Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 801 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 қазанда № 19529 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысанына:

      12-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) АЭА Қатысушысына Басқарушы компания ұсынатын қызметтер үшін сыйақы алуға;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Басқарушы компания:

      1) АЭА аумағында әрекет ететін АЭА қатысушыларының қызметін жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға;

      3) "бір терезе" қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі үшін қабылдау орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсету;

      4) АЭА аумағындағы мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы негізінде АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылғандығын Растауды беруге;

      5) осы шарт жасалғанға дейін АЭА қатысушысын басқарушы компанияның АЭА Қатысушысына АЭА аумағында қызмет көрсету талаптарымен таныстыруға міндетті. Бұл талап осындай қызметтер болған жағдайда ғана міндетті болып табылады.";

      15-тармақта:

      20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде басқарушы компанияға осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу және объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз ету кестесін беруге;";

      мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде басқарушы компаниямен АЭА Қатысушысына Басқарушы компания ұсынатын қызметтер көрсетуге шарт жасасуға құқылы. Осы талап АЭА қатысушысы осы шарт жасалғанға дейін қызмет көрсету талаптарымен танысқан және келіскен жағдайда міндетті болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов