"Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 757 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қазанда № 19459 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.04.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17968 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:

      "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-пен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      "Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18594 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 53/НҚ бұйрық) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жарамды лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;

      № 53/НҚ бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18605 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 54/НҚ бұйрық) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жарамды лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;

      № 54/НҚ бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 55/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18623 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55/НҚ бұйрық) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жарамды лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;

      № 55/НҚ бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі