"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 7 қарашадағы № 1235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19590 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінім, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақылар және жәрдемақылар) бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың атқарушылық құжаттарын орындау, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезіндегі жағдайларды қоспағанда, айына кем дегенде бір рет ұсынылады.";

      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Мемлекеттік мекемелердің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері, телерадио хабарларын тарату қызметтері) үшін төлеуіне жол беріледі.

      Ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша, өткен қаржы жылындағы желтоқсан үшін төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген көлік қызметтері және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне рұқсат етіледі.";

      224-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "224. Қағаз жеткізгіштегі және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот былайша ресімделеді:

      1) "№ төлеуге берілетін шот" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы – төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;

      2) "Күні" ашық жолағында төлеуге берілетін шот үзіндісінің күні көрсетіледі;

      3) "Мемлекеттік мекеме" бөлімінде:

      "ММ-нің коды" ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;

      "Атауы" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;

      "БСН" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте/анықтамада көрсетілген мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      "АҚБ" ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;

      "БСК" ашық жолағында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;

      4) тиісті жеке сәйкестендіру коды "ЖСК" ашық жолағында мыналар бойынша көрсетіледі:

      операцияларды есептеу үшін ҚБШ-да:

      мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көзіне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетіне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне) түсетін түсімдерді есепке алу;

      мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаны есепке алу және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;

      мемлекеттік мекемелер үшін қайырымдылық көмектен түсетін, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;

      мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;

      ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызу мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған шығыстарды жүргізу;

      5) "Қаржыландыру көзі" ашық жолағында қаражаты есебінен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін белгі көрсетіледі:

      1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебінен;

      2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатының есебінен;

      3 – мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен;

      4 – қайырымдылық көмектен түсетін ақша есебінен;

      5 – жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның есебінен;

      8 – ерекше шығыстардың есебінен;

      6) "Бюджет түрі" ашық жолағында қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін белгі көрсетіледі:

      01 – республикалық бюджет;

      02 – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджет;

      03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;

      06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті;

      7) "Шығыстардың БСК" ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады; онда кезектілікпен үш мәнді бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің кодтарын білдіретін он екі мәнді код көрсетіледі. Мемлекеттік мекеме БСК-ның заңды қолданылуын қамтамасыз етеді;

      8) "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды" мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды көрсетіледі;

      9) "Ақшаны алушы" бөлімінде:

      "Атауы" ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін ақшаны алушының атауы және жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарламаға/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға, жеке сот орындаушысы ретінде қызметін атқару құқығына уәкілетті орган берген лицензияға немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға сәйкес атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол беріледі;

      10) "ЖСН/БСН" ашық жолағында ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;

      11) "Банк" ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі;

      12) "БСК" ашық жолағында ақшаны алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;

      13) "ЖСК" ашық жолағында банктен ақша алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі;

      14) "Түсімдер БСК" ашық жолағында – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;

      15) "Төлем мәртебесі" ашық жолағында "ағымдағы" не "түпкілікті" деп көрсетіледі;

      16) "Төлемнің мақсаты" ашық жолағында: төлемнің мақсаты, құжаттың атауы, нөмірі мен күні (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе осының негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттардың күні төлеуге берілетін шотты қалыптастыру күнінен кеш болмауға тиіс. Және қосымша:

      тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - хабарламаның нөмірі мен күні;

      сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру - ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімінің не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтың, сот бұйрығының нөмірі мен күні;

      осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде мемлекеттік мекеменің заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің атауы мен БСН-і;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент еместердің шотына ұлттық валютада төлемдер жүргізген кезде - ақшаны соңғы алушы - резидент еместің атауы және деректемелері;

      Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны алу үшін төлеу шотын ұсыну кезінде комиссия шешімінің көшірмесі және құжаттардың көшірмесі (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат).

      Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ, ЭШФ АЖ, "Қазынашылық-клиент" АЖ интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылған төлеуге берілетін шотты алған жағдайда, "Төлем мақсаты" жолында ЭШФ-ден төлемнің мақсаты автоматты түрде көрсетіледі, бұл ретте хабарламаның нөмірі, күні және растайтын құжаттың нөмірі, күні көрсетілмейді;

      17) "Сомасы" ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетіледі;

      18) "Жазбаша сомасы" ашық жолағында - төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетіледі, тиын сомасы - санмен көрсетіледі;

      19) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Мөр орны" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедері қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.

      Мөр уақытша болмаған жағдайда құжаттар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне "Мөр орны" ашық жолағында "уақытша мөрсіз" деген белгімен мөрдің бедерісіз беріледі;

      20) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының басқы әріптері) көрсетіледі;

      21) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетіледі.";

      235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "235. Мемлекеттік мекемелердің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемдерді ағымдағы шоттарға немесе міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер ақша алушылардың жинақ шоттарына аудару жөніндегі төлемдер жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А "Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме" нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмені (бұдан әрі – үзінді көшірме) қалыптастырады. Үзінді көшірме операциялық күн жабылғаннан кейін қалыптастырылады. Үзінді көшірменің әрбір беті құжатты өңдеу күнін көрсете отырып, жауапты орындаушының қолымен, мөртабанының бедерімен расталады және осы Ереженің 221-тармағында көзделген құжаттармен бірге мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-да жұмыс істеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен келісім жасасқан мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілер 5-15А нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелерді дербес қалыптастырады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жазбаша келісімімен 5-15А "Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме" нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады.";

      378-19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-19. Қазынашылық қолдауға жататын объектілердің құрылысымен байланысты жасасқан шарт (қосымша келісімдер) аумақтық қазынашылық органында қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерге ашылған шоттың деректемелерін көрсете отырып қағаз тасығышта және "Қазынашылық-клиент" АЖ "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ интеграциясыз қалыптастырылған Өтінімге қоса беріледі.

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-де жасалған азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде ашылған қазынашылық сүйемелдеу кезінде бас мердігер шотының деректемелерін көрсете отырып, "Қазынашылық-Клиент" АЖ арқылы "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-ден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін беру жолымен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.";

      көрсетілген Ережеге 89-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министрдің м.а. Б. Шолпанкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 7 қарашадағы
№ 1235 бұйрығына
қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне
89-қосымша

Төлеуге берілетін шот № _______ Күні __ жылғы "___" ____________

Мемлекеттік мекеме

Ақша алушы

ММ коды

КОды


|КБе|

Атауы


Атауы


БСН


ЖСН/БСН


АҚБ


Банк


БСК


ЖСК


Қаржыландыру көзі


БСК


Бюджет түрі


ЖСК


Шығыстардың БСК


Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды


Түсімдер БСК

|ТМК|

Төлемнің мәртебесі




Төлемнің мақсаты

Сомасы

Жазбаша соммасы:

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты болған кезде _________________________________

      Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты болған кезде _____________________________

      Үлгі (1-жай, 2-қосымшамен зейнетақы (міндетті және кәсіптік) жарналары, 3-жалақы мен дивидендтерді аудару, 4-әлеуметтік аударымдар, 5 - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар); №_ электрондық шот-фактура (ЭШФ) негізінде № хабарламамен (ЖА) келісу.