Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 және "Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" 2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 778 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қазанда № 19496 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10571 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері";

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тексеруді 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тұрғын үй инспекциясын басқару";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін құру тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату";

      2) "Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14182 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанында:

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сенімгерлік басқарудың нысанасы Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттармен сенімгерлік басқаруға беріледі.";

      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Құрылтайшының Сенімгерлік басқару нысанасын Сенімгерлік басқарушыға беруді Шартқа қосымшаға және тіркеушіге Сенімгерлік басқару нысанасымен мәмілелерді тіркеуге жіберілген Тараптардың кері бұйрықтарына сәйкес нысан бойынша Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған Сенімгерлік басқару нысанасын қабылдау-тапсыру актісі негізінде Сенімгерлік басқару нысанасымен мәмілелерді Құрылтайшының тіркеушісінде тіркеу жолымен Тараптар жүзеге асырады.";

      шартқа қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы15 қазандағы
№ 778 бұйрығына
қосымша
  2019 жылғы
№ шартқа
қосымша

_____________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға қабылдау-тапсыру актісі

Нұр-Сұлтан қаласы

20__ жылғы "___" __________


      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын _____________________________ атынан ________ негізінде әрекет ететін _______________________ бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын _____________________________ атынан ________ негізінде әрекет ететін _______________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп, жеке – "Тарап" деп аталатындар, _____________ шешімі және 20__ жылғы "____" __________ №___ ______________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт негізінде осы ______________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға қабылдау-тапсыру актісін (бұдан әрі - __________) төмендегілер туралы жасасты:

      Құрылтайшы тапсырады, ал Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға мынадай сипаттағы ______________ акцияларын/қатысу үлестерін ______________ дана/жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы мөлшерінде қабылдап алады:

      Акционерлік қоғамдар үшін:

      акционерлік қоғамның атауы: ____________;

      акциялар түрі: ____________;

      акциялар саны: ____________ дана;

      акциялардың номиналды құны: ____________ теңге;

      Құрылтайшының жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы - ___%;

      ҰСН: _________________;

      ISIN: __________________;

      нысаны: құжаттамасыз;

      тіркеуші ____________.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:

       жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атауы - ______________;

      Құрылтайшының жарғылық капиталдағы үлесінің пайызы - ________%;

      үлестің номиналды құны (жарғылық капиталға салымы) - _________;

      тіркеуші - ____________.

      Осы ______________ акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға қабылдау-тапсыру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күшке ие төрт данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жасалды.

Тапсырды::

Қабылдап алды:

"Құрылтайшы"
________________________
Мөр орны (болған жағдайда)

"Сенімгерлік басқарушы
______________________
Мөр орны (болған жағдайда)