында көзделген болса, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріне (жүйелеріне, кешендеріне) немесе олардың құрамдас бөліктеріне жатады.

      4. Тәжірибелік үлгілер мынадай:

      1) алдын ала;

      2) қабылдау санаттарындағы сынақтарға бөлінеді.

      Сынақтардың әрбір санаты бірнеше сатыда жүргізілуі мүмкін.

      5. Сынақтар тапсырыс берушімен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша әзірлеуші ұйым әзірлейтін тиісті бағдарламалар мен әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.

      Олардың мазмұны, құрылысы және ресімделуі аталған Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Сынақ сынақтар жүргізу орындарының дайындығы тексерілгеннен кейін жүргізіледі (полигондар немесе сынақ орталықтары және т.б.).

      6. Алдын ала және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссия және әзірлеуші ұйым сынақтың нәтижелерін бағалаудың толықтығына, анықтығына және әділділігіне, сондай-ақ ақпараттың толықтығына және белгіленген мерзімдерде орындалуына жауап береді.

      Сынақтарды жүргізу басталғанға дейін мынадай:

      1) тактикалық-техникалық тапсырма (техникалық тапсырма) және бағдарламалар мен әдістемелерде көрсетілген сынақтарға сәйкес сынақ шарттары мен режимдерін жасауға кепілдік беретін материалдық-техникалық және метрологиялық қамтамасыз ету құралдарының сынақ жүргізу орнында болуын, жарамдылығын және дайындығын;

      2) cынақ жүргізуге рұқсат етілген жеке құрамды (қызмет көрсететін персоналды) оқытуды, ал қажет болған жағдайда аттестаттауды;

      3) алдын ала және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияны тағайындауды және оның жұмысы үшін қажетті жағдай жасауды туғызуды немесе комиссия тағайындалмайтын болса тиісті ұйымдарды (кәсіпорындарды) және оның бөлімшелері мен қызметтерін тағайындауды көздейтін сынақтарды дайындау жөніндегі іс-шаралар аяқталуы тиіс;

      Қабылдау сынақтарына ұсынылатын конструкторлық құжаттаманың жинақтылығы тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының келісуі бойынша белгіленеді, ал алдын ала сынауға ұсынылатын конструкторлық құжаттама жинақтылығы әзірлеуші ұйым айқындаған тізбеге сәйкес келуі тиіс.

      Бағдарламалық құжаттаманың жинақтылығын оның әзірлеушісі тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының келісуі бойынша белгілейді.

      Әзірлеуші ұйым тәжірибелік үлгілерді қажетті конструкторлық, нормативтік, бағдарламалық және анықтамалық құжаттама жиынтығымен сынақ жүргізу орнына жеткізуді уақтылы қамтамасыз етеді.

      7. Егер сынақтардың тактикалық-техникалық тапсырмасы (техникалық тапсырмасы) немесе бағдарламалар мен әдістемелерде өзгеше тәртіп айтылмаса, тәжірибелік үлгілердің құрамына кірмейтін басқа бұйымдармен бірлескен жұмыс үшін арналған тәжірибелік үлгілерді осы бұйымдармен немесе олардың баламаларымен функционалдық байланыста сынайды.

      8. Алдын ала және қабылдау сынақтары тәжірибелік үлгілер бірлігінде жүргізіледі.

      Егер бағдарламалар мен әдістемелердің сынау талаптарымен көзделген болса, тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөліктеріне сынақ жүргізуге жол беріледі.

      9. Сынақтар процесінде сынақтардың барысы мен нәтижелерін бағдарламалар мен әдістемелерде көзделген мерзімдерде және нысандар бойынша тіркейді.

      Сынақтарды тоқтатудың негіздемелері:

      1) тәжірибелік үлгілердің тактикалық-техникалық тапсырмасы (техникалық тапсырмасы) немесе конструкторлық құжаттаманың талаптарына, ал бағдарламалық құралдардың бағдарламалық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) сыналып жатқан тәжірибелік үлгілердің істен шығуы болып табылады.

      Тәжірибелік үлгілерді сынақтан өткізуді тоқтату алдын ала және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияларының мүшелері қол қойған актісімен ресімделеді және тапсырыс берушіге немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыға, шешім қабылдау үшін комиссия тағайындаған әзірлеуші ұйымға жіберіледі.

      Сынақтың нәтижелері сынақтың бағдарламалар мен әдістемелерінің орындалуын растайтын және сынақтың нәтижелерінің бағасын құрайтын актімен ресімделген болса ғана олар аяқталған болып есептеледі.

      Сынақтардың нәтижелерін бағалау сынақтардың теріс нәтижелері кезінде орындалмаған тактикалық-техникалық тапсырма (техникалық тапсырма) талаптарын көрсете отырып, олардың біржақты түсінуін қамтамасыз ететін нақты, дәл тұжырымдарды, жою жолдары және анықталған кемшіліктерді жоюды тексеру тәртібін қамтуы тиіс.

      10. Сынақ жүргізу қажетті материалдық-техникалық және метрологиялық құралдармен (жұмыс орындарымен, сынау құралдарымен, сынауға арналған құрылғылармен, шығыс материалдарымен, өлшеу және бақылау құралдарымен, оның ішінде сынаудың бағдарламалық жасақтамасымен, егер бұл сынаудың бағдарламалар мен әдістемелерде көзделген болса және т.б.), сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналмен, көлік құралдарымен және күзетпен қамтамасыз етіледі.

      11. Тәжірибелік үлгілерді дайындаушыда сынақ жүргізу кезінде қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді тәжірибелік үлгілерді әзірлеуші ұйым жүзеге асырады.

      Сынақтарды полигондардарда және тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының басқа сынақ ұйымдарында немесе өнеркәсібінде жүргізген жағдайда, олардың иелігіндегі қажетті материалдық-техникалық және метрологиялық құралдармен қамтамасыз етуді тапсырыс беруші немесе қорғаныстық тапсырысты алушы жүргізеді.

      Олар полигондарда және ұйымдарда болмаған жағдайда, егер сынақтың бағдарламалар мен әдістемелерінде (шартта) немесе сынаққа қатысушы тараптардың бірлескен шешімімен өзге тәртіп көзделмеген болса, қажетті материалдық-техникалық, метрологиялық құралдармен, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз етуді әзірлеуші ұйым жүргізеді.

      12. Сынақты метрологиялық қамтамасыз етуді метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

      Сынақтардың, өлшемдердің және бақылаудың қолданылатын құралдары сынақтың тиісті бағдарламалар мен әдістемелер талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сынақтарды жүргізу кезінде көрсетілген құралдарды қолдану және өлшеу мен бақылауды жүргізу дұрыстығы қамтамасыз етіледі.

      Сынақтардың, өлшемдердің және бақылаудың құралдарына белгіленген мерзімде метрологиялық аттестаттаудан (тексерістен) өтпеген құралдар қолданылмайды.

2-тарау. Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидалары

1-бөлік. Тапсырыс берушінің техникалық тапсырысы немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының тактикалық-техникалық тапсырмасы бойынша әзірленетін тәжірибелік үлгілерге сынақты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      13. Тәжірибелік үлгілердің алдын ала сынақтарын әзірлеуші ұйым ұйымдастырады.

      14. Тәжірибелік үлгілердің техникалық тапсырысы немесе тактикалық-техникалық тапсырмасының талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында, сондай-ақ қабылдау сынақтарын жүргізуге арналған үлгілердің дайындығын айқындау үшін алдын ала сынақтар жүргізіледі.

      15. Алдын ала сынақтарға техникалық бақылау бөлімі қабылдаған тәжірибелік үлгілер жасалады.

      16. Сапасы қабылдау сынақтарының нәтижелерімен расталатын алдын ала сынақтарға арналған тәжірибелік үлгілер құрамдас бөліктері тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының тактикалық-техникалық тапсырмасы бойынша әзірленетін болса, егер құрамдас бөліктер әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасы бойынша әзірленетін болса, құрамдас бөліктермен жиынтықталады.

      17. Әзірлеуші ұйым тәжірибелік үлгілердің алдын ала сынақтарға дайындығы туралы тапсырыс берушіге немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Тәжірибелік үлгілердің алдын ала сынақтарға дайын екендігі туралы хабарлама жолдайды.

      18. Хабарламаны ескере отырып, әзірлеуші ұйым және тапсырыс беруші немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы алдын ала сынақтардың басталғаны туралы келісілген шешім қабылдайды.

