2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі осы бұйрықтың 1 – 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы |
Н.Онжанов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
_______________________________________
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына 1-ҚОСЫМША |
"Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты" мемлекеттік мекемесінің
азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушы персонал) | ||
А2 | 1 | Шаруашылық қызметінің басшысы |
1-1 | Шаруашылық қызметі басшысының орынбасары | |
А3 | 1 | Топ жетекшісі |
3 | Желілік басқару бойынша бас әкімгер | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары: мұрағатшы |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары: мұрағатшы | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары: мұрағатшы | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары: мұрағатшы | |
В3 | 1 | Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары: мұрағатшы |
2 | Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары: мұрағатшы | |
3 | Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары: мұрағатшы | |
4 | Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары: мұрағатшы | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: инженер-электрик, жылу энергетика инженері, мұздатқыш машиналардың және салқындатқыш құрылғылардың қызметі жөніндегі механик, мемлекеттік сатып алу жөніндегі консультант, заң кеңесшісі | |
С3 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: техник | |
D блогы (қосалқы персонал) | ||
D1 | Техникалық орындаушылар: рұқсаттама бюросының кезекшісі |
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына 2-ҚОСЫМША |
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президенті Кеңсесі бастығының 20.08.2020 № 20-42-3.3.11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушы персонал) | ||
А1 | 1-1 | Басшының орынбасары |
А2 | 1 |
Өкілдік басшысы, бөлім басшысы: әлеуметтік-экономикалық зерттеулер; әлеуметтік-саяси зерттеулер; халықаралық зерттеулер; әлеуметтанулық зерттеулер; ақпараттық-талдау жұмысы; кадр жұмысы және құжаттама; ұйымдастыру жұмысы. |
1-1 |
Бөлім басшысының орынбасары: ақпараттық-талдау жұмысы; кадр жұмысы және құжаттама; ұйымдастыру жұмысы. | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер |
2 | Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы | |
3 | Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы | |
4 | Ғылыми қызметкер, аға сарапшы, кеңесші | |
5 | Сарапшы | |
В блогы (өзге де салаларда) | ||
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал маманы: қорларды сақтаушы |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, инженер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, кадрлар және құжаттама жөніндегі инспектор, аудармашы, дизайнер |
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына 3-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім"
республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Президенті Кеңсесі бастығының 20.08.2020 № 20-42-3.3.11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына 4-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар
қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері
лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушы персонал) | ||
А1 | 1-1 | Басшының орынбасары |
А2 | 1 |
Қызмет басшысы: диагностика және талдау; шығармашылық сүйемелдеу; ақпараттық үйлестіру және күн тәртібін басқару. |
1-1 |
Қызмет басшысының орынбасары: диагностика және талдау; шығармашылық сүйемелдеу; ақпараттық үйлестіру және күн тәртібін басқару. | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 2 | Бас сарапшы |
3 | Жетекші сарапшы | |
4 | Кеңесші | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: кадр жұмысы жөніндегі инспектор, заңгер, экономист мемлекеттік сатып алу менеджері, бухгалтер |
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына 5-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14503 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 246 (28372) жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 18-42-3.3.4 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16453 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 11 ақпандағы № 19-42-3.3.6 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18350 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2019 жылғы 7 наурызда жарияланған).