      Әзірлеуші ұйым тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының келісімімен алдын ала сынақтарды жүргізу жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрықты әзірлейді және бекітеді.

      19. Алдын ала сынақтарды жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына әзірлеуші ұйымның өкілдері, тәжірибелік үлгілерді дайындаушылар, тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

      Алдын ала сынақтарды жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы болып әзірлеуші ұйымның өкілі тағайындалады.

      20. Алдын ала сынақтардың қорытындылары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Тәжірибелік үлгілердің алдын ала сынақтарының актісі (тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігі) (бұдан әрі - Алдын ала сынақтар актісі) және сынақтың бағдарламалар мен әдістемелерде көзделген өзге де құжаттармен ресімделеді.

      Алдын ала сынақтар жүргізу жөніндегі комиссия әзірлеуші ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қоятын және бекітетін алдын ала сынақтар актісін келіседі.

      21. Тәжірибелік үлгілерді қабылдау сынақтарын тапсырыс беруші немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы ұйымдастырады.

      22. Қабылдау сынақтары нақты әскери пайдалануға барынша жақын жағдайда техникалық тапсырысының немесе тактикалық-техникалық тапсырмасының талаптарына тәжірибелік үлгілердің жауынгерлік, техникалық және пайдалану сипаттамаларының сәйкестігін тексеру және растау, сондай-ақ тәжірибелік үлгілерді қаруландыруға (жабдықтауға) қабылдау мүмкіндігі және оны өнеркәсіптік өндірудің орындылығы туралы ұсынымды беру мақсатында жүргізіледі.

      23. Қабылдау сынақтары тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының сынақ полигондарында және сынақ ұйымдарында, зертханаларда, полигондарда және өнеркәсіптің сынақ орталықтарында жүргізіледі.

      24. Қабылдау сынақтарына әзірлеуші ұйым техникалық тапсырмада немесе тактикалық-техникалық тапсырмада көзделген конструкторлық құжаттамаға сәйкес жасақталған, конструкторлық құжаттама жиынтығын, тәжірибелік үлгілерге кіретін есептеуіш құралдардың бағдарламалық қамтылымын және егер ол техникалық тапсырыста немесе тактикалық-техникалық тапсырмада көзделген болса, басқа да қажетті құжаттамамен ұсынылатын тәжірибелік үлгілерді береді.

      25. Әзірлеуші ұйым уақтылы және сапалы сынақтарды жүргізу үшін барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізеді.

      26. Қабылдау сынақтарына ұсынылған тәжірибелік үлгілердің сапасы сынақтардың бағдарламалар мен әдістемелердің толық көлемде жүргізілген алдын ала сынақтарды оң нәтижелерімен расталады.

      Тәжірибелік үлгілерді техникалық бақылау бөлімі және тапсырыс беруші немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы, алдын ала сынақтар нәтижелері бойынша түзетілген жұмыс конструкторлық құжаттама талаптарына сәйкес қабылдайды.

      27. Әзірлеуші ұйым тапсырыс берушіні немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыны тәжірибелік үлгілердің қабылдау сынақтарына дайын екендігі туралы 3-қосымшаға сәйкес Тәжірибелік үлгілердің (тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігінің) қабылдау сынақтарына дайындығы туралы хабарлама (бұдан әрі - Қабылдау сынақтарына дайын екендігі туралы хабарлама) жолдайды.

      28. Тапсырыс беруші немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы хабарламаны алған соң әзірлеуші ұйымға қабылдау сынақтарын жүргізу мүмкіндігі туралы өз шешімін техникалық тапсырмада немесе тактикалық-техникалық тапсырмада (шартта) көрсетілген мерзімде жолдайды.

      29. Әзірлеуші ұйымның хабарламасы негізінде қабылдау сынақтарын қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссия жүргізеді.

      Қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссия тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бұйрығымен тағайындалады.

      30. Қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссия құрамын тапсырыс беруші немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы айқындайды.

      31. Қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссия сынақтың бағдарламалары мен әдістемелеріне сәйкес белгіленген мерзімде сынақтарды жүргізіп сынақ нәтижесі бойынша 4-қосымшаға сәйкес бойынша Тәжірибелік үлгілердің (тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігінің) қабылдау сынақтарының актісін (бұдан әрі - Қабылдау сынақтарының актісі) жолдайды .

      Актіге сынақ кезінде алынған нәтижелерді растайтын және актіде келтірілген тұжырымдар мен ұсынымдарды растайтын қажетті материалдар (сынақ хаттамалары) қоса беріледі.

      Қабылдау сынақтарының актісін қабылдау комиссиясы келіседі. Қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.

2-бөлік. Әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасы бойынша әзірленетін тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөліктеріне сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      32. Алдын ала сынақтарды құрамдас бөлікті әзірлеуші ұйымдастырады.

      33. Сынақтар құрамдас бөліктің техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін алдын ала бағалау, сондай-ақ қабылдау сынақтарын жүргізуге құрамдас бөліктің дайындығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

      34. Техникалық бақылау бөлімі және тапсырыс беруші немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы қабылдаған құрамдас бөлік құрамдас бөлікті әзірлеушіде дербес, ал қажет болған жағдайда тәжірибелік үлгілердің аналогында (жұмыс макетінде) тапсырыс берушімен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісілген сынақ бағдарламалар мен әдістемелеріне сәйкес алдын ала сынақтарға ұшырайды.

      35. Тәжірибелік үлгілердің аналогының құрамдас бөлігіне (жұмыс макетіне) сынақ жүргізу кезінде және құрамдас бөлікті әзірлеуші жүргізетін сынақтарға үлгіні әзірлеуші ұйым қатысуы қажет болған жағдайда, құрамдас бөлікті әзірлеуші әзірлеуші ұйымға хабарлама Қабылдау сынақтарына дайын екендігі туралы хабарлама жолдайды.

      Құрамдас бөлікті әзірлеуші әзірлеуші ұйымды алдын ала сынаққа дайын екендігі туралы хабарлайды.

      36. Құрамдас бөлікті әзірлеуші әзірлеуші ұйыммен келісім бойынша алдын ала сынақты тағайындау және жүргізу туралы бұйрықты әзірлейді және бекітеді.

      37. Сынақтар жүргізу жөніндегі комиссия құрамына әзірлеуші ұйым және құрамдас бөлікті дайындаушы, және қажет болған жағдайда тапсырыс беруші немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы атынан өкілдері енеді.

      Алдын ала сынақтар актісін алдын ала сынақтар жүргізу жөніндегі комиссия келісіліп және әзірлеуші ұйымның төрағасы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойып бекітеді.

      38. Құрамдас бөліктердің қабылдау сынағын тәжірибелік үлгілер аналогтарына немесе жұмыс макетіне жүргізіледі.

      Құрамдас бөліктерді қабылдау сынақтарын әзірлеуші ұйымның қатысуымен құрамдас бөлікті дайындаушы ұйымдастырады.

      Тәжірибелік үлгілерді әзірлеушінің келісімі бойынша құрамдас бөліктері сынақтарының жекелеген түрлері тиісті сынақтар бағдарламаларында көзделген алдын ала сынақтардан өтетін тәжірибелік үлгілерді сынау кезінде жүргізіледі.

      39. Қабылдау сынақтары құрамдас бөліктер сипаттамаларының техникалық сипаттама талаптарына сәйкестігін тексеру және растау, құрамдас бөліктерді тәжірибелік үлгілерге орнату мүмкіндігін айқындау мақсатында, сондай-ақ, егер бұл тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарын орындау құжаттарында көзделген болса, құрамдас бөліктерді өнеркәсіптік өндірудің орындылығы туралы шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі.

      40. Қабылдау сынағына ұсынылатын құрамдас бөліктердің сапасы сынақтың бағдарламалар мен әдістемелеріне толық көлемде жүргізілген алдын ала сынақтың оң нәтижелерімен расталады.

      Әзірлеуші ұйымның техникалық тапсырмасы бойынша әзірленетін құрамдас бөліктерді, оның ішінде бағдарламалық құралдарды алдын ала сынақтар нәтижелері бойынша түзетілген, конструкторлық және бағдарламалық құжаттама сәйкестігіне құрамдас бөлікті әзірлеу кезінде техникалық бақылау бөлімі және тәжірибелік үлгіні әзірлеуші ұйым қабылдайды.

      41. Құрамдас бөлікті әзірлеуші құрамдас бөліктің қабылдау сынақтарына дайын екендігі туралы тәжірибелік үлгілерді әзірлеуші ұйымды Қабылдау сынақтарына дайын екендігі туралы хабарлама негізінде хабарлайды.

      42. Құрамдас бөліктердің қабылдау сынақтарын жүргізуді бастауға мынандай құжаттардың: тәжірибелік үлгілерді әзірлеуші ұйымның (құрамдас бөлікті әзірлеуші) бұйрығы немесе тәжірибелік үлгіні әзірлеуші ұйымның, құрамдас бөлікті әзірлеуші комиссияны тағайындау және қабылдау сынақтарын жүргізу туралы бірлескен бұйрығының, сынаққа дайын екендігі туралы хабарламаның және ол бойынша қорытындының болуы негіз болады.

      Әзірлеуші ұйымның комиссияны тағайындау туралы және қабылдау сынақтарын жүргізу туралы бұйрығын құрамдас бөлікті әзірлеушінің келісімімен әзірлеуші ұйым әзірлейді.

      Тәжірибелік үлгілерді әзірлеуші ұйымның комиссияны тағайындау туралы және қабылдау сынақтарын жүргізу туралы бұйрығына әзірлеуші ұйым басшысы қолды қояды.

      43. Сынақтар комиссияның қатысуымен өткізеді. Комиссия төрағасы болып тәжірибелік үлгіні әзірлеуші ұйымның өкілі тағайындалады.

      45. Қабылдау комиссиясы сынақтардың бағдарламалар мен әдістемелерде белгіленген мерзімде сынақтарды жүргізеді және Қабылдау сынақтарының актісін жасайды, оның ішінде құрамдас бөліктің техникалық деңгейіне қысқаша бағалау, осы құрамдас бөліктің өнеркәсіптік өндірісінің орындылығы туралы ұсынымдар, оның сынақ нәтижелері бойынша қорытындылары мен тұжырымдары келтіріледі.

      Актіге сынақ кезінде алынған нәтижелерді растайтын және актіде келтірілген тұжырымдар мен ұсынымдарды негіздейтін қажетті материалдар қоса беріледі.

  Тәжірибелік-конструкторлық
және технологиялық
жұмыстардың
нәтижелеріне сынақтар
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Тәжірибелік үлгілердің алдын ала сынақтарға дайын екендігі туралы хабарлама

  _____________________
(белгісі қажет болған жағдайда)
№ ___ дана
Бастапқы. Қайталама.
(керек емесін сызып тастау)

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның, кәсіпорынның белгілері, тегі, аты-жөні)

      ______________________________________________________________________ басшысына

      (пошталық мекенжайы)

      Сізге № __________, ____________ санында _________ алдын ала сынауларға дайындығы туралы хабардар етеміз.

      Көрсетілген бұйымдар конструкторлық құжаттамаға, оның ішінде №____ техникалық шарт (бұдан әрі - ТШ) жобасына сәйкес келеді және алдын ала сынақтарды жүргізу үшін жарамды деп танылды.

  ___________________
Әзірлеуші ұйымның
бірінші басшысы
____________________
Қолы, аты-жөні, тегі
20__ ж. "___" ______
Тәжірибелік-конструкторлық
және технологиялық
жұмыстардың нәтижелеріне
сынақтар жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Тәжірибелік үлгілердің алдын ала сынақтарының актісі (тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігі)

  __________________________
(белгісі қажет болған жағдайда)
№ ___ дана
20__ ж. "___"____________
№_____ шешіммен бекітілді
БЕКІТЕМІН
_____________________
Әзірлеуші ұйымның
бірінші басшысы
____________________
қолы, аты-жөні, тегі

      20__ж. "_"_______ №________ _______________________________________________

      (Комиссияны тағайындау туралы құжаттың атауы)

      сәйкес _________________________________________ кәсіпорны дайындаған

                              (кәсіпорынның шартты белгісі)

      ________________________________________________________________________________

      (тәжірибелік үлгілер бұйымының атауы индексі)

      Комиссия құрамы

      Төрағасы                              _____________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      _____________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      _____________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      20_ж. "_"_____ 20_ж. "__"________ аралығында №_____________

      __________________ алдын ала сынақтар жүргізді.

      (бұйымның атауы, индексі)

      __________________ әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша,

      (кәсіпорынның шартты белгісі)

      ________________________ _________________ келісілген және

      (ұйымның шартты белгісі), (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      _______________ _____ ______ бекітілген_________сынақтар жүргізілді. (ұйымның шартты белгісі), (лауазымы, тегі, аты-жөні) (сынақтар жүргізілген орын)

      1. Сынақ мақсаты ___________________________________________________________

      2. ________________________ алдын ала сынақтардың бағдарламасының барлық тармақтары бойынша сынақтардың нәтижелерін жазу.

      3. _________________________ алдын ала сынау жөніндегі комиссияның ұсынымдары

      4. Келесі сынақтарға ұсыну үшін бұйымның жарамдылығы туралы комиссиясының

      тұжырымдары___________________________________________________________________

      5. Жұмыс конструкторлық құжаттамаға "О" литерін беру туралы

      ұсынымдар______________________________________________________________________

      Қосымша:

      1. Сатып алынатын және бірлестіру тәртібінде алынатын бұйымдардың кіріс бақылауының нәтижелері.

      2. Сынақ хаттамалары.

      3. Анықталған бас тартулардың, ақаулардың, қателердің тізбесі және оларды жою бойынша ұсыныстар.

      4. Сынақ бойынша есеп (қажет болған жағдайда).

      5. Өзге де қажетті материалдар.

      Комиссия төрағасы

  _______________________
қолы, тегі, аты-жөні
20_ж. "___" _______

      Комиссия мүшелері

  _______________________
қолы, тегі, аты-жөні
20_ж. "___" _______
_______________________
қолы, тегі, аты-жөні
20_ж. "___" _______

      * Егер сынақтар нәтижесі бойынша жұмыс конструкторлық құжаттамасы түзетуі және тәжірибелік үлгілерді пысықтау қажет болса, 5-тармақ толтырылмайды.

  Тәжірибелік-конструкторлық
және технологиялық
жұмыстардың нәтижелеріне
сынақтар жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Тәжірибелік үлгілердің (тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігінің) қабылдау сынақтарына дайындығы туралы хабарлама

  _____________________
(белгісі қажет болған жағдайда)
№ ___ дана

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның, кәсіпорынның белгілері, тегі, аты-жөні, пошталық мекенжайы)

      ______________________________________________________________________басшысына

      ____________________________________________________________ дайын екендігі туралы

      (қабылдау сынағына)

      Сізді ____________________________________________________________ кәсіпорын

      (шартты белгісі)

      _______________ __________________________________ сәйкес хабардар етеміз.

      (әзірлеуші ұйым)            (құжаттың атауы)

      _______________________________________________________ негізінде әзірлеу жүргізілген

      және тактикалық-техникалық тапсырма (техникалық тапсырма) бекітілген

      ________________________________________________________________________________

      (тәжірибелік үлгілер бұйымының атауы, индексі)

      ___________________________ бұйым әзірленді

      № ________________ дайындалған тәжірибелік үлгілер бұйымдары және қосалқы

      құралсаймандар мен керек-жарақтар (бұдан әрі - ҚҚК) конструкторлық құжаттамаға, оның

      ішінде №_____ ТШ жобасына, тактикалық-техникалық тапсырма (техникалық тапсырма)

      талаптарына сәйкес келеді және қабылдау сынағын жүргізуге жарамды деп танылды.

      Бұйымның көрсетілген тәжірибелік үлгілері, ҚҚК және конструкторлық құжаттама

      әзірленді және__________________________ жүргізу үшін ұсынылады.

      (қабылдау сынақтары)

      Қосымша:

      1. 20_ж. "_"____№__ алдын ала сынақтар актісі.

      2. 20_ж. "_"____№__ сынақты қамтамасыз ету бойынша құралдардың дайын екендігі туралы акті.

      3. 20_ж. "_"____№__ конструкторлық құжаттаманы, тәжірибелік үлгілерді пысықтауды аяқтау және олардың сынаққа дайындығы туралы акті.

      4. 20_ж. "_"____№__ материалдық-техникалық қабылдау актісі.

      ___________________

  Әзірлеуші ұйымның
бірінші басшысы
_________________
(қолы, аты-жөні, тегі)
20_ж. "_"____
  Тәжірибелік-конструкторлық
және технологиялық
жұмыстардың нәтижелеріне
сынақтар жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Тәжірибелік үлгілердің (тәжірибелік үлгілердің құрамдас бөлігінің) қабылдау сынақтарының актісі

  _________________________
(белгі қажет болған жағдайда)
№ ___ дана
БЕКІТЕМІН
Тапсырыс берушінің
немесе мемлекеттік
қорғаныстық
тапсырысты алушының
басшысы
____________________

      ____________________ кәсіпорны әзірлеген және алдын ала сынақтар өткен

      _______________________________________ ___________ сынақтары

      (тәжірибелік үлгілер бұйымының атауы, индексі) (қабылдау)

      ________________________________________________________________________________

      (Комиссияны тағайындау туралы құжаттың атауы)

      ___________________________________________________________________ тағайындалған

      қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссия

      Құрамы:

      Төрағасы                              ______________ _________________

      (лауазымы)            (тегі, аты-жөні)

      Төрағаның                              ______________ __________________

      бірінші орынбасары                        (лауазымы)            (тегі, аты-жөні)

      Төрағаның                              _____________ _________________

      орынбасары                              (лауазымы)            (тегі, аты-жөні)

      Мүшелері:                              ______________ __________________

      (лауазымы)            (тегі, аты-жөні)

      20_ж. "_"_____ 20_ж. "__"________ аралығында №_____________

      __________________ алдын ала сынақтар жүргізді. (бұйымның атауы, индексі)

      __________________ әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша,

      (кәсіпорынның шартты белгісі)

      ________________________ _________________ келісілген және

      (ұйымның шартты белгісі), (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      _______________ _____ ______ бекітілген _________ сынақтар жүргізілді.

      (ұйымның шартты белгісі), (лауазымы, тегі, аты-жөні) (сынақтар жүргізілген орын)

      1. Бұйымның сипаттамасы және бұйымды әзірлеуге негіз болған

      құжаттардың атауы _________________________________________________________

      2. Сынақ мақсаты ___________________________________________________________

      3. Сынақ бағдарламасының барлық тармақтары бойынша сынақ

      нәтижелерін жазу___________________________________________________________

      4. Бағдарламалық құжаттама бойынша қорытынды_______________________________

      5. Пайдалану құжаттамасы бойынша қорытынды ________________________________

      6. Бағдарламалық сынақтарда көзделмеген қосымша сынақтардың нәтижелері

      бойынша тұжырымдар______________________________________________________

      7. Жекелеген ақауларды жойғаннан кейінгі қосымша сынақ нәтижелерін

      баяндау___________________________________________________________________

      8. Қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша комиссияның ұсыныстары

      (өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастыру және пайдалану кезінде есепке алу

      үшін) _____________________________________________________________________

      9. Комиссия тұжырымдары:

      ________________________________________________________________________________

      (сынақ нәтижелері: әзірленген бұйымның техникалық деңгейін

      бағалауды және тактикалық-техникалық тапсырма (техникалық тапсырма)

      ________________________________________________________________________________

      талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы, сынаққа ұшыраған обьектіні одан әрі пайдалану туралы,

      ________________________________________________________________________________

      сынақтың мақсаты мен нәтижелеріне байланысты басқа да деректер береді)

      Қосымша:

      1. Тәжірибелік үлгілердің және оның құрамдас бөліктерін алдын ала сынау нәтижелері бойынша актілер.

      2. Қабылдау сынақтарының хаттамалары (қажет болған жағдайда)

      3. Анықталған бас тартулардың, ақаулардың, қателердің тізбесі және оларды жою бойынша ұсыныстар.

      4. Қажет болған жағдайда қабылдау сынақтары жөніндегі комиссия есептері, оның ішінде: хаттамалар, графиктер, кестелер, фотосуреттер және сынақ процесінде ресімделген басқа да материалдар.

      5. Бұйымдарды сынау кезінде стендтік жабдықтарға және бақылау-өлшеу аспаптарына қойылатын талаптарға олардың сәйкестігі туралы қорытынды.

      6. Әзірленген бұйымның тактикалық-техникалық тапсырмасының (техникалық тапсырма)

      талаптарына сәйкестігінің ведомосі.

      Комиссия төрағасы

  _______________________
қолы, тегі, аты-жөні
20_ж. "___" _______

      Комиссия мүшелері

  _______________________
қолы, тегі, аты-жөні
20_ж. "___" _______
_______________________
қолы, тегі, аты-жөні
20_ж. "___" _